Урок по казахскому языку Бай?о?ыр — ?арыш айла?ы (11 сынып)


«Қырым орта мектебі» КММ.
КГУ «Крымская средняя школа».
Қазақ тілі – 11-ші сынып.
Тақырыбы: «Байқоңыр – ғарыш айлағы». Етістіктің райлары.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі - Тауқанова Сұлушаш Сайымқызы.
2014 – 2015 оқу жылы.
2014 – 2015 учебный год.
Қазақ тілі 11-ші сынып 26.11.2014ж
Тақырыбы: Байқоңыр – ғарыш айлағы. Етістіктің райлары. Мақсаты:
Қазақ тілінде айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім әрекеттерін меңгерту;
Сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;
Оқушылардың қазақша ойлау, еркін сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту;
Тыңдағанды түсіну, оған жауап беру;
Қазақстан тарихына, ғылымына, тағы басқа ізгі құндылықтар мен қасиеттерге, Қазақстан мемлекеттілігіне құрметтеуге тәрбиелеу;
Туған жерге, елге, адамдарға сүйіспеншілік сезімін тудыру.
Көрнекіліктер: сөздік, грамматикалық кестелер, ғарышкерлердің портреттері, кластер, мақал-мәтелдер, газеттер, журналдар, презентациялар, жеке карточкалар. тест сұрақтары, бағалау парақтары. Пәнаралық байланыс: тарих, ғарыш ғылымы. Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес сабақ. Әдіс-тәсілдері: оқу, аудару, талдау, құрастыру, сұрақ-жауап, жазу, түсіндіру, тыңдау, монолог, ізденушілік, жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, салыстыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1 )Сынып кезекшімен диалог жүргізу; 2) сабаққа дайындықты тексеру; 3) сабақтың тақырыбымен таныстыру; 4) сабақтың мақсатын айтып шығу.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
«Антоним, синоним» ережелерді тексеру;
2)презентацияны қорғау.
ІІІ.Жаңа сабақ. 1.Сөздікпен жұмыс.
Жер серіктері – спутники, ғарыш айлағы – космодром, сұхбат – беседа, интервью, дерек – факт, сведения, Жердің тартылыс заңы – закон притяжения Земли, салынды – проложен, құпиялары – секреты, таңдап алынды – был выбран, тектен-текке – не просто так, ұшыру – взлету, жағдайы – условие, қажет етеді – требует, жақындығы – близость, тиімді – выгодная, қондыру – посадка, қауіпсіз – безопасный, жемісі – польза, плод, продукт.
2. «Байқоңыр – ғарыш айлағы» мәтінмен жұмыс істеу.
А) жұп, яғни Ануар мен Елена – мәтінді оқып аударады; ә) Ильнара – мәтінге байланысты 5 сұрақ құрастырады.
3.Төмендегі кестені салыстырмалы түрде толтыру.
Пайдасы Зияны
1.Байқоңыр – қуатты ел екеніміздің белгісі 1.Экологияға кері әсер етеді.
2.
3.
4. 2.
3.
4.
4.Төмендегі антоним сөздерді пайдаланып, жай сөйлемдер құраңдар.
Бар – жоқ, ерте – кеш, пайда – зиян, аз – көп.
І\/.Жаңа грамматикалық тақырып. Етістіктің рай категориясы.
ЕТІСТІК. 1.сөз табы 2.не істеді? Не қылды? 3.заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді 4.үш шақ категориясы бар: өткен шақ, осы шақ, келер шақ. 5.төрт рай категориясы бар.
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ.
АШЫҚ ШАРТТЫ БҰЙРЫҚ ҚАЛАУ
Етістік бір шақта -са, -се жұрнақтар І,ІІ,ІІІ жақта да негізгі етістікке + -ғы-гі, қы-кі болу керек арқылы жасалады қолданылады жұрнақтар+Т.Ж. + кел сөзі.
Мен барамын Барса, Мен барайын Менің барғы-м келеді Сен келдің келсе, Сен бар - 0 Сенің барғы-ң келеді Сіз жазасыз жазса Сіз барыңыз Сіздің барғы-ңыз келеді Ол жазып отыр сөйлессе Ол барсын Оның барғы-сы келеді
\/.Мәтіннен 5 етістікті теріп жазыңдар. Оларды түрлі рай категориясына айналдырып, жазу керек.
