?дебиет саба?ында ?жымды? о?ыту технологиясын ?олдану


Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектеп
Рузьева Райхан Аблахатовна
Әдебиет сабағында ұжымдық оқыту технологиясын қолдану
Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары кеңінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз – қойылған мақсаттарға және күтілген нәтижелерге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйелеген формалары, әдіс – тәсілдері.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Осы орайда оқушы мен мұғалім жұмысын арттыру бағытында, берілген білімнің сапалы болуы бағытында әдебиет сабағында ұжымдық оқыту технологиясын қолдануға болады.
Оқытудың ұжымдық формасы дегеніміз – оқушының бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасуы арқылы олардың бір – бірін үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен екіншісінің үйренуі, пікір алысуы және жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып, әрі жұптық, әрі топтық жұмыс істеуі.
Ұжымдық оқыту технологиясының міндеттері:
1. Оқушылардың танымын, білімін кеңейту;
2. Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек;
3. Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
4. Өзі оқи отырып, өзгені оқыту;
5.Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.
Ұжымдық оқыту технологиясының Ерекшелігі:
Жұптық оқыту;
Топтық оқыту;
Ұжымдық оқыту;
Оқушы – оқушы
Оқушы – оқытушы
Оқушы – үйретуші міндеттерін атқарады.
Сабақта ұжымдық оқыту технологиясының элементтерін қолданамын. Осы технологияны үйрену барысындамын. Әзірге өзекті тақырыбым бойынша ұжымдық оқытудың әдістемелерінің ішінен монитор әдістемесін сабақтарымда қолданудамын. Монитор әдістемесі – жаңа ақпарат алу үшін  оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған.  Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді.  Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады.  Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме  бір бала – оқушы, ал екіншісі – мұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады.  Сабақ барысында  әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады. Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырып жүйелі мазмұндауға, жүппен үйренеді.
Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады. Айталық, сабаққа дейін әр оқушы бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне білген мәліметін түсіндіреді, партада А-В, С-Д отыруына байланысты, осыдан келіп,  жұппен жұмыста әр оқушының мұғалім рөлінде де болуы шығады. Осындай жұмыстың нәтижесінде  әр оқушы екі бірдей ақпаратпен қаруланады. Осыдан кейін жұптар ауысады, мысалы А-С,В-Д, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді.