Та?ырыбы: Білім алушыны? білім беру процесіндегі зерттеушілік іс-?рекеті.
Тақырыбы: Білім алушының білім беру процесіндегі зерттеушілік іс-әрекеті.
Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерге оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақ беру процесінде және білім сапасын арттырудағы маңызын түсініп,оны қолдануына жол ашу.
Міндеттері:
1.Зерттеушілік жұмыстың бағыттарын көрсету;
2.Жұмысты дұрыс ұйымдастырудың жолын көрсету,бағыт-бағдар беру;
3. Іс-тәжірибемен бөлісу және өзара тәжірибе алмасу:
4.Бірігіп жұмыс жасаудың тиімді жолыын қарастыру;
5.Нәтижелі жұмыс жасау үшін қиыншылық келтіріп отырған мәселелерді бірігіп талқылау.
І. Бүгінгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын жағдаятты шешуге қажетті әдіс –тәсілдерді үйрету міндеті тұр,сондықтан баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып тұр.
1999 жылдан бастап оқушылардың зерттеушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды.
Зерттеу әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортаға қызығушылықпен , сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады.Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке қажеттілігін қанағаттандыруға жәнекөкейде жүрген сұрақтарына жауап табуына ықпал етеді.Өз еркімен зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілетімен, ойлау, қортынды жасау құзіреттіліктерінің қалыптасуына ықпал етеді.Бұл жұмыс баланың қоршаған ортаны таныуына, жаңа білімді дайын күйінде емес, іздену мен зерттеу, оқу арқылы бойына сіңіруіне жол ашады.
Бала табиғатында туа бітті зерттеуші.Олар кез келген зерттеу жұмыстарына белсене қатысады.Әсіресе бұл зерттеу жұмысы қабілеті жоғары балаларға тән.Барлығын танып білсем, әрнәрсені тәжірибеден өткізу, көру, қарау сияқты құлшыныс, өзбетінше ізденіуі өмір сүрудің барлық кезеңінде жалғасады.Жалпы осы жағдайды сабақта қолдануға көптеген мұғалімдер қарсы, керек болса өзі біліп алады дейді.
Оқу жүйесін басқаша құруға бола ма? Бұл сұраққа психолгтар мен педагогтар баяғыда жауап тауып қойған, оқу процесі жағдаяттардан, зерттеу жұмысының элементтерінен тұруы қажет дейді.Ал бұл жұмысты белгілі жүйемен, заңдылықтарға сүйене отырып және оқушынының өз ұсынысы,өз шығармашылығын дамытатындай етіп жүргізу қажет.Сабақ сонда ғана тиімді болып өтеді, балалардың юойында ізденуге деген құлшынысты тудыра білу қажет.
Ал осы айтқанымыздың бәрі әлі де жүзеге аспай келетініне ешкім дауласа алмайды.
ІІ. Бастауыш сыныптарда зерттеушілікті жүзеге асыру сабақтан тыс уақытта , кейде санаулы оқушылар тобымен, не жекелеме оқушылармен немесе вариативті сабақтар кезінде оқу үрдісімен тығыз байланысты кейбір өтілген тақырыпты одан әрі тереңірек зерттеу жұмыстары ретінде жүргізілуі мүмкін.
