Отбасылы? мерекелер. Т?рбие са?аты


Сабақтың тақырыбы: Отбасылық мерекелерСабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата - аналарын қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу.2) Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту. Олардың ой – өрісін дамыту.3) Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер т. б.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру.Мұғалімнің түсіндірмесі- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.Онда әкем - анам тұрадыАта - әже бауырымБәрі бірге қосылыпБір ұғымды құрады (Отбасы)- Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар 4 ә сыныбында өткелі отырған «Шаңырағым - шаттығым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош - келдіңіздер!Анаң - күнің жүрегіңӘкең - өмір тірегіңӘжең - асыл ардағыңАтаң - дана қорғаныңАғаң - қамқор асқарыңІнің - мөлдір аспаның - демекші1 - жүргізуші: Жылжи берші кезім емес жасқанарБөгей алмас білім атты тас қамалОтанның аяулысы боларсыңОтан деген отбасынан басталар.2 - жүргізуші Ата - ана асқар тау алдымдағыӘрқашан асқақтайсың алдымда әліӨзің берген өнеге тәрбиеңменБақыттымыз жанұя бауырындағы.1 - жүргізуші:Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атауы сіздердің есімдеріңізбен байланысты. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар.2 - жүргізуші:Сіздердің шыдамдылықтарыңызбен, қамқорлықтарыңызға біз барынша тәнтіміз. Өйткені біздің өмірдегі тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де өздеріңізге байланысты.Сержан - Әке, шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбасын құрайды.Бекзат:Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі - отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, құрметті балалар өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамын.Алдымен сүй ардақты ата - анаңдыҮлгілі ұрпақ атадан бата аладыБер жақсылық балаға бұл ғаламдаАта - анаңның мейірімінен тарайдыБақдәулет:Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - анаңның алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпында ата - ананың алған ерекше биік орны, қадір қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау - өз болашағыңда сақтау. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың, сен ата - анаңды сыйлайсың, сенің балаларыңда қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата - ана отбасында жақсылықтарды айтып, жақсы қасиеттерді үйреніп жаман мінез, жат әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуі керек.Ата - ананың тілегі адам болып өскеніңАдамдықтың тірегі адал болып өскеніңЖанырыс:Ата - ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттеген. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірім кәусар бұлағы - Ана есіміне ананы ардақтамайтын халықта жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.Бала, бала, бала депТүнде шошып оянғанТүн ұйқысын төрт бөліпТүнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.Аружан: Әке асқар тауым!Әке асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші. Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі ең қымбат адамым сіз, менің сүйікті әкешім.Сізсіз әке - ең ақылды, ең сыршылСізсіз әке - ең жақыным, ең шыншылШуақ шашқан қашанда асыл жүрегіңЖанымдасың қамқорымсың білемінҚабыл алғын бала жүрек тілегінӘн: Әке туралы әнАқерке:Бала үшін әкенің орны бөлек. Әке деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы – осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Әке - әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтау керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Қарап отырсақ әкенің де түр - түрі болады. Бірі – ақылды, бірі – білімді, бірі жігерлі, қайратты, батыл, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді.Өсірген баптап баласынӘкелер әркез «Жарайсың»Бар өнерін үйреткенОздырған да жүйріктенӘке – деген ардақты ат.Арсен:Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.Нұршат - Сен бақытты ұлансыңНұржан:Дүниедегі ең сұлу қазақ әйелі. Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам. Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы. Бізге қажымас қайрат беретін әйел анаға мың алғыс. Аристотель, Фирдоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали сол әйелдердің ұрпағы, бәрі ананың ақ сүтінен жаралған. Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абайды туған Ұлжан ана, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гаухар ана – бәрі бір ғана атқа ие, ол «Ана». Ендеше сол аналарды, мадақтап жүрейік.1 - жүргізуші:Кім сендерді балалар сүйетұғын?Қуанышыңа қуанып қайғыңа күйетұғын?Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпайШешең байғұс дамылсыз жүретұғын – дей келе кезекті аналарымыздың құрметіне арнап «Анама» әнін орындауға рұқсат етіңіздер.Аянат:Қазақстан республикасының қоғамы, оның белгілі бір алып жатқан аймағы бар. Басқарушы және халқы бар. Қоғамның дамып өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді. Ал отбасыны неге қоғам дейміз? Отбасының да басшысы бар. Отбасында әке не шеше басшы, олардың бірі болмас, баланың үлкені аға не әпке басшы. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді. Отбасының белгілі тұратын мекенжайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігіне қарай іс атқарады, оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай туғызу.