\/І.Кластер жасаңдар.
Байқоңыр


\/ІІ.Туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді келтіріңдер.
\/ІІІ. Қорыту. Ашық тесттің сұрақтарына жауап беру:
1. Ғарыш конструкторы кім?
2. Байқоңырдан ұшқан тұңғыш ғарышкері кім? Ол ғарышқа қай жылы ұшқан?
3. 1991 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?
4. Ғаршқа ұшқан қазақ азаматтары кімдер?
5. Етістіктің неше рай категориясы бар? Атап шық.
Бағалау: «5» - 5 жауап дұрыс, «4» - 4 жауап, «3» - 3 жауап, «2» - 2 жауап.
Бағалау парағы.
Бағалаудың өлшемі
Бекмухамбетов А Нурманова И Пилипенко Е
Презентацияны қорғай білу 5 5 4
Жауаптың дұрыстығы 4 5 3
Сөйлемдерді құрастыра білу 5 5 3
Дәлелдігі 3 5 3
Грамматикалық тапсырма 3 5 4
Мақал-мәтелдерді білу 3 5 3
Ассоциациялар арқылы сөздік қорын көрсету 4 5 3
Сұрақтарға жауап бере алу 5 5 3
Қорытынды баға 4 5 3
Үйге тапсырмасын беру: Мазмұндамаға дайындалу.
«Байқоңыр – ғарыш айлағы». Тапсырмалар:
І.Үй жұмысын тексеру:
1. «Антоним, синоним» ережелер 2. Презентацияларды қорғау: «Байқоңыр», «Т.Мұсабаев», «Т.Әубәкіров»
ІІ.Сөздікпен жұмыс:
ІІІ. «Байқоңыр – ғарыш айлағы» мәтінмен жұмыс істеу: 1-ші жұп - мәтінді оқып, аударыңдар 1оқушыға – мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыру.
І\/.Төмендегі кестені салыстырмалы түрде толтырыңдар.
Байқоңыр.
Пайдасы Зияны
1.Байқоңыр – қуатты ел екеніміздің белгісі. 1.Экологияға кері әсер етеді.
\/.Төмендегі антоним сөздерді пайдаланып, жай сөйлем құраңдар. Бар – жоқ, ерте – кеш, пайда – зиян, аз – көп.
\/І.Етістіктің райлары:
ЕТІСТІК. 1.сөз табы 2.не істеді? Не қылды? 3.заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді 4.үш шақ категориясы бар: өткен шақ, осы шақ, келер шақ. 5.төрт рай категориясы бар.
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ.
АШЫҚ ШАРТТЫ БҰЙРЫҚ ҚАЛАУ
Етістік бір шақта -са, -се жұрнақтар І,ІІ,ІІІ жақта да негізгі етістікке + -ғы-гі, қы-кі болу керек арқылы жасалады қолданылады жұрнақтар+Т.Ж. + кел сөзі.
Мен барамын Барса, Мен барайын Менің барғы-м келеді Сен келдің келсе, Сен бар - 0 Сенің барғы-ң келеді Сіз жазасыз жазса Сіз барыңыз Сіздің барғы-ңыз келеді Ол жазып отыр сөйлессе Ол барсын Оның барғы-сы келеді
\/ІІ..Мәтіннен 5 етістік теріп жазыңдар. Оларды түрлі рай категориясында айналдырып, жазыңдар.
\/ІІІ.Байқоңырға байланысты кластер жасаңдар.
Байқоңыр

ІХ.Туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді келтіріңдер.
Х.Ашық тестің сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Ғарыш конструкторы кім?
2. Байқоңырдан ұшқан тұңғыш ғарышкері кім? Ол ғарышқа қай жылы ұшқан?
3. 1991 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?
4. Ғаршқа ұшқан қазақ азаматтары кімдер?
5. Етістіктің неше рай категориясы бар? Атап шық.
Бағалау: «5» - 5 дұрыс жауабы, «4» - 4 жауап, «3» - 3 жауап, «2» - 2 жауап.
ХІ. Үй тапсырмасы: Осы мәтін бойынша мазмұндама жазуға дайындау.
Бағалау парағы.
