Дефектология п?ні бойынша 5-сынып о?ушыларыны? жа?ымсыз эмоционалды жа?дайын т?зету ж?не жа?ымды о?у мотивациясын ?алыптастыру туралы презентации


5-сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру Жоспар:1. 5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері2. 5-сынып оқушыларына мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көмек көрсету мәселелері3. 5-сынып оқушыларын бейімдеуге арналған тренинг4. 5-сынып оқушыларыныңжағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру5.Қорытынды сұрақтар Балалық шақтан орта сыныптарға (5-6 сынып) өткен кездегі мектеп оқушыларының психикалық және жеке дамуында көптеген психологиялық өзгерістер болатындығы анық . Сондай-ақ 5-сыныпқа көшу - оқыту кезеңінің «ересек» түрінде әділ бағаланып, сабаққа деген өзіндік қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді, алайда балалардың барлығы бірдей оған дайын еместігі байқалады. Яғни бұрынғы ұсыныстарды балалар мойындамайды, ал жаңа ұсыныстар әлі пайда болмағандығымен сипатталады. Сондықтан 5-сынып оқушыларын 4-сыныппен салыстырғанда, олардың көпшілігі «оқу саған ұнайды ма?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап береді. Бұл «ауыспалы» кезеңде өзін-өзі бағалау дағдарысының пайда болуы туралы айтуға болады. 4-5-сыныпта өзін-өзі жағымсыз жағынан бағалау көлемі ұлғаяды, өзін жағымсыз және жағымды бағалау арасындағы тепе- теңдік алғашқысының басымдылығымен жойылады. Өзіне-өзі көңілі толмауы бұл кезеңде олардың өмір әрекетінің жаңа аумағына ғана емес , сонымен қатар, оқу әрекетіне де , тіпті игерілген аймаққа да әсерін тигізеді. . Орта мектеп буынында оқуға дайындықты келесі түсініктер арқылы көрсетуге болады: 1.Оқу әрекетінің негізгі компоненттерінің қалыптасқандығы, бағдарламалық материалдың сапалы меңгерілуі;2.Кіші мектеп жасының жаңа құрылымы, ырықтылық, рефлексия, ұғым бойынша ойлау;3.Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынастың сапасының ересектеу типі. Мұғалімдер тарапынан көмек Мұғалім сыныптағы оқушылардың тұлғалық қарым-қатынастарына көп көңіл бөлу керек, көш басшы және қабілетті балаларды тауып олармен атқарылатын жұмыстарды жақсы жолға қоюға тиіс. Балалар ұжымына көмекті шиелініспеген жағдайда жетілдіріп отыру және оларды шиеленіспеген қарым-қатынастқа үйретуі тиіс. Мұғалімдер мен ата-аналар бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, оқу барысындағы қиындықтарды бірігіп шешулері керек және де қиындық туғызған мәселерді анықтап, алдын алуға тиіс.Мұғалім өз бақылауында, әсіресе, мектеп ортасына бейімделу сипатындағы тәртіп пен әрекет жағдайларына ерекше көңіл бөлуі қажет.Пән мұғалімдері сыныптағы жағдайға қиындық туғызбайтындай сауалнама өткізуіне болады.. Оқушыларды шақырғанда аты және тегімен атағаны дұрыс. Оқушы дұрыс жауап бермегенде сыныптың алдында оны ұялтпай, жекірмей, ренжітпей дұрыс жауабын түсіндруге тырысуы тиіс. Ата-ана тарапынан көмеката-аналар баланы мектептегі өз күшіне сенімсіздік танытатын балалармен байланыстыра, төмен баға алып қалу қаупін ескере отырып, бағаға жұмыс істеуге соншалықты итермелейді. Бұл факт әсіресе бесінші сыныптықтардың мектеп өміріне бейімделу кезеңінде, яғни баланың барлық мектеп талаптарын жақсы орындауға, өзін жақсы жағынан көрсетіп, белсенділік танытуға деген ықыласы кезеңінде белең алады. Әрбір ата-ана бала бойындағы жасқаншақтық пен ұялшақтық мінезге ұсақ-түйек мәселе деп қарамауы шарт.Баласының бұл мінезін есейе келе қалатын уақытша құбылысқа балап, елең қылмаса, бұл мінез-құлық баланың бойына тереңдей еніп, есейе келе одан арылу үшін қиындық туғызады. Жасқаншақтық мінез бала әлденеден жасқанған жағдайда пайда болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының жасқаншақтық мінезін сезген сәттен бастап, оған көмек қолын ұсынғаны жөн. Ұсыныстар: Сəтсіздікке ұшыраудан қорықпау;Өздерінің қалай оқитындықтары туралы жоғары дəрежеде хабардар болу; Өз мойындарына жауапкершілікті алу жəне өз оқулары бойынша белсенді жұмыс жүргізу; Өздерінің жеке мақсаттарын көп қолдану; Өздерінің ойларын сенімді айту, басқа адамдардың ойларын тыңдау жəне сыйлау; Өздерінің жеке жетістіктері мен сыныптастарының жетістіктерін қарастыру жəне қалай жетілу керектігін жақсы түсіну; Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін өздерінің білімі мен дағдыларын кеңейту үшін пайдалану