?ол е?бегі Таби?и материалдармен ж?мыс. ??с жасау.


Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Қол еңбегі.
Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құс.
Мақсаты:Балаларды табиғи материалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру. Ермексазды орынды пайдалануды үйрету. Құстардың бейнесін жасауды үйрену, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Құстар бейнесінің үлгілері, ермексаз, табиғи материалдар (жапырақтар, бұтақтар,жаңғақтар).
Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты қайталау
Жаңа тақырыппен таныстыру. Балалардың назарын
тәрбиешіге аудару.
Іздену ұйымдастырушы Балалармен достасып,
Жазда бақты қорғайды.
Күзде кетер қоштасып,
Кім біледі ....
Бұрап қойған сағаттай
Айкайлайды таң атпай
Үй құстары мен жабайы құстарды салыстыра отырып ерекшеліктері жайлы әңгімелеу.Құстардың табиғатқа, адамға пайдасы туралы айтып, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.Табиғи материалдан жасалған құстардың үлгісін көрсетіп, талдау. Әліппе дәптердегі құстарды жасау үлгісін балалармен бірге талдай отырып, жұмыс жасауға бағыт бағдар беру. Біріктіру тәсілдерін көрсетіп, ермексазды пайдалану арқылы құстардың бөліктерін бір-біріне бекітеміз.
-бас пен кеуде бөлігі – ермексаздан;
-қанаты мен құрығы– жапырақтардан;
-мойны мен аяғы – бұталардан;
-көзі – жүзім дәнінен;
-айдары мен тұмсығы – қызыл түсті қатырма қаағаздан.
Жұмыс дайын болғанда осы құстарға қандай қамқорлық жасайтынын сұрау. Торғайды
Әтеш

Жем шашамыз, ұы жасап, су береміз.
Рефлексті коррекциялау Қорытынды. Балалардың жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер марапатталады. Білуі керек: Құстар туралы.
Болуы керек: Құстардың суретері
Баланың қолынан келуі: Жұмысты аяғына дейін орындау.