Тарих саба?ында о?ушыларды ?БТ дайындау ?дістері
ТАРИХ ПӘНІНДЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҰБТ КӨРСЕТКІШІН АРТТЫРУ
Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға көп жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Қазақстан тарихының аса күрделі, қайшылығы мол тұстарын оқушылардың дұрыс түсінуіне көмектесу. Елін, жерін сүюі үшін ең алдымен оның тарихын жақсы білу міндет..Қазақстан тарихынан басталып қазіргі заман тарихының маңызды, бет бұрыс кезеңдерін сипаттайды, өзекті оқиғаларға баға беріп, олардың себеп – салдарлық байланысын ашып көрсетеді. Ал сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтай алады. Жинақта тарихи оқиғалар мен оның мазмұнына баға беруге негізделген сұрақтар кеңінен қарастырылды. Оқушылардың білімін жетілдіруде хронологиялық мәліметтер мен ұғымдар қарастырылған. Солар арқылы оқушылар белгілі бір тарихи үрдісті, құбылысты көз алдарына елестетіп, жадыларында сақтайды. Мұндай материалдар оқушылардың құрылымдылық – жүйелік, логикалық ойлау қабілетін арттыруға көмегін тигізеді.
Оқушы тақырыпты оқи отырып, тестік сұрақ бойынша жауап беруге дағдыланады. Бұл әдіс оқушының есте сақтау қабілетін ұйымдастыруға, ҰБТ – ға дайындалуға көмектеседі. Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығы бар оқушылардың шығармашылық дамуына, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру. Тарихи процестер мен құбылыстардың өздеріне тән белгілері мен сипаттарын анықтап, оларды топтастыра білуі, жеке тарихи құбылыстардың себебін, мақсатын, барысын, нәтижесін түсіне білуге тәрбиелеу.
Тарих пәнін оқытудағы басты міндет – Отан тарихын оқушы санасына сіңіріп, ел тарихын жете меңгертіп, отанына деген патриоттық сезімін ұялатып, азаматтық көз қарас қалыптастыру. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе. Тестілеу оқушылардың оқудағы жетістігін бағалауды бекітілген оқу бағдарламасы бойынша және барлығына бірдей ортақ құрылған стандарты тестерді пайдалану арқылы жүзеге асырады.
11 сынып көлемінде мектеп бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, өз білімдерін қорыта білуге үйрету. Ол үшін оқушылардың тест, олимпиада тапсырмаларымен жұмыс істей алатын білім жүйесін, икемдігін және дағдысын қалыптастыру. Сұрақтарға нақты жүйелі түрде жазбаша жауап бере білуге және қорытынды жасай білуі қажет. Қазақстанның тас дәуірінен бастап, қазіргі кезеңге дейінгі тарихын жүйелі түрде меңгеру. Алдымен тестке дайындалу үшін өтілетін материалдың мазмұнына қарай бірнеше түрге бөліп алу қажет. Сол арқылы жүйелі түрде дайындалуға болады.
Мысалға тесттерді мынадай түрлерге бөлеміз.
І Тарауда тест түрлерімен, хронологиялық тест, салыстырмалы тест, жабық тест, жартылай ашық тест, ашық тест, кесте тест. Жайсандар, пайыздар, датамен жұмыс, есімдер, тілжазу, қалалар т. б. Осылар арқылы жеке – жеке жұмыс жасап, балаларды тест орындауға үйретеміз. Нәтижесінде бала соған дағдыланады. Екіншіжағдай баланың ынтасын арттыру үшін, рейтинг жүргізу. Ол үшін әр баланың жеке дәптері болуы шарт. Сол дәптерге әрбір өткізілген тестің қорытындысын түсіріп, баланың шамасын, деңгейін анықтау.
ІІ Тарауда тесттің формалары арқылы дайындау, оқушылардың өздігінен дайындалуға бағыт беру.
ІІІ Тарауда әр қазақ баласының өз ата тегі, бабалары, жеті атасын білуі, өткен тарихын зерделеп, болашақ ұрпаққа аманат ретінде қалдыруы мақсатында оқырманға ой салу, ізденуге бағдар беру, өз ойын жүйелеуге жетелеу. Осыған қарап әр адамның өз ата тегі жөнінде білімін толықтыру.