Бағалаудың өлшемі
Бекмухамбетов А Нурманова И Пилипенко Е
Презентацияны қорғай білу Жауаптың дұрыстығы Сөйлемдерді құрастыра білу Дәлелдігі Грамматикалық тапсырма Мақал-мәтелдерді білу Ассоциациялар арқылы сөздік қорын көрсету Сұрақтарға жауап бере алу Қорытынды баға: Бағалаудың өлшемі
Бекмухамбетов А Нурманова И Пилипенко Е
Презентацияны қорғай білу Жауаптың дұрыстығы Сөйлемдерді құрастыра білу Дәлелдігі Грамматикалық тапсырма Мақал-мәтелдерді білу Ассоциациялар арқылы сөздік қорын көрсету Сұрақтарға жауап бере алу Қорытынды баға: Бағалаудың өлшемі
Бекмухамбетов А Нурманова И Пилипенко Е
Презентацияны қорғай білу Жауаптың дұрыстығы Сөйлемдерді құрастыра білу Дәлелдігі Грамматикалық тапсырма Мақал-мәтелдерді білу Ассоциациялар арқылы сөздік қорын көрсету Сұрақтарға жауап бере алу Қорытынды баға: «Байқоңыр – ғарыш айлағы».
Ғарышқа тұңғыш жол қазақ жерінен салынды. Айлақтың аты – Байқоңыр.
Мұқанов Мұрат – «Байқоңыр құпияларын» жетік білетін құрлысшылардың бірі. «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі онымен төмендегідей сұхбат жүргізді.
Мұрат Мызрағұлұлы, ғарыш айлағына неліктен қазақ жері таңдап алынды?
Әрине, ғалымдар бұл өңірді тектен-текке таңдап алған жоқ. Біріншіден, мұнда жылына не бары 3-4 рет қана жаңбыр жауады. Ал ғарышқа ұшыру тек осындай метеорологиялық жағдайды ғана қажет етеді. Сондай-ақ мұндағы Жердің тартылыс заңы және экваторға жақындығы есепке алынған. Яғни жер серіктері мен түрлі ғарыш кемелері осы ендіктен аспан әлеміне көтерілгенде жұмсалатын энергия арзан әрі тиімді екен. Екіншіден, ұшырылған ғарыш кемелерін адам аз қоныстанған осы аудандарға қондыру – қауіпсіз. Үшіншіден, Байқоңыр ендігі бойынша ғарыш кемелерінің бір секундтық жылдамдықта 316 метр ұтатындығы. Қысқасы, Байқоңырдың тиімді жақтары өте көп.
Мұрат аға, ғарыш ғылымының жемісі туралы не айтар едіңіз?
Осындай сұраққа ғарышкер Талғат Мұсабаев былай деп жауап берген еді: «....пошталық, телеграфтық, теледидарлық, т.б. байланыстар жасау, метеорологиялық деректер алу сияқты жүзге жуық халық шаруашылығында пайдаланылатын игіліктердің бірі – ғарыш ғылымының жемісі». Сондай-ақ ғарыш конструкторы С.П. Королев ғарыш ғылымы халық шаруашылығының жетпістен астам саласында пайдаланыла бастағанын айтқан.
Әңгімеңізге рахмет. Сау болыңыз!
(«Алматы ақшамы» газетінен).
Жер серіктері – спутники, ғарыш айлағы – космодром, сұхбат – беседа, интервью, дерек – факт, сведения, Жердің тартылыс заңы – закон притяжения Земли, салынды – проложен, құпиялары – секреты, таңдап алынды – был выбран, тектен-текке – не просто так, ұшыру – взлету, жағдайы – условия, қажет етеді – требует, жақындығы – близость, тиімді – выгодная, қондыру – посадка, қауіпсіз – безопасный, жемісі – польза, продукт,
Мәтінге байланысты тапсырмалар.
І.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Байқоңыр қаласы қай жерде орналасқан? 2.Байқоңырдан ұшқан тұңғыш ғарышкер кім еді? Ол ғарышқа қай жылы ұшқан? 3.Ғарыш айлағына неліктен Байқоңыр қаласын таңдап алған? 4.Ғарышқа ұшқан қазақ азаматтары кімдер? 5.Ғарыш ғылымының адамзатқа қандай пайдасы бар? 6.Тілшінің сұрақтарына кім жауап берген еді?