Критериалды ба?алау – о?ушыны? м?мкіндігін арттыратын жол


Тақырыбы : «Критериалды бағалау – оқушының мүмкіндігін арттыратын жол»
Коучтің аты-жөні : Мақпалбай Ләззат Сайлауқызы
Өтетін орны: Мультимедиа кабинеті
Қатысушылар: Мұғалімдер
Өтетін күні: 6.09.2014 жыл
Мақсаты
Оқушылардың білімін бағалау мақсатында критериалды бағалаудың маңызын түсінеді.
Міндеті
Критериалды бағалау туралы мұғалімдерге жан-жақты мәлімет беру.Күтілетін нәтиже
Критерий құрастыра алады, бағалау әдістерін өз тәжірибелеріне енгізеді , маңызын түсінеді .

Ресурстар АКТ, стикер, таратпа материалдар, маркерлер, постер,
таныстырылымдар.
Дереккөздер Бейнематериал, МАН, ғаламтор материалдары
Оқу әдістері Жеке жұмыс, топтық жұмыс
Тапсырмалар Сергіту сәті. Топтық тапсырма .
Уақыт шеңбері 40 минут
№ Коучинг кезеңі Уақы
ты Коучтің іс –әрекеті
Мұғалімдердің
іс -әрекеті
1 Кіріспе кезең
Топқа бөлу
3 мин а) Сәлемдесу.
Топқа бөлу .
«Юнга, қайық, капитан» ойыны арқылы 3 топқа бөлемін
Қатысушылар: юнга-пол жуады, қайық-бес адамнан қайыққа мінеді, капитан- құрмет көрсетеді, ойынды бірнеше рет қайталау арқылы топқа бөлінеді.
2
«Бағалау дегеніміз не?» 5 минут «Миға шабуыл » әдісі
Топ мүшелері ойласып, қорғайды. Бұл әдіс бойынша әр топ мүшелері параққа өз ойларын жазып, қорғайды.
3 Топпен жұмыс
15 минут Үш топта «Бәйтерек» кешенінің суретін салады. Салынған суреттерді сағат тілімен жылжыта отырып,келесі топтарға бағалауға ұсынады. Әр топ «Бәйтеректі» алдымен дәстүрлі бағалайды, сосын дәлелдеу үшін критерийлер әзірлеп барып бағалайды.
4 Таныстырылым 5 минут Критериалды бағалау туралы презентациямен таныстырамын. Критериалды бағалаудың қағидасымен танысады.
5 Сергіту
сәті 5 минут Бір затты жасырып,үш ерікті ойыншыны жіберемін. Ойын шартын түсіндіріп, қорытындылаймын. 1 ойыншы келгенде қолдау көрсете отырып, тығылған затты табуға жәрдем береді. 2 ойыншыға сенің қолыңнан келмейді, сенің мүмкіндігің жоқ деп ойын бөледі. 3 ойыншыны мүлдем елемейді.
6 Бейнеролик 5 минут «Күріш» бейнеролигі Бейнероликке қарап, мұғалімдер ой түйеді, пікірлерін айтады.
8 Кері байланыс
2 минут Бес сөз, бір сурет
Критериалды бағалау туралы бүгінгі коучингтен алған әсерін қорытады.
9 Өздік бағалау Сабағым өз деңгейінде өтті ме? Қандай жетістікке жеттім? Жіберілген кемшіліктерім қандай ? Қатысушылардың кері байланыстарын пайдалана отырып коуч есебінде өзімді-өзім бағалаймын.