ҰБТ жалпы орта білім беру жүйесіндегі білім беру сапасының нақты көрінісіне айналып, мектеп бітіруші оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын меңгеруін объективті бағалауға қол жеткізеді. Пән бойынша алған білімдерін ҰБТ кезінде тиімді қолданып, жоғары көрсеткіш көрсету. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. ҰБТ-ға дайындық кезінде қойылатын талаптар:
1. Білім берудің сапасын арттыру;
2.Сапалы білім беру жүйесін құру;
3.Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
4.Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;
Тарих пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары негізінде сапалы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. ҰБТ-ға оқушыларда даярлауда Тарих және Қазақстан тарихы пәнінен 5-9 сыныптарда өтілген тақырыптардың барлығы енгізілген және сол тақырыптар бойынша жоспар құрылған. Өтілгентақырыптардыжүйелептарауларғабөліпәртараубойынша тест әзірленген.
ҰБТ-ға дайындық кезінде төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырамыз, бұл жұмыстар оқушылардың алған білімдерін терең меңгертіп, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Модульдік технологияны ҰБТ-ға сапалы дайындық кезінде қолданудың тиімді жолдары:
Технологияға өтуге дейінгі дайындық кезеңі
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
Оқу материалдарын мазмұнына қарай оқуыту моделіне бөлуӘр модульді сағат санын анықтау
Әр модульдің технологиялық картасын жасау, сабақтың мақсаты, түрі, әдіс-тәсілдері, формасын айқындау.
Әр модульдің кіріспе бөлімінің тірек схемасы көрнекіліктерін жасау
Модульдік технологияның алгоритмі
Мақсат қоя білу теориялық білім беру оқушының шығармашылық, өз бетімен жұмысы аралық бақылау білім тексеру.
Модульдік оқыту технологиясының
тиімділігі:
* Жан – жақтылығы
* Коммуникативті құзыреттілігін дамыту
* Жүйелі түрдегі бақылау
* Өз бетімен іздену
* Тәрбиелік мәні
Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;
1.Модульдік технология тақырыптарды жүйелеп оқытуға негізделген. Оның ҰБТ-ға дайындық кезінде тигізетін көмегі зор.Әр бөлімді жүйелеп (сандар,даталар,есімдер,атаулар,ұғымдар,анықтамалар) есте сақтауға ықпал ететін бірден-бір технология.Тарихқа деген қызығушылығын тереңдетеді. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсетіп, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;
Оқушылардың материалды өз бетімен оқып,саралай білуі.Мысалы мемлекеттерге тән ортақ белгілерді анықтап,тірек сызба құрап,толтыру
№ Алтын Орда Ақ Орда Ноғай Орда МонғолстанӘбілқайырхандығыБатыс СібірУақыты Территориясы
Негізін қалады Орталығы Саяси оқиғалары Соңғы ханы
Ерте орта ғасырлық мемлекеттерТерриториясы, ОрталығыНегізін қаладыСаяси оқиғаларыТарихи ұғымҚұрамындағы тайпаларТүрік қағанатыБатыс түрікТүркешҚарлұқОғызҚимақҚара хандықтарҚидандарНайман мен керейлерҚыпшақКөтерілістерУақытыТерриториясыОрталығыҚозғаушы күшіМақсатыБарысыНәтижесіСырым ДатұлыК.ҚасымұлыИсатай мен Махамбет
ЖанқожаНұрмұхамедұлыЖ.ТіленішұлыОрал мен ТорғайдағыМаңғыстауАтауыБасшысыҚұрамыАуылдық басқаруАуылнай немеесе Ауыл басы Бірнеше отбасынан құралдыАта-аймақАқсақалБір атадан тараған, 7 атаға дейнгі бірнеше ауылданРулық басқаруРу басы немесе ру биі10-15 аймақтан құралдыҰлыстық билікСұлтандарБірнеше рудан құралдыЖүздік билікХандарБірнеше ұлыстан тұрдыХандық билікҰлы хан Үш жүзден тұрдыҚұрылтайМәслихатБүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесіЖүздерТерриториясы РуларыБилеріҰлыжүзОңтүстікҚазақстан,Жетісу Албан, Суан, Дулат, Жалайыр, Сіргелі, Сарыүйсін, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы
Төле би
Орта жүз Шығыс Қазақстан
Арғын, Найман, Уақ, Керей, Қыпшақ, Қоңырат
Қазыбек би
Кіші жүз
Батыс Қазақстан Адай, Алшын, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Масқар, Табын, Тама, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы, Қаракесек, Қарасақал, Ішекті, Төртқара, Шөмекей Әйтеке би
Тест түрлері
Хроналогиялық тест
Дата --------------------------Негізгі оқиғалар
V ғасырда ------------------ қарлұқтар деген атпен белгілі – Болат.
