Методика тема:Сынып жетекшісі ?ызметін ?йымдастыру


Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:
Білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау;
Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық жағдайлар жасау;
Әр түрлі шығармашылық тұлғадағы қоғамдық іс-әрекетке икемді тұлғаның өзін-өзі анықтауы және өзініс-жүзінде көрсете білуі;
Өзара бірлескен қарым-қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынастары мен алаңдататын мәселелерін сәйкестендіру.
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;
Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психологиялық – педагогикалық жағдай тудыру;
Оқушылардың шығармашылық іс – әрекетін қалыптастыру;
Сынаптағы жүйелі жұмысты ұйымдастыру;
Білім алушлардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін қорғау.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі:
Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру;
Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру;
Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру;
Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну;
Оқушыларды әлеуметтік қорғау;
Ата – аналармен жұмыс.
Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері: журналды жүргізу; оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай күйін бақылап отырады; сынып ұжымын ұыйымдастырады (тапсырмаларды бөледі,белсенділермен жұмыс істейді,оқушыларға бағыт береді); оқушылардың ақыл-ой қызметін ұйымдастыруда психологты шақырады;оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;әлеуметтік жағдайын зерттеп есепке алады; оқушылардың денсаулығын нығайту үшін спорт шараларына тартады; ата-аналармен дербес жұмыс жүргізеді; қабілетті балалардың ой-өрісінің өсуіне жағдай жасау.
Оқу жылының басындағы міндеті: сыныптағы оқушылардың тізімін жасап ,сынып журналын рәсімдейді;мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады; оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді; жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастыру; жылдық тәрбие жоспарын жасап, тәрбие орынбасарына тапсырады.
Күн сайынғы міндеті: сынып журналына жоқ оқушыларды белгілейді; сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады; оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі болуын бақылап отырады; сыныптың өзін-өзі органдарына және сыныптағы мектептік өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне педагогикалық көмек көрсетеді.
Апта сайынғы міндеті: оқушылардың күнделіктерін тексереді; пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап отырады; сынып сағатын және жарты сағаттық шаралардан ақпарат беру; мектеп ішіндегі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын бақылап отырады.
Ай сайынғы міндеті: сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастырады; жол жүру ережесі және қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді; кабинетке және сыныпқа бекітіліп берген аумаққа тазалық жұмысын жүргізеді; мектептегі кештер және басқа іс-шаралар кезінде кезекшілік етеді; өз сыныбындағы пегагогикалық қамқорлықты талап ететін оқушыларды үйірмелерге, секцияларға басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды.
Тоқсан бойындағы міндеті: оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері ұсынымдарын орындалуын ұйымдастыру; сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады; мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отырады; ата-аналар жиналысын өткізеді; сынып жетекшілердің семинарларына, өзге де сынып жетекшілердің іс – шараларына қатысады; сынып оқушыларының мектеп ережесін орындауын қадағалайды.
Демалыс уақытындағы міндеті: сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің демалыс кезіндегі жұмыстарына қатысады; өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, оқушылар белсенділерімен, ата-аналармен бірлесіп өз сыныбында демалыс кезінде іс-шаралар ұйымдастырады.
Оқу жылының аяғындағы міндеті: сынып белсенділерімен бірге оқу жылындағы сынып қорытындысын шығару; сыныптағы оқу – тәрбие қорытындысын, талдау жасап, директордың тәрбие ісі орынбасарына есеп тапсырады; мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады; сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады.
Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға солай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі оқу-тәрбие үрдісіне еңгізу аса маңызды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, ел болашағы – жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты, осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырағанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.