Разработка Мектепішілік Олимпиада тапсырмалары


Математика пәнінен олимпиада тапсырмалары
10-сынып
№1. Квадраттың диагоналі 32 болса, оның периметрі қандай?
№2. 1+2+2²+2³+24+25+26+27+28+29 қосындыны есептеңдер.
№3. 5 оқушы театр кассасында неше түрлі тәсілмен кезекте тұра алады?
№4. Теңдеуді шешіңдер:
х-4х+4=4(х+4)х-4№5. Қандай да бір жұмысты бір кран 12 күнде бітірсе, екінші кран дәл сол жұмысты 6 күнде істейді. Осы жұмысты крандар бірігіп, неше күнде бітіреді?
№6. 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға бөлгенде, 1 қалдық қалатын, 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды табыңдар.
Математика пәнінен олимпиада тапсырмалары
9-сынып
№1. Мектеп ауласын көгалдандыруға 9-сынып оқушыларының 92%-ын құрайтын 69 оқушы қатысты. Бұл жұмысқа қатыспаған оқушы нешеу?
№2. Жүк тасымалдау үшін 3 тонналық 10 машина қажет. Осы жүкті екі тонналық неше машинамен тасиды?
№3. Қосындысы 18, ал айырмасы 4-ке тең екі санның көбейтіндісін табыңдар.
№4. а-ның қандай натурал мәнінде 11а-0,5а² мен 2,5а²-25а өрнектерінің мәндері тең болады?
№5. Периметрі 24 см-ге тең шаршы берілген. Осы шаршымен ауданы тең, қабырғаларының қатынасы 1:2-ге тең тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар.
№6. Лифт 1-қабаттан 3-қабатқа 6 секундта көтеріледі. Лифт 1-қабаттан 7-қабатқа неше секундта көтеріледі?