Cаба? барысында ?з бетімен ж?мыстарды ?йымдастыру
Қазіргі заманда қоғамымыздың даму және жетілдіру мақсатында жан- жақты дамыған сауатты , түсінігі мол, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу мәселесі алдымызға қойылып отыр. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта- жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - негізгі мәселелердің бірі. уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалғанда ғана, балалар жақсы нәтижеге жетеді. Ол үшін келесі міндеттер орындалуы керек:
- оқушыларға өзіндік жұмыс туралы айтып өту;
- оқушыларға өз бетімен тапсырмаларды орындау әдістерін көрсету;
- өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастыруды көрсету.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында түрлендіре іске асыруға болады. Сынып оқушыларын топқа бөліп өздік жұмысты иһтапсыруға болады: Әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқулары керек.
1- Кім? әнші, кітап, оқушы, дәрігер, сауыншы...
Не? кітап, дәптер, жалау, қалам,....
2- Кімдер? балалар, күйшілер, малшылар, әншілер, балықшылар....
Нелер? дәптерлер, қалалар, асықтар, балықтар, үйлер, шегелер.....
Өз бетімен жұмыстарды сабақтарды қолдану кезінде балалар үздіксіз жұмыс жасайды.