б. з. б. VII - VI ғасыр ----- шыққан өнер Аң стилі
Б. з. б ІV ғ – б. з ІІІ ғ. ------ Ғұн державасының негізін қалаған.
453 жыл --------------------- Еділ қайтыс болған жыл.
XIX ғ. I ж --------------------- "Кiшi жүз картасын" жасады. В. Вольховский
756 - 940ж ------------------ Қарлұқ қағанаты
942ж -------------------------- СатұқБоғра хан
1729 - 1730 жылдары ------- Аңырақай шайқасы
1757 - 1758ж ------------------ Жоңғар хандығының құлауы
1801 жылы --------------------- Бөкей Ордасы құрылды
1832 ж --------------------------- Ақмола округінің құрылуы.
1879ж --------------------------- Орынборда мұғалімдік институттың ашылуы.
1913 - 1917ж ----------------- «Қазақ» газетінің шыққан жылдары.
1942ж --------------------------- 1 қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды
1989ж --------------------------- ақпан Ауғанстаннан кеңес әскерлерін әкету аяқталды
1993ж ---------- 5 қараша Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді
1747 жылы -------------------- Хиуа тағына сайланған Қайып хан
1829ж -------------------------- Махамбеттің түрмеде отырған жылы
Салыстырмалы тест
Қағанат, мемлекет ---------- өмір сүрген уақыты.
Қарақытайлар ---------------- 1125 - 1212жж. Жетісу.
Қарахан мемлекеті --------- 942 - 1212жж.
Қимақ қағанаты -------------- ҮІІ – ХІ ғ.
Түркеш қағанаты ------------- 704 - 756 жылдар
Оғыз мемлекеті -------------- IХ ғ. аяғы – ХI ғ. Басы
Ақ Ода хандығы -------------- 1227 - 1428ж
Қыпшақ мемлекеті ---------- 11ғ - 1219ж
Ежелгі Түрік қағанаты ------- 552 - 603ж
Қазақ хандығы --------------- 1465 - 66ж
Моғолстан --------------------- XIV ғасырдың ортасы – XVI ғ. басы
Найман ------------------------- VIIғ. Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген
Әбілқайыр хандығы -------- Ақ орданың орнына келген хандық
Ақ Орда ------------------------- XIIIғ. – XV ғ. басында Шығыс Дешті қыпшақта өмір сүрген мемлекет
Керей, Жәнібек --------------- Қазақ хандығының негізін қалағандар
Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);
Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра өту;
Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;
Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау);
Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;
Әр тараудың және тоқсанның аяғында өтілген барлықматериалдарбойыншатест алу;
Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету.
Оқушы үшін әр сабақтың қызықты өтуі олардың пәнге деген құштарлығын арттырады, қызығушылығы жоғары болған жағдайда оқушының өзін де алға басушылық, ынта-жігер пайда болады.
Қазіргі таңдағы ғылым жетістігін білімде пайдалану сабақтың заманауи талаптарға сай өтуіне мүмкіндік туғызады. Сабақта қолданған тәжірибелерім осының дәлелі.Әр түрлі флипчарттар, презентациялар, видео роликтер оқушы танымын кеңейтіп, білімін жетілдіреді.
4. Пән аралық байланыс. Көркем әдебиет. Өнер.
Қазақ әдебиеті пәні, музыка сабақтарымен қазақ өнері, мәдениеті тақырыбында әр түрлі ашық сабақтар өткізу.
ӘДЕБИЕТ
Ә.Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы, «Санат»2001ж
«Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал
В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 1989 жыл
Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан, 1983 жыл
М.М.Жанпейісова, «Модульдік оқыту технологиясы»
А.Қ.Мөкешова, «Қазақстан тарихы бойынша оқу модульдері»
В.Т.Беспалько, В.И.Шетель, И.П.Волков, «Педагогикалық технология ұғымы»