Экспресс зерттеу.Бұл жұмыс жалпы дарынды не бұл топқа жатпайтында оқушылармен жүргізіледі.Бұндағы мақсат оқушылар оқытушы берген тақырыпта шұғыл зерттеу жұмысын жүргізеді.Мысалы,3 сынып оқушыларын сабақ соңында мектеп маңында қандай құстар мекендейтінін, қандай ағаштар өсетініні білуге, қыста болатын табиғат құбылыстарын білуге,өсімдіктер мен жануарлардың қысқы тіршілігін бақылауға, адамдар қыста неге соқпақтар салған,не үшін деген сұрақтарға жауап алу үшін жіберуге болады.Бұндай жұмысты төменгі сынып оқушылары да аса ыжағаттылықпен орындайды.Эприкалық зерттеу(яғни тәжірибелік бағыттағы жұмыстар) ғана емес, теориялық, фантастикалық экспресс зерттеулерді жүргізуге болады.Мысалы, фантастикалық зерттеу жұмысына мынандай тақырыптар беруге болады: болашақ құрылыстары(болашақтағы жайлы үй макетін жасау, сызу, болашақ мектеп макетін, болашақтағы дүкендер құрылысын жасау т.б) ; жердегі тіршілік дамуы , қиял –ғажайып әңгімелер құрастыру.
Теориялық-экспресс зерттеу жұмысы қиындау , оны жүзеге асыру, материалдар жинақтау, оны жүйелеу біршама уақыт алады. Оқушыларға осы бағытта өлкетану, тарих, музыка, бейнелеу өнері бойынша материалдар жинақтау жұмысы тапсырылады.Мысалы: портрет салу өнері(ерекшеліктері) ,портреттің тарихи құндылығы, қазіргі және көне портреттердің ерекшеліктері; Теміртаудағы трамвайдың шығу тарихы;халық музыкалық аспаптарының тарихы жайлы зерттеулер жүргізуге болады.
Осы бағытта сауалнамалар алуға болады.
ІІІ.Ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстары.Бұл жұмыс сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.Оны жобамен 6 кезеңде жүргізуге болады.
Оқушы жағдаятты анықтайды, яғни зерттейтін тақырыпты белгілейді;
Жағдаятты шешу жолдарын ұсынады;
Материалдар жинақтайды;
Өз жұмысын жалпылайды, айтады;
Жоба дайындайды (баяндама, макет т.б)
Жобаны қорғайды.
Осы кезеңдерге жекелеме тоқталып өтейік.
Жағдаятты анықтау, тақырыпты табу.Дұрыс таңдалған тақырыпты жағдаятты тез табудың басты шешімі.Тақырып оқушыға қызықты және танымдық қызығушылығын оятатындай болуы керек.
Зерттеу тақырыптарын 3 топқа жіктеуге болады.
фантастикалық-бұл, өмірде болмайтын, қиял ғажайыпқа құрылған насана не құбылыс ретінде болады.
теориялық- бұл ақпарат көздеріндегі кейбір дәйектерді оқып білуге, оны жалпылауға құрылған, бұны дамдардан сұрап білуге, кіраптардан іздеп табуға болатын тақырыптар.
эмприкалық- бұл өзінің жеке тәжірибе жасап, бақылай алатын тақырыптары.Бұнда ішінде ең қиыны,қызықтысы теориялық-зерттеу жұмыстары, оны дарынды,қабілеті жоғары оқушылар ғана орындай алады. Эмприкалық бағыт оқушыларға қызықты ,бірақ мұғалімге оны дайындау, реттеу қиындық келтіреді.
ІҮ.Тақырыпты таңдау. Таңдап алған тақырып оқушыға қызықты болуы керек, оны өзіне тартуы қажет.
Тақырыптағы жағдаят шешілетін, оның шешімі балаларға тиімді, қажетті болуы керек.
Оқушылардың танымдық шеңберін көре отырып, өзіңіз білетін, оқушының осы тақырыпқа бейімі бар екендігін көре тұрып қана таңдаңыз.
Тақырып тың, ешкім әлі білмейтін, тосын, қызықты болуы керек.
Таңдаған тақырып , тез орындалатындай болуы қажет.
Тақырып оқушының білім деңгейіне, жасына сай таңдалғаны абзал. Оны орындауға талабы, мүмкіндігі жететіндей болуы қажет.
Тақырыпты созбай тез таңдаған жөн.
Ү. Материалдарды жинақтауға және алғы шарттар.
