«Сауса?тарды? ?са? моторикасыны? ?лкен м?мкіндіктері»
«Саусақтардың ұсақ моторикасының
үлкен мүмкіндіктері»
Балалардың анық та, айқын сөйлеуі - олардың толық әрі кең салалы дамуына қойылатын талаптардың негізгісі.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И. Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен.
Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады. Ғылыми деректерге сүйенсек қолдың саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан. Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысына импульс жібереді де, оған жақын орналасқан сөйлеу аймақтарын белсендіреді.
Тақпақтардың сүйемелдеуімен орындалатын ұсақ моторика ойындарын ұйымдастыруына аса мән берген жөн. Бұл ойындар ОНР диагнозы бар балалар үшін өте пайдалы. Себебі ойын баланың сөздік қорын көбейтеді, жеке сөздердің нақты әрі дұрыс айтылуын қалыптастырады. Балалардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары қажет:бетті, қолды үгу;саусақ ойындары;
театр түрлері;дидактикалық ойындар;
табиғи заттармен ойындар;
шығармашылық жұмыстар;оригами (қағаз бүктеу).
Осы аталған жұмыстарға толығырақ тоқталайық. Үгу Бала дүниеге келген мезеттен бастап үгу жасау керек. Ана баласымен қарым-қатынас кезінде сылап-сипап отырады. Қолдың саусақтарының қимылы қан айналымын жақсартумен, қол, бет бұлшықеттерін сергітумен қатар сөйлеуді бақылайтын орталық миды белсендіреді. Өсегеле бала өзін-өзі үгуді өз бетінше жасайды.
Тәрбиешілер қос алақандарымен, екі қолдарының саусақтарымен көрсете отырып, өзін-өзі үгуді жасайды.
«Жыл мезгілдері» тақырыбындағы үгу. Мұз да, қар да ерісе,
Өлең айтар өзендер.(маңдайдың ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін екі қолымен сипайды)
Ұйқы қашса қонжықтан, Көктем келді дерсің сен
(бетті иектен құлақтың төменгі ұшына қарай сипайды)
Қызса қатты күн көзі, Қарлығаштар самғаса(маңдайдың ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін екі қолымен сипайды)
Ыстық аптап, құрғақшылық, Жаз келгенін білдірер(бетті иектен құлақтың төменгі ұшына қарай сипайды)
Шатырда жаңбыр ойнаса,
Бірде қатты, бірде жай(маңдайдың ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін саусақ ұшымен ұрғылайды)
Жер жапырақты жамылып,
Күз келгенін білдірер(бетті иектен құлақтың төменгі ұшына дейін саусақ ұшымен ұрғылайды)
Боран борап, жел тұрса, Айналаны қар басса,
Үйлер ақ көрпеге оранса,
Келді дей бер қыс ортаға(спираль тәрізді қимылдарды маңдай ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін орындайды)
Ұсақ моторикаға әсер ететін тақпақтардың сүйемелдеуімен жасалатын үгудің басқа түрлері бар.
«Жарыс» тақырыбындағы үгу.Көпқырлы қаламдарды бір қолдың саусақтарынан екінші қол саусақтарының әр қайсысына береді.
Қаламды мен ұстайын Саусаққа қонақ болайын.
«Әткеншек» тақырыбындағы үгу.Саусақтар арасында қаламдарды тербетеді.
Демалмайды қаламым Саусақтарға қыдырып.«От шығару» тақырыбындағы үгу.Қаламды алақан арасында домалату.
Қаламды домалатамын Отты мүмкін шығарармын. Саусақ жаттығуы Саусақ жаттығуларының мағынасы туралы кітаптарда аз жазылған жоқ. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан ойынды ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының(диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Қане аздап-шынығып көрейік. «Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы. Екі қырықаяқ Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі.Жолмен жүгірді.Жүгірді, жүгірді.
Бір-бірімен кезікті Екі алақанды қосады.
Құшақтасқандары соншалық Сұқсаусақтарды айқастырады.
Құшақтасқандары соншалық Ортаңғы саусақтарды айқастырады. Алақандарды айқастырады.
Екеуін күштеп ажыраттық. Қолдарды жібереді.
«Қомағай» саусақ жаттығуы.Әр қатысушы беторамалдың ұшынан ұстайды да біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.
Қарным менің қомағай Бәрін- бәрін жұтады. Қомағайдың қарны енді Сусиырдай болып кетті.
Жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.
Театр түрлері
Саусақты- сөйлеу қызметін дамытуда театрдың атқарар орны бөлек.Мектепке дейінгі мекемелер театрдың түрлерін көп қолданғаны дұрыс. Мысалыға, «Суретті театр», «Саусақтар театры», «Қолғаптар театры» т.б. Бұл үшін епті қолдармен қатар рөлге еніп ойнауға, монологтарды айтуға, жаңа рөлдер ойластыруға, қойылымдарды дыбыстауға деген ынтасы болу керек. Қуыршақтар әуез ырғағымен қозғалуы, бастарын бұрып, еңкеюі балалардың саусақтарымен орындалады.
Табиғи заттармен ойындар Есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, қолдың саусақтар қимылдарын жетілдіруге, аз-көп сөздерінің мағынасымен таныстыруға табиғи заттармен ойындарының көмегі көп. Бұл ойындар әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады.
Баладан дақылдардың түріне, көлеміне қарай ыдыстарға бөліп салуға көмек сұраңыз. Мысалы, бұршақты- үлкен, күрішті- орташа, тарыны-кішкентай ыдысқа салу керек.
Шөлмекке салынған дақылдарды шайқап, дыбыс шығаруға болатынын түсіндіру, дыбысты тыңдату. Бұл ойында шөлмектің аузына бұршақтарды салудың өзі балаларды қызықтырады. Кішкентай қасықпен дақылды бір ыдыстан екінші ыдысқа салу. Қасықпен жұмыс кезінде қолдың басы қимылдайды, мұқияттылықпен, ұқыптылықпен орындауға бейімделеді.
Енді бұршақ түстеріне, пішіндеріне, көлемдеріне қарай отырып, суреттер салуға да болады.
Шығармашылық жұмыстар
Шығармашылық жұмыс жүргізе отырып баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады. Қайшы, қағаз, тұзды қамыр, ермексаз, бояулар, қаламдарды қолдана отырып жүргізілетін жұмыстар тек сенсорлық қимылды жаттығу ғана емес. Шығармашылық жұмыс ойлау, сөйлеу қабілетінің белсенділігін, балалардың қоршаған заттар туралы түсінігін тереңдете отырып көрсетеді. Тәрбиешілер әдеттегінше сурет салудан бөлек, жарма, құм беттеріне де сурет салдырады.
Оригами
Оригами- қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау. Оригами жасау кезінде балалар екі қолымен бірдей жұмыс атқарады. Оригами ұсақ моториканың дамуына оң әсер етумен қатар мидың жұмысына, сөздік қор жинауына, сөздерді және сөйлемдерді дұрыс байланыстыра отырып сөйлеу қабілетіне тигізер пайдасы мол.
Мысалы, «Бақа» жасату.
Жолда бақалар кезікті Аяқтарын соза секіреді Ква- ква- ква!
Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, балалар ұсақ моторикасының дамуында жақсы нәтижеге жетеді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыреттілігін дамытады. Қолдың ,басының қозғалу икемі жақсарады. Бұл балалар жазу, сызуды сенімді түрде орындайды. Жоғарыда айтылған жаттығулар мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол себепті қол саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде, серуенде әртүрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамын.