Дене т?рбиесі саба?ыны? 8 «а» сыныпта?ы
Дене тәрбиесі сабағының 8 «а» сыныптағы
сабақ жоспары
Өтілетін мерзімі:
Өтілетін орны: спорт залы
Құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, секундомер, ысқырық.
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. «Допты бір- біріне беру әдістері».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды тақырып бойынша білімдерін жетілдіріп, бір орында допты берудің әр түрлі жағдайда және қозғалыста берудің,лақтырудың әдіс-тәсілдерін үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс дағдысын жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік мәні: Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жатығуларды ұқыпты, өз мәнінде жасауға, ептілікке, жылдамдыққа, күштілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Практикалық жұмыс.
Бөлімі Сабақтың мазмұны Жүктеме мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
Дайын-дық бөлімі –
10-12 минут
Негізгі бөлімі –
30 мин.
Қорытынды бөлімі –
2-3 мин. Сапқа тұру, амандасу.
Сабақтын мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін еске салу.
Саптық жаттығулар жасау.
Оңға бұрылып саппен залды айналып жүру.
Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.
Қол белде аяқ табаның іш, сырт жағымен жүру.
Қол белде жартылай, қол желкеде толық отырып жүру.
Жәй жүру. Жүгіріске көшу. Жүгіру жаттығулары.
Екі рет сол жақ бүйірге екі рет оң жақ бұйірге адымдап жүгіру.
Арқамен алға жүгіру.
Тізені көтеріп жүгіру.
Қол артта,аяқты артқа сермей жүгіру.
Жүгірістен жүріске көшу.
Дем алу жаттығулары.
Жалпы жетілдіру жаттығулары.
1.Б.қ.- қолды белге қойып қалыпты тұру.1-4- басты оңға-солға,
алға-артқа бұру.
2.Б.қ.-оң қол жоғарыда,сол қол төменде.
1-2- қолды артқа тарту.
3-4- қолдарды айырбастау.
3.Б.қ.-сол қол белде оң қол жоғарыда:
1-2-солға иілу;
3-4-оңға иілу.
4.Б.қ.- негізгі тұрыс.
1-екі қол жоғарыға көтеріп, артқа шалқаямыз:
2-еңкейеміз;
3-отырамыз;
4-б.қ.
5.Б.қ.- негізгі тұрыс
1-қолды тіреп отыру:
2-қолға тіреліп жату;
3-қолды тіреп отыру;
4-б.қ.
6.Б.қ-қолды белге қойып қалыпты тұру:
1-оң аяқпен секіру;
2-сол аяқпен секіру;
3-аяқты біріктіріп секіру;
ІІ. Сыныпты үш оқушыдан топ-топқа бөлу.
1.Пассивті түрдегі қарсыластықпен допты қағып алу және шығыршыққа лақтыру: жұппен допты бір-біріне беру. Ортасындағы оқушы допты қағып алуға тырысу керек.
2.Үш оқушыдан орын ауыстыру арқылы допты қағып алу және беру, келесі шығыршыққа лақтырумен аяқталады.
3.Орын ауыстыру арқылы допты қағып алу және беру келесі шығыршыққа лақтырумен аяқталады.
Эстафета ойындары.
Сыныпты екі топқа бөлу.
Әр бір топ топбасшыларын сайлайды.
1.Эстафета «Допты қағып алу ».
Әрбір топ бір колоннаға бірінің артынан бірі тұрады. Әр топбасшы оларға 3-4 метр қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Белгі бойынша топбасшылар допты жоғары қарай лақтырады, колоннадағы
1-ші ойыншы допты қағып алып, топбасшының орның басады да топбасшы колоннаның соңына барып тұрады. Ойын топбасшы бұрынғы орынына қайтып келгенше жалғасады. Ең 1-ші болып орындаған топ жеңіске жетеді.
2. «Баскетбол-шоу »
Әрбір топ белгілі бір тапсырмаларды орындаудан жарысады:
-допты жоғарыға лақтырып,бір қолмен ұстап алу кере;
-допты бастан жоғары бір қолдан екінші қолға лақтыру,қолды екі жаққа ұстау керек;
-допты денеден,аяқтан,мойыннан бір қолдан екінші қолға беру арқылы айналдыру.
3.Эстафетта «Шығыршыққа лақтыру»
Ойыншылар белгі берілгенде допты алып жүгіріп шығыршыққа лақтырып түсіру керер. Егер ойыншы шығыршыққа допты дәл тигізбесе онда ол айып алаңын жасайды. Онда колонаның артындағы стойканы айналып барып қана допты келесі оқушыға береді.
ІІІ. Сапқа тұру.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
1 мин.
1 мин.
0,5айналым
0,5айналым
0,5айналым
0,5айналым
0,5айналым
1 айналым
1 айналым
1 айналым
1 айналым
0,5айналым
5-6 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
30 рет
10-15 мин
3 рет
3 рет
3 рет
15-20 мин
2-3 мин. Оқушылардың сыртқы келбетіне көңіл бөлу.
Тез және нақты орындау.
Денені түзу ұстау
Еркін тыныс алу
Денені түзу ұстау
Аяқтың ұшымен
Сол жақ иықтан алға қараймыз
Терең –терең 2-3 рет дем аламыз
Денені тік ұстау
Қолды тік ұстау
Тереңірек иілу
Еңкейгенде аяқты бүкпеу
Денесін тіреліп тік ұстау
Аяқтың ұшымен
үш оқушыдан тұрып
(оқушылар орындарын ауыстырып отырады)
Эстафета ережесін түсіндіру
Ең 1-ші болып орындаған топ жеңіске жетеді.
Әр топтан бір оқушы тапсырманы орындайды
Егер ойыншы шығыршыққа допты дәл тигізбесе онда ол айып алаңын жасайды. Онда коллонаның артындағы стойканы айналып барып қана допты келесі оқушыға береді.
Оқушыларды бағалау
Қолға тіреліп бүгіп жазу.