?аза? ?дебиеті Жауынгерді? т??асы 6-сынып (саба? жоспар)
Пәні ӘдебиетСыныбы 6-сынып
Уақыты Сабақтың тақырыбы Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2-сағат)
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері А) ақпараттық құзыреттілік – Бауыржан Момышұлының тұлғасы, қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді.
Ә)коммуникативтік құзыреттілік – оқушыларды алған жаңа материалдары бойынша жұмыстану дағдыларын қалыптастыру;
Б)проблеманы шешу құзыреттілігі – әр оқушыны өз бетімен жұмыстандыруға, жаңа материалды талдауға дағдыландыру;
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдісі Көрнекілік әдісі, сөздік әдісі, көркемдеп оқу әдісі, практикалық әдіс.
Көрнекілігі Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, қазақ тілі.
Сабақа қолданылатын педагогикалық технолгиялар СТО, АКТ, білім беруді ізгілендіру.
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
I.Ұйымдастыру
бөлімі -Сәлеметсіздерме оқушылар.
-Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ екенін айта ғой.
-Оқу құралдарыңды дайындап, сабаққа назар аударыңдар. Мұғаліммен амандасып, кезекші орнынан тұрып сабақта жоқ оқушыны айтады. Сабақ құралдарын дайындап, зейіндерін мұғалімге аударады. Мұғалім мен оқушылар арасында өзіндік түсінік қалыптасады.
II.Үй тапсырмасын тексеру Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеу.
Бауыржан Момышұлы туралы қосымша мәліметтер қарастырып келу. Жауынгердің тұлғасы
Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыстың кезі... Қарашаның 26 жаңасы. Жерге шідеріден жоғары қар түскен. Солтүстіктен соққан қара жел қарып жеп, кісінің өңменінен өтіп барады. Немістің басым күшінің алдына көлденең түсіп, Мәскеуге қарай жібермей бөгет болып, күніне үш-төрт шабуылын тойтарып, С. қыстағының маңайында жанталасып соғысып жатқанымызға төртінші күн болғанда мені күтпеген жерде дивизияның штабына шақырды. Оқушылар үй
тапсырмаларын
жүйелі түрде,
тиянақты орындап
келеді.
III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық 1.Б.Момышұлының өмір сүрген жылдарын ата.
2.«Жауынгердің тұлғасы» қандай жинақтың үзіндісі.
3.Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылған?
4.Бауыржан неше жыл әскерде болған?
5.Б.Момышұлы кім? 1910 – 1938 жылдар
«Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді.
Мәскеуде болған ұрыс жайлы.
25 жыл.
Қаһарман. Оқушылар
сұрақтарға
жауап беріп,
өткен
материалды
естеріне түсіреді. Жаңа материалды меңгеруге
дайындалады.
IV.Өткен материалды бекіту
А.Мұғалімнің көмегімен
Ә.Оқушының өз бетімен жұмыстануы
1-тапсырма
144-беттен бастап оқушыларға әңгімені тізбектетіп оқыту. Қысқаша түсінгендерін сұрау.
2-тапсырма
Берілген кейіпкерлер есімдерінің ішінен «Тұтқын бала» шығармасының кейіпкерлерінің есімдерін тауып, теріп жаз. Олардың кім екендеріне жеке-жеке тоқталып өт.
Кейіпкерлер: надзиратель, Мұхаметқұл Исламқұлов, Жанбота, Ахат молда, полковник Серебряков, генерал, Аркадий, Жантас, Күлзайра, Бәуке, Приходько, Жанар, немістер, Майқанова, Федоров.
3-тапсырма.
Берілген сөйлемдерді аяқтап, астын сыз.
1.Түске дейін төрт шабуылын ... . 2. ... , өз тағына түнере мелшиіп отырған. 3.Жігіттер сүйегіміз қалса да, .... . 4.Ол батальондардың жігіттері орнынан қозғалмай, ..... . 5.Бұл соғыс – дұшпанның араны ашылған басқыншылық мінез-құлқын, ..... .
4-тапсырма.
Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.
5-тапсырма
Топтастыру
Бауыржан
1-тапсырма
Оқушылар әңгімені тізбектеп оқып, түсінгендерін қысқаша баяндайды.
2-тапсырма
Кейіпкерлер: надзиратель, Мұхаметқұл Исламқұлов, Жанбота, Ахат молда, полковник Серебряков, генерал, Аркадий, Жантас, Күлзайра, Бәуке, Приходько, Жанар, немістер, Майқанова, Федоров.
3-тапсырма
1.Түске дейін төрт шабуылын біздің жігіттер тойтарды. 2.Ресейдің қылшылдаған қысы малдас құрып, өз тағына түнере мелшиіп отырған. 3.Жігіттер сүйегіміз қалса да, не болса да, осы жерде болсын. 4.Ол батальондардың жігіттері орнынан қозғалмай, мұнымен соғысқа қатысып отырғандары айқындалады. 5.Бұл соғыс – дұшпанның араны ашылған басқыншылық мінез-құлқын, өзіне таяқ етіп жұмсаған ұрыстың бірі.
4-тапсырма.
1. Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
2. Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
3. Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
4. Жауға жаныңды берсең де,
Сырыңды берме.
5-тапсырма
Бауыржан
Топтастыру
1910 ж, 24-желтоқсан
Халық қаһарманы
Даңқты жауынгер
Ұлы Отан Гвардия полковнигі
соғысына КПСС мүшесі
қатысушы Оқушылар әңгімені тізбектеп оқу арқылы көркемдеп оқуларын дамытады.
Оқушылар кейіпкерлерді ажырату тапсырмасы бойынша тез ойлау қабілеттерін дамытады.
Б.Момышұлының әңгімесін дұрыс толықтыру
арқылы
мазмұны
бойынша алған білімдерін жүйелейді
Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер айту арқылы оқушылар сөздік қорларын кеңейтеді, тіл байлықтарын арттырады.
Оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша алған білімдерін жүйелейді, пысықтайды.
VI.Үйге тапсырма 1.Шығарманы оқып, батырдың тұлғасына мінездеме беріп, мазмұнын әңгімелеп келу.
2."Жауынгердің тұлғасы" бойынша өз ойыңша сурет салу Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. Үй тапсырмасын тиянақты орындап келеді.
VII.Қорытынды
Бағалау Сабаққа белсенді қатыса білген оқушыларды бағалау.
Сау болыңыздар! Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойғызады.
Сау болыңыз! Оқушылар бағалану арқылы ынталанады.