Басты шарт ол тақырыпты таңдау.Оқушыларға осы мәселенің шешімін табу үшін дұрыс бағыт-бағдар беру қажет.Жұмысты жүргізудің кезеңдерін дұрыс анықтау қажет.Оқушылардың әрбір қадамын мадақтап, әр жетістігін қолдап отыру қажет.
Сауалнамалар жүргізу, видео-аудио материалдарды жинақтау, тақырыпқа байланысты ақпарат құралдарынана материалдар іздеу ,осының бәрін оқушы өзі қызығып іздеуі керек.
Бақылау арқылы табиғаттың өзінен ақпарат алу болады.Мысалы адамдардыдың іс-әрекетін, құстардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылау .Күздегі жапырақтардың қалай түсетіні, көктемдегі жылғаларды судың қалай жасап алатыны жайлы бақылау оқушыға аса қызықты .Мысалы, «Неге балалар бала бақшаға барғанға жылайды?» тақырыбында зерттеу жүргізуге болады. Ол үшін оқушы өз бауырының бір күнгі іс-әрекетін бақылауы қажет, Осы жағдай қандай кздері қайталатыны, баланың көңіл-күйін не түсіреді, не көтереді? Осының бәрін анықтап білуге болады.
Зерттеу жұмысы- аса қиын және бұл кезде асығыстық жасауға, үстірт шешім қабылдауға болмайды.Оқушыларды жағдаяттан шыға білуге, қиындықтан жол таба білуге, төзімділікке тәрбиелеген жөн.Олардың қызықты тақырып таба білуіне және оны шеше білуге үйрету қажет.
ҮІ. Зертеудің басты бағыттары:
1.Тірі табиғат.
2.Адамзат.
3.Қоғам.
4.Мәдениет.
5.Жер.
6.Ғалам.
7.Ғылым.
8.Техника.
9.Экономика.Негізгі ғылымдар және жұмыс барысы:
Тірі табиғат: жануартану, жаратылыстану,генетика,табиғатты қолдану (ауылшаруашылығы).
Адамзат: адамның пайда болуы,дамуы,медицина, адам психологиясы,қызметі,атақты ойшылдар.
Қоғам: қоғам дамуы,мемлекеттер және елдер,тарих,демография,мемлекет қайраткерлері.
Мәдениет:тіл,дін,өнер,білім.
Жер:география,климат,жер қалыптасуы.
Ғалам: ғарыш,кеңістік,күн,жұлдыздар,инопланетияндар.
Ғылым:математика,физика,химия,астрономия, ғылым тарихы.
Техника: көлік,өндіріс,техникалық құрылымдар және дизайн,құрылыс.
Экономика:қаражат және өндіру, ақша және сауда,банктер.
Сөз соңында мұғалімдердің де зерттеушілік жұмыспен айналысуының қажет екендігін және оның заман талабы ретінде қабылдауымыз керек екендігін айтқым келеді.Ғылыми-әдістемелік жұмыс жасау мұғалімнің
авторлық жеке бағдарлама жасауы үшін, әдістемелік ұралдар дайындауына қажет;
Қолданыстағы әр бағыттағы бағдарламаларды оқып білуінде, жеке тұлғаға бағыттап оқыту негізінде түрлі жаңа технологияларды дұрыс меңгеріп, қолдануы үшін;
Зерттеушілік жұмыстарын жұрыс жүргізіп , оны оқу үрдісінде қолдануы үшін;
Білім беру мақсатының «білім,білік,дағдыдын» «тұлғаны дамыту» педагогикалық мақсатына өтуі үшін аса қажет.
Мұғалімдердің өз білімдерін жаңа деңгейге көтеруі білім сапасының жоғарылауына, оқушылардың білім сапасын көтеруіне, олардың жетістікке жетуіне әкелетіні анық.
«Теміртау қаласы №3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Білім алушының білім беру процесіндегі зерттеушілік іс-әрекеті.
Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Манапова Ж.П
Теміртау қаласы