Баяндама: «О?уды ба?алау ж?не о?ыту ?шін ба?алау»


№4 Булаево орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы:«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау»
ЖМБ отырысы
Баяндамашы: Бекишева А.Ж
2014-2015 оқу жылы
Қазіргі заман талабы – ғылым мен техниканың  дамуына сай  әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуі болып отыр. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты – әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады.  Алға қойған осы мақсаттарды жүзеге асыруда  білім беру жүйесінде оқыту  және оқу үдерістерін инновациялық бағытта  жаңарту сарапталып, білім беру саласында әлемдік зерттеулердің нәтижелері мектеп өміріне енуде. Осындай жаңа технологияларды меңгерген мұғалімдер жастардың білімінің сапасын арттыруда басты рөл атқарады. Ол үшін алған білімін іс-тәжірибеде қолдануда мұғалімнің  жан-жақтылығы мен шеберлігі өте қажет.  Осы уақытқа дейін тек қана дәстүрлі бағалаумен шектеліп келген болсақ, қазіргі ақпараттық технология заманында бағалауға байланысты көптеген тың дүниелермен таныстық. Өзін-өзі бағалау – бұл адамның  өз  бетімен,  мақсатты жүйелі  жүргізетін  жұмысы.  Соның  нәтижесінде әлеуметтік  бағалы  қасиеттері  дамып қалыптасады, кемшіліктері жойылады. Өзін-өзі бағалау үдерісі, бұл – қозғалыс, құрылым.  Өзін-өзі бағалау дегеніміз өзіне-өзі  сену. Өзіне баға  беруде үлкен  мән жатыр, жеке  адамның мүмкіндіктеріне сәйкес баға беру - дамуға  алғашқы  қадам. Өзіне–өзі баға  берудің  келесі  қадамы - алдына  мақсат  қоюы. Бірақ оқушы өзін-өзі  бағалауды өз  бетімен қалыптастыра  алмайды. Өзін бағалау  үшін  басқалардың оны  бағалауы керек, сондықтан  оған  басқа  адамдармен  қарым–қатынаста  болу  қажет. Өз  күшіне  деген  сенімділікті  оқушы  басқа  оқушылармен  бірлескен  іс-әрекетте  жетеді.
Бағалауды мынадай 6 параметрлер арқылы айқындадым: білімділік, түсіну, пайдалану, талдау, жинақтау және бағалау. Мысалы, ойлау деңгейінің талдау параметрінде топтық жұмыста пікір алмасуда, өз ойын жеткізе алу қабілетінің артқанын, өз-өзіне сенімділігі қалыптасқаны, өзгені тыңдай білу арқылы салыстырмалы түрде үйрену критерийлерін көрсете алды. Осы критерийлерді анықтауда төмендегідей индикаторларды қолдана білдім: уақытты тиімді пайдалану, ситуацияны шешу, кесте бойынша сұрақтарға жауап алудан байқадым. Сабақтарымда оқушыларды бағалауда әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білдім. Бір сабақтарымда топпен бағалап көшбасшыны анықтасам, келесі бірінде оқушылар бірін-бірі топты бағалауға жүзеге асырдым.  Топпен жұмыс жүргізу барысын оқушыларға балдық жүйемен бақылау парағы арқылы жиынтық баллын шығардым. Оқушыларды бағалай сөйлеу арқылы, өз жұмыстарының нәтижесін көрсету арқылы жұмыс жүргізе білдім.
Кері байланыс жүргізу мақсатында, СТО технологияларының ББҮ кестесі арқылы оқушылармен жұмыс жүргіздім. Кесте бойынша  балалар өздерінің не үйренгенін, нені ұқпағанын, нені білгісі келетіндерін ашып көрсетті. Сол бойынша үйге тапсырмалар берілді. Ал, өзім оқушылардың сабаққа қалай қатысып отырғанын, жұпта және  топта  қалай жұмыс жасағанын, олардың әрқайсысының іс-қимылдары мен әрекеттерін бақылаушы ретінде бағалау кестеме жазып отырдым. Сабақ соңында бағалау оқушылармен бірге талқыланып , қорытындыланды.
     Қорыта келе, оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау  өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырдым. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға  өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беруді де ескердім. Бағалау арқылы оқушылардың топпен бірлесе жұмыс істеу барысында қажеттілігінен құндылықтарын, рөлдік ойынға ену кезінде шеберліктерін, топтық жұмыстағы алға басып жүйеге келтіруінен көшбасшылығын, берілген тапсырманы өзінің идеясымен, қиялымен сурет пен образға кіру арқылы таланттылығын, сұрақтарға тез, әрі толықтырып жауап берудегі ой ұшқырлығын, тапсырманы қызығушылықпен орындаудағы белсенділіктері мен ынтасын көре алдым.
            Сөзімнің  соңында өзімнің ойымнан туындаған  жеке көзқарасымды айта кетер болсам, білім беру жүйесіне заманауи осындай бағдарламалар қазіргі жас ұрпақтың дамуына, қабілеттері мен сана-сезіміне сай оңтайластырылып, енгізілуде деп ойлаймын. Бұл  жаңа әдістердің оқу үдерісінде пайдаланылуы, оқушыға сапалы білім беруде және ұстаздардың білімін жетілдіруіне  пайдасы өте зор. Заманына сай, адамы дегендей, техника дамыған сайын, балалардың да ой-өрісі де даму үстінде. Жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне  енуі, дәстүрлі білім мен бағалаудың нашарлығынан немесе қажетсіздігінен  деп ойламау керек, өйткені дәстүрлі біліммен сусындап, бағаланған адамдардың  біреулері ғалым немесе елге сыйлы жандар болса, кейбірі жай ғана ұстаз болса да өмірде өз орындарын тауып, болашақ ұрпақтың дамуына өз үлестерін қосуда.
            Римдік философ Сенека Луцийдің: «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де көп нәрсе үйренеміз»-деген нақыл сөзін басшылыққа алатын болсақ, қазіргі заманға сай білім жүйесіне енгізіліп жатқан түрлі бағдарламалар бойынша   білімімізді  жетілдірудің арқасында, ой-өрісіміз дамып, оқу үдерісінде  жаңашыл мұғалімдер қатары көбейіп, көптеген тың дүниелер пайда болуда. Сондай-ақ бүгінгі заманға сай жаңа технологиялардың, жаңа әдіс тәсілдердің оқушылардың дұрыс білім алуына,  әсіресе ауыл балаларының бойындағы  оқуға деген қызығушылығының даму үрдісін арттыруға көп көмегі тиюде. Жаңа технологиялардың оқушы бойына дұрыс таралуы мен  сапалы білім берілуі мұғалімнің жан-жақты болуы және шеберлігіне байланысты және осы мамандықты сүйіп таңдаған кез-келген ұстаздың қолынан келетін іс. Осы мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, болашақ ұрпақтың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, шеберлік таныту  біздердің, яғни ұстаздардың үлесі деп ойлаймын.
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  курстарының бағдарламасы. Үшінші (базалық) деңгей, үшінші басылым.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Мұғалімге арналған нұсқаулық.  Астана, 2012ж.