«Мен елімні? ерте?імін» мектепішілік шатты? ше?бері
Жумыкбаева Бекзат Жекебаевна
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы білім бөлімі ММ –нің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп -кешені» КММ –нің бастауыш сынып және өзін –өзім тану мұғалімі
«Мен елімнің ертеңімін»
мектепішілік шаттық шеңбері
Мақсаты
Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру. Бүгінгі уақыт талабына сай,рухани бай,өздігінен шешім қабылдай алатын,білімімен қаруланған жеке тұлаға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері барысы
1 жүргізуші
Таң атты арайлы,
Алтын күн шырайлы.
Күн сәулесі Шүлбі мектеп - кешенінің
Шаңырағына тарайды.
Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
2 - жүргізуші:
Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағын жасау жолында еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздар. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас ұрпақ. Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі болашақ иелері.Ұрпақ үшін жасалатын игілік-келешек өміріміздің айқындар жолы. Мектебімізде потриоттық айлықпен тұстаса өзін – өзі тану апталыға да қатар келуде апталықтың ашылуына орай ұйымдастырылып отырған «Мен елімнің ертеңімін» атты мектепішілік шаттық шеңберіне қош келдіңіздер.
Ән : « Елбасы арманы»
1 - жүргізуші
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы. Отанды абыройлы сақтау ұрпақ парызы.
2 - жүргізуші
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Байтағым!
Аз емес саған айтарым!
Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,
Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Мәртебем!
Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде астасып бірге табатын!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Ырысым!
Тақпақтар
Оқушы
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе деген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
оқушы Біз қазақпыз-
Қастерлеген баба салтын
Аман бол,айналайын дана халқым
Күн туса, атқа қонам бір сен үшін
Міне жалын,міне қолым,міне айым
оқушы Бірлігімен ынтымағы халықтың
Көгімізде жарқырайды жарық күн
Ырыс, даулет, жайнай берсін жарық күн!
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!
оқушы Қазақстан-көк байрақты нұрлы елім,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуынышым,бақытым
Өзің менің тынысым да тірегім.
Ел ұраны шаттық,құйып көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да төрінде
Ірге тасың жатыр берік қаланып,
Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге!
оқушы Дән егіп жерге,Қазағым менің
Орманды дала,құрамы жердің
Қойнауың толы қазына байлық
Айналдым сенен асқар тау белім!
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім
Құрбаның болсам, жолыңда сенің!
Құлпырып мәңгі жасай бер,жаса
Қазақстан атамекенім менің!
оқушы Менің –Қазақстаным!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,
Қырындай қос қанатын сомдайтұғын.
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,
Тұғырын сан алтыннан сомдайтұғын.
Менің-Қазақстаным!
Бабалар намысымен
Байтақ елмін игілік,табысымын!
2050 мәресін әйгілейтін
«Мәңгілік ел» жарқын келешегімін !
1 - Жүргізуші: - Егеменді елдің жарқын болашағы елбасының жолдауының іске асырылуы мен бағалы. Елбасы жолдауы әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, кемшілігімізді бағдарлауға ең бастысы баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталған.
Халқына бағыт беріп, елінің өркендеуіне бізден басым елдердің қатарына қосылуы үшін еліміздің еңсесін көтеріп халықтың алдына мақсат – мұрат қоя білді. Елбасы сөзінен: «Біздің тарихи міндетіміз - елімізді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу, сөйтіп келер ұрпаққа өркендеген Қазақстанды табыстау»
2 - Жүргізуші: Қазақстан өзге елдермен тең дәрежелі қарым қатынас жасау үшін біз жастар білімді де білікті болуымыз қажет. Елімізде нарық экономикасының заңдылықтарына сай білімді әрі жан -жақты жастар болып өсу басты –мақсат. Жастар елдің болашағы ,тірегі елдің тізгіні солардың қолында. Қазіргі меже бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену. Ендігі заман білімдінің заманы.
Ендеше, білімімізге шолу жасап көрелік.
1 - жүргізуші
А- Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б- Астана қаласының символы /Бәйтерек/
В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Г- Тарихтың атасы /Герадот/
Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/
Д- Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/
Е- «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/
Ё- Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/
Ж- «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/
З- Сиырдың пірі /Зеңгі баба/
И- Елбасымыздың мамандығы /Инжинер- металлург/
Й- Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы. /Халифа Алтай/
К- Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/
Қ- Ж. Баласағұнның XI ғ жазған еңбегі /Құтты Білік/
Л- 1959 ж М. Әуезоке «Абай жолы» роман -эпопеясы үшін берілген сыйлық /Лениндік сыйлық/
М-Қ.Р «Білім және ғылым» министрі /Бақытжан Жұмағұлов /
Н- Күйші-сазгер, дирижер, домбырашы / Н.Тілендиев/
Ң-1993 ж белгіленген ҚРҚК әскері құрымының жоғарғы офицерлері, ҰҚК, ІІ, прокуратура т.б органдар басшыларына берілетін орден. /Даңқ ордені/
О-Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/
Ө-Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/
П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/
Р-1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам /Р.Бағланова/
С- Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы /Сөк/
Т-Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
У-Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/
Ұ-1999ж Қазақстанда қандай жыл болып жарияланды /Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жыл/
Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/
Ф-«Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Фараби/
Х- 2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға /Халық санағы/
Һ-Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/
Ц-Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
Ч-Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын /Абай/
Ш-Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы.
/Ш.Қалдаяқов/
Щ-Биыл тәуелсіздікке неше жыл /25 жыл/
Ъ-«Семей полигоны» атты кітаптың авторы /К. Бозтаев/
Ы-Қазақтан шыққан кескіндемеші қыз /Г. Ысмаилова/
І-Көшпенділер трилогиясының авторы /І. Есенберлин/
Ь-Қазақстанның ең биік тауы /Тянь-Шань/
Э-Халықтардың әдет- ғұрып, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/
Ю-Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі /Ою/
Я-Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/
2 – жүргізуші
Бүгінгі күн жүрекке нұр енеді,
Бәріміз де талант пен білімнің иегері,
Қазақтың жалындаған ұл, қызымыз
Ешқашан шет қалмайды, ән өнері!
Хор. « Қазақстаным »
Тында жолдас! Тыңда дала. Тыңда ел!
Сөйлеп тұраған күншығыстан, жомарт өңір Қазақстан!
Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке-менің елім!
Ол - Қазақстан.
Ал, біз сол елдің ертеңі, келешегі, болашағымыз.