Балнұр:Отбасының ауқатты болуы қоғамға да пайдалы. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туыс - туғандар мен де қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Адамның өз басының жұмысыннан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туыс - туғандар арасында адамның өз басының аталатын орны айқындалады. Мейрімді болсаң, сеннен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде сағанда көмекке келеді. Сөйтіп отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.Айдын:Отбасы - шағын қоғам дегенге толықтай келісемін. Бала - ата - ананың ұрпағы, өмірдің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Барлық бала ата - анасынан тек жақсылық жасауды үйрене отырып. отбасының діңгегінің мықты болуына үлес қосады, өз болашағын сақтап қалады.Көрініс - Байлық пен ақылЖансая:Адамзат ең алдымен ата - ана алдында парыздар, ата - ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ата - ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Ата - анаға осыдан артық тарту - таралғының керегі жоқ. Ата - ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді, бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланады. Ата - ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мейірдің, достық пен туысқандықтың туын тіккен адамдар.Бақдәулет:Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт.- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.- Жоқ балам үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға – үлгі, әке тәрбиесі ұлға – үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы – көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.Қарақат:Отбасындағы қыз баланың міндеттері:- Анаңа көмектес.- Бажылдап, айғайлап сөйлеме.- Бейуақытта ұйықтама.- Қонақ күтуді үйрен.- Үйдің тазалығына көңіл бөл.- Үйді таза ұста.- Тамақ жасап үйрен.- Қолөнерді үйрен.- Таза сөйлей біл.- Төсектен тұрған соң, төсекті жина.- Тамақ ішкен соң, ыдысты ертеңге қалдырмай жу.- Ешнәрсені айтқызбай, өзің біліп істе.- Барынша сыпайы, инабатты бол- Айтылған тапсырманы уақытында орында.- Анаңмен, жеңгеңмен сырлас.- Бөтен адамға сыр айтпа.Сұлтан:Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денесіне енетін нәрсе емес, оның да көптеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Яғни, отбасының бақыты, діңгегінің мықты болуы ата – аналардың, сол отбасы мүшелерінің өз қолында деуімізге болады.Нұрдәулет:Отан – отбасынан басталады дегендей біз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан - жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден - бір орта ол – отбасы. Отбасы шағын мемлекет.Сұлтан:Үлкенді сыйлау қазақ халқының ата - салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен - әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасы, өз ата - анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды. Ата – ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді. Оны бағып – қағып тәрбиелеп өсіреді. Білім береді, «Болашағым, өмірімнің жалғасы» деп үміт күтеді, мәпелейді. Адамзат болып, үй ішінің қамқоры болады деп сенім артады. Ата - ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды» деп айтылмаған. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген де осыдан шыққан. Ата - ананың ісінен көпті үйреніп қоймай, солардың тәрбиесінде бойға сіңіре білу - әр баланың парызы.Перизат:Адамзатқа өмірде ең жақын, ең қымбат нәрсе – отбасы. Баланың ең алғашқы ұстазы оның өзара түсіністік, мейірімділік, татулық, сыйластық, сенім, қамқорлық бауырмалдық, кешірімдік, сүйіспеншілік болғанда ғана бірлік болады. Осындай отбасында тәрбиеленген ұрпақ өзгелерге, Отанға шынайы махаббат сыйлай алады. Отбасында алған тәлім тәрбие жас ұрпақтың рухани азығы, өмірлік ұстаны мен жарқын болашаққа жетелейтін Темірқазығы, Отбасы – бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкін орын. Бала үшін туған отбасы – алтын діңгек. Отбасындағы жылылық пен мейірімді ешнәрсемен – басқа жерлерде жүз есе артық материалдық жағдай жасалса да алмастыру мүмкін емес.Бекзат:Жігітке:– Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? – депті қарт.– Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке, - депті жігіт.– Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – сол ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана – үйдегі – бақ, әке отырған – тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы, - депті қарт.1 жүргізуші:1)Тәрбие - баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат - міндеттерімен байланыста болуы керек*Бала тәрбиесіндегі қағидалар1) Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір - қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым - қатынас жасаған абзал. Жандос2) Әдепсіз сөз, дөрекі айқай - тәрбиедегі ең жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе оған қарай жауап береді. Марал3) Егер өзің баланы сыйламай тұрып өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят. Оразбек4) Баланың айтайын деген өтініші, ақылдасқысы келген мәселен ата - анасы тыңдап, ақыл - кеңес беруі керек. Нұрсұлтан5) Ата - ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Бекзат1- жүргізуші – Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы деп ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай балаларға түсіністікпен қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескертіп, қорытынды шығарып отыру керек.
