Разработка урока на тему К?ктемгі мерекелер


Сабақтың тақырыбы: Көктемгі мерекелер
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік
беру, жаңа сөздермен таныстырып, лексикалық бірліктерді
меңгерту, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан
әрі жетілдіру, білімдерін бағалау;
2) Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін, есте сақтау
мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту, лексикалық мини -
мумдарды қатыстыра отырып, қысқаша сөйлеу әрекеттерін
қалыптастыру, топпен жұмыс, жекелей жұмыстарды орын-
дау мақсатында іскерлікке машықтандыру;
3)Тәрбиелік; Табиғаттың әсемдігін қорғауға , көктем мерекелерін білуге,
аналарды ардақтап, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдер : түсіндіру, сөйлесу, ойын, қызығушылықтарын оятуға қатысты мәтінге құралған сызба, сұрақ - жауап Сабақтың барысы:
І – Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, аман-саулық сұрау, оқушыларды сабаққа даярлау, суреттер, сызбалар, оқулық
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ
Қане, балалар, осы «Көктем» деген сөзді естігенде, сендердің ойларыңа, естеріңе қандай сөздер, іс-әрекеттер келеді?. Балалар білетін сөздерін айтады, оны тақырыптың айналасына
топтастырамын. (күн, наурыз, құстар, жылы, сәуір, мамыр, ағаш)
-Ал енді көктем туралы кім тақпақты айтып береді ?
-Жақсы, балалар, көктем туралы сендер білмейтін тағы бір тақырып бар
-Бүгін сабақтың жаңа тақырып «Көктемгі мерекелер».
Көктемде көптеген мерекелер болады. - Ол қандай мерекелер? Сегізінші наурыз әйелдер күні. Жиырма екінші наурыз наурыз той. Бірінші мамыр халықтардың бірлестік күні. Тоғызыншы мамыр жеңіс күні.
Суретпен жұмыс.
Мереке дегенді қалай түсінесіңдер?
а) Жаңа сөздермен жұмыс
Мереке-праздник
Тілек-пожелание
Жыл басы-начало года
Көктемгі-весенний (-яя,-ее )
(жаңа сөздермен таныстырып болған соң, тақырыптың айналасына сөздерді қосамын)
Сергіту сәті.
б ) «Наурыз»166 бет 3-тапсырма.
Кітаппен жұмыс
IV.Сөзжұмбақты шешу.
1.Жеңіс күні қай айда болады ?
2.Мереке тағы қалай айтуға болады ?
3.8 наурыз ол қандай күн?
4.Көктемнің алғашқы гүл ?
5.1 мамыр қандай күн ?
6.Мерекелерде біз не бір біріне айтамыз .
V . Қортынды: Тест сұрақтарына жауап беру
VI. Үйге тапсырма: 166 бет 2- тапсырма жаттау.
VII.Мұғалім: Бүгін сабақта не істедік? Сабақ сіздерге ұнады ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, араларыңда кім жақсы жұмыс істеді?Бағалау: