Тілім мені? — халы? ?азынам Сыныптан тыс ж?мыс
Едрисова Рауза Жылкыбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
№10 орта мектеп
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
Тілім менің халық қазынам
Сабақтың мақсаттары:
1.Әділқазылармен таныстыру;
2. Пікір-сайыс барысымен таныстыру.
1-айналым. Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің.
2-айналым. Шығармашылық айналым.
3-айналым. Поэзия минуты.
4-айналым. Қорытынды түйін.
1-топ.
Біздің ұран: Сүйемін туған тілді, анам тілін.
Біздің ән: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Мұғалім: Ана тілі қазағының қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайыс болып,
Жұлдызды сәт тілеймін.
2-топ.
Біздің ұран: Тіп бар жерде өмір бар.
Біздің ән: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
1-айналым: « Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің.»
Сұрақтар қойылып, пікір алысу 1-2 топ бойынша өткізіледі.
1 .Ана тілі деген не ?
2. Ана тілін құрметтеу дегенді қалай ұғасың?
3.Елбасымыз Н. Назарбаевтың қазақ қазақпен қазақша сөйлессін дегенін қалай түсінесің?
4 .Орыс тілін білу қажет пе?
5. Ағылшын тілін оқығың келе ме?
6. Тіл туралы заңдардан не білесің?
2-айналым. Шығармашылық айналым.
Үйге берілген тапсырманы орындау.
Тіл туралы 1 шумақ, 2 топтан 2оқушы өлең құрайды.
Бұл кезде тіл туралы мазмұнды ойлар айтады.
1-топ.
1. Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар.
Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, оның қуанышы.
2.Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу - өмірден алған ең үлкен сыйын.
Ана тілінде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың.
4.Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
2-топ.
1. Халықтың қуаты – тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
2. Сөйлей білу – үлкен өнер. Әсем сөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді.
3. Ана тілінде сөйлеу, мәдениеттіліктің әдептілік өлшемі болып табылады.
4. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке киімім көк, тамағым тоқ болсын деп емес, ұлттық қасиетін, мәдениетін, тілін, дінін сақтап қалу үшін ұмтылады (соңынан 2 оқушы өзі шығарған өлеңін оқиды).
Мұғалім:
Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты,
Талпынып Алтынай... шықшы қәне,
Қонақтар қошеметпен қол соғады.
(2,3 оқушы ән, би өнерін көрсетеді).
3-айналым. Поэзия минуты.
Топ жетекшілері үйден дайындап келген тіл туралы өлеңдерін жатқа айтады.
Мүшелері бір шумақтан тіл туралы өлең оқиды.
1-топ
1. Ана тілім – ар тілім
Жанардағы жарқылым,
Жүрегінде сақталған,
Ән жыры боп халқымның.
2. Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
Ана тілдің бағасы,
Қымбат екен алтыннан.
2-топ.
1. Құндағында бесіктің,
Ана тілін үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсіппін.
2. Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
4-айналым. Қорытынды түйін.
(1 минутта мақал-мәтел айту топ мүшелері)
1-топ.
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады.
Тас жармаса бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
4. Шешеннің тілі – шебердің бізі.
2-топ.
1. Тіл қылыштан өткір.
2. Бал тамған тілден у тамар.
3. Басқа пәле тілден.
4. Тіл тиексіз.
5. Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Мұғалім:
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!