Презентация формативті ж?не суммативті ба?алау
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Коучинг тақырыбы:
Мақсаты:Мұғалімдерге оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалау туралы түсінік беру
Формативті және суммативті бағалауФормативті бағалау,Оқыту үшін бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Суммативті оқыту, оқуды бағалау керісінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау»
Сипаттамасы Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жауапкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.
Формативтік Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көптеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.Суммативтік Суммативті (немесе қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.
Бағалау техникасының түрлері2 жұлдыз, 1 тілек«Сэндвич»«Бағдаршам»«Өзін-өзі бағалау»«Жұптық бағалау»«Топтық бағалау»
Интерпретация Интерпретация қызығушылық тудыратын,яғни, ерекше дағдылар, көзқарастарнемесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесеөлшем деп атайды және оларды оқытудың мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойыншажүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге тал-пынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінезқұлықтан шығаруға болады, мысалы,бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.
1- тапсырмаБерілген әңгіме мазмұнына сай сурет салу . Уақыт 15 минутӨзіндік бағалау және өзара бағалауды пайдалану , белгілі критерий арқылы алдын ала өлшем жүргізуКері байланыс жасау, әр топтың жетістіктерін ауызша бағалау
2- тапсырмаРольге ену: Уақыт 15 минут1топ «Облыстық білім департаментінің өкілі»2 топ « Аудандық оқу бөлімінің өкілі»3 топ «Мектептегі мұғалім»Әр топты белгілі критерий құру арқылы өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс