Урок по казахскому языку на тему Бауыржан Момыш?лы (8 сынып)
8 сынып. 1 сабақ.
І. Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы
II. Сабақтың мақсаты:
1. Қатесіз сөйлеуге дағдыландыру, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлем құрастыруға үйрету, морфологиялық талдау жасауға дағдыландыру. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануды дағдыландыру, мәтіннің негізгі ойын қысқаша жеткізуге дағдыландыру. Дұрыс, анық түсініп, жылдам мәнерлеп оқу жолдарын дамыту.
3. Өз елінің тарихын, атақты адамдар туралы біліп, оларды сыйлауға тәрбиелеу, мәтіннің мәнін түсіну арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жұмысты жақсы орындауды қамтамсыз ету үшін оқушылардың көңіл-күйлерін жинақтау, бағыттау;
Амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
Қысқа уақыт аралығында жұмысқа сыныптың тез кірісуі.
ІІ. Тақырыпты қабылдауға дайындық кезеңі:
Тақырыпты, сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау;
«Нені білу керек?», «Нені істеу керек?» сұрақтарын нақтылау.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру:Шалғынбай өлеңін жатқа сұрау.
ІҮ. Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс.
А)Мәтінді мәнерлеп түсініп оқу.
Ә)Сөздікпен танысу.
Б)1-2 жолды аудару.
Ү. Жазбаша жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.
1.Бауыржан Момышұлы Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
2.Бауыржан майданда батальон, полк командирі қызметтерін атқарды, гвардиялық дивизияны басқарады.
3.1941 жылы өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзды.
4. Оның қолбасшы ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
5. Бауыржан Момышұлының атақ-даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тасжолы» атты кітабында суреттеледі.
6. Ол кітап неміс, чек, еврей, ағылшын, француз т.б. шет тілдеріне аударылды.
7. Бауыржан Момышұлы қазақтың әдебиетінің атасы атанды.
8. Оған «Халық қаһарманы» деген атақ беріледі.
ҮІ. Бекіту.
2-тапсырмадағы 3 сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
ҮІІ.Қорытындылау.
Б.Момышұлы не білдің?
Оның қандай атақтары бар?
Тірі кезінде оған Халық Қаһарманы атағы берілді ме?ҮІ. Үйге тапсырма беру. Сұрақтар бойынша мазмұндап келу.
ҮІІ. Бағалау.