2- жүргізуші - Мейірімділік – адамның бет әлпетінен, іс - әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде - кім басқа адамның ақыл - ойы, мүдде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп - жебесе ол мейірімділікке жатады.Аружан – Қанат туралы хикая7 - қателік:1 - қателік: Балаларды орынсыз еркелету. Сержан2 - қателік: Не істесең оны істе маған бәрі бір деп айту. Мирас3 - қателік: Аса қаталдық яғни Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата – ана-анамын деп айту. Перизат4 - қателік: Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін деп айту. Қыдыр5 - қателік: Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ деп айту. Әділ6 - қателік: Балаңызды баршылыққа баулымау. Несібелі7 - қателік: Балаңыздың ісіне, көңіл – күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл – күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т, с, с, ЖасұланАйдын:Уа, адамдарЖақсылықты жақсылық пен жалғаңдарИгілікті, ізгілікті таңдаңдарӨмір кілті қолдарыңда сендердіңАбайлаңдарТек түсіріп алмаңдар – дегендей, отбасының бірлігі мен берекеті ұрпақ тәрбиесінде өте қажет. Бұл - өте қымбат ұлттық құндылық.Кәусар:Бала бойындағы жат қылықтардың,, жағымсыз қасиеттердің пайда болуын ата - ана көбіне мектеп тәрбиесіне аудару салуы мүмкін. Жоқ, онда ата - ана қателеседі. Өйткені, біріншіден, бала тәрбиесі ана құрсағынан жатқанда басталады. Екіншіден жаңа туғаннан мектеп жасына дейін балалардың көбісі үйде тәрбиеленеді. Үшіншіден бала мектептен гөрі, үйде уақытты көп өткізеді. Сондықтан, бала тәрбиесіне бірден - бір жауапты ата - ана. Бала тәрбиелі, еңбекқор, инабатты болып өссін деген ата - анаға мынандай кеңестер ұсынылады:1. Бала алдында, отбасындағы өзара қарым – қатынаста, мәдениетті, сыпайлық сақтау керек.2, Ата – ана баланың жора - жолдастарының қандай екенін, олармен қарым - қатынастарын қадағалауы керек.3. Баланың оқу - тәрбиесіне үнемі назар аударып, олармен пікірлесіп, әңгімелесіп отыру да ерекше тәсілдердің бірі.4. Баланы еңбекқорлыққа тәрбиелеуде, үйдегі шаруалардың да маңызы зор. Ендеше баланы үй шаруашылығына араластыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеңіз!Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: балам жақсы, тәрбиелі болып өссін деген ата - ана отбасындағы тәрбиеге қатты назар аударуы тиіс деп ойлаймын.Арсен:Отбасы – адам баласының дамуына ықпалы зор.Біздің байтақ елімізОтбасынан құралғанЕлін сүйер сеніңізӨз жанұясын сүйе алғанКелесі кезекте отбасы туралы мақал - мәтелдер мен қанатты сөздерге береміз.1. Отан - отбасынан басталады.2. Ата - ана отбасының бастапқы дәнекері, ең бастапқы алтын діңгегі.3. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп жеңге болмас.4. Отбасы – алтын ұяң.5. Ата - анаңа не істесең, алдыңа сол келер.6. Ана үйдегі бақ, әке отырған тақ.7. Отбасы адамзатқа тәлім - тәрбие, үлгі өнеге беретін тәрбие ошағы.8. Адам баласының ажары да, бақыты да – Отбасы9. Әр отбасы мемлекеттің іргетасы.10. Отбасы тәрбие бастауы.11. Ата - ана – отбасының басты алтын діңгегі, бастапқы дәнекері.12. Ата - ана тіршіліктің қайнар, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы.13. Әр ата - ана өз баласының сүйікті досы, жақыны, жанашыры мақтанышы.1 - жүргізуші – Қабуснама - ертеде жазылған үгіт - насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.Айдын:Халқымыздың аяулы ұлы Б. Момышұлы кезінде былай мұңайған екен «Жаудан да даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді білмейтін балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке - шеше жоқ»- деген екен. Ол кісі арамызда жоқ. Ал бірақ батыр, жазушы атамыз көтерген мәселе бәрімізді алаңдатуы тиіс.»Балам»дейтін жұрт болмаса,»жұртым» дейтін бала қайдан болсын - демей ме, ендеше ел болып халық болып, әр отбасы болып ұрпағымызды тәрбиелейік.Жанырыс:Бала тәрбиесі, ұрпағымыздың болашағы кім - кімді де ойландыратын мәселе. Құрметті сабағымызға қатысып отырған ұстаздар мен ата - аналар ендігі кезек сіздерге мына алдарыңыздағы ұяшықтар ретімен таңдай отырып, отбасында кездесетін мәселелер туралы өз ойларыңызды білдіресіздер.Айдын:Сіздерге көп - көп рахмет. Айтқан пікірлеріңіз барлығы да орынды.
Кәусар:Ана - сая болар бағың балаӘке - асқар тауың, дейді қазақтаБір күн бар жылытар күн, жұбатар күнБір күн бар мұңайтар күн, қуантар күнМейлі, ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсынӘке - шеше деген сезімді ұмытар кім?Марал – Оң қанатым - әкемСол қанатым - анашымҚос қанатың болғандаТабар өмір жарасым.Қарап тұрып шекеніШымшылады сан күдік.Қанатымның екеуіСау болса екен мәңгі
Айдын:Ана - жарық сыйлаған жан екенсіңӘке - шуақ шашатын таң екенсіңАна - өмір, әке - бақыт, ана - жүрекДеп соққан жүрегімнің әні екенсің - дей келе Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар бүгінгі шаңырағым шаттығым, отбасындағы ынтымақтастың, бірлік пен берекенің тығыз болуы мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.