?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген.
Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс - қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті немесе алған білімін практикада қолдана алуы.
Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінбей қиналатындығын дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, ал қызмет жасағанда қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Қарапайым ақпараттың мазмұнын түсіне алмай. Олар радио, теледидардан берілген ақпаратты түсіне алмай, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан емес, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің орны зор. Орыс тілінде білім беретін мектептегі қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің алатын орны ерекше. Сондықтан, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан ережелерін, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.
Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері:
Дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісі;
Сұрақ-жауап әдісі;
Жағдаяттық тапсырмалар;
Рөлдік ойындар;
Сұхбаттық тапсырмалар;
Құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар;
Интербелсенді әдіс-тәсілдер.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аттыру үшін мұғалім шебер болуы керек. Ол баланы қалай оқыту, оның сабаққа деген ынтасын қалай ашуға болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы тиіс. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. Интербелсенді оқыту барысында оқушылар өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз қөзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, қзақ тілі пәні дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.