?Р?К Жар?ылары — ?скери ?ызметті?, ішкі т?ртіпті?, ?ызмет ат?аруды ?йымдастыруды? негізгі ережелері туралы.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту, кіріктірілген сабақ. Мақсаты :ҚРҚК әскери жарғыларын оқып-үйрену, әскери қызметшілердің жалпы міндетін түсіну, жауынгер, жазушы Бауыржан Момышұлының азаматтық биік тұлғасын таныту, жауынгер бейнесі арқылы, жастарды адами қасиеттер мен батырлыққа тәрбиелеу. Дамытушылығы :ҚРҚК Жарғылары арқылы болашақ Отан Қорғаушылар бойына ұлттық және Қазақстандық Отансүйгіштік қасиеттерді ұғындыру, сана-сезімдік қағидалардықалыптастыру. Тәрбиелілігі :Ұлтжандылыққа, толеранттылыққа, Отансүйгіштікке, нысанды тәрбие жұмыстарын жүргізуге, достық пен адалдыққа тәрбиелеу. Әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, баяндау, суреттеу, СТО көрнекілігі. Көрнекілігі: Мультимедия, карточка, тест сұрақтары, кітап көрмесі. І. Ұйымдастыру. Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу. Сап ережелеріне жаттығу. Сыныпқа кіргізу, отырғызу. ІІ. Қызығушылықты ояту. Әдептілер Топқа бөлу ізеттілер ІІІ. Ой қозғау. ҚРҚК ішкі қызмет жарғысы ҚРҚК тәртіптік жарғысы Г және Қ қызмет жарғысы ҚР саптық жарғысы 1 ҚР Үкіметінің “Алғашқы әскери дайындық туралы” №1340 қаулысы қашан қабылданды? А) 24.01.1996 ж. Б) 27.11.1998 ж. В) 01.11.1996 ж. 2 ҚР әскери қауіпсіздігінің негізгі стратегиялық бағдарын белгілеп, бекітетін қандай құжат? А) ҚР әскери доктринасыБ) ҚР Президентінің «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» ЖарғысыВ) ҚР «ҚР қорғанысы және Қарулы күштері туралы» Заңы 3 ҚР Президентінің “ҚР Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру» туралы жарлығы бойынша ҚР қарулы Күштері қашан және қалай өзгерді? А) 07.05.1992, жалпы мақсаттағы күштер, Әке қорғанысы күштері, Шекара қызметі әскерлеріБ) 07.05.2003, құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери Теңіз күштеріВ) 27.11.1998, Жалпы мақсаттағы күштер, Әуе қорғанысы күштері, Мобильдік күштер 4 ҚР «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы қашан қабылданды? А) 20.01.1993 ж.Б) 19.01.1993 ж.В) 10.03.1993 ж. 5 Әскери ант және оны қабылдау тәртібі кімнің жарлығымен, қашан қабылданды? А) ҚР Президентінің Жарлығы, 25.08.1992 ж.Б) ҚР Президентінің Қаулысы , 25.08.1992 ж.В) ҚР Жоғарғы Кеңесінің шешімі, 25.08.1992 ж. 6 ҚР Қарулы Күштерінің Жарғыларын кім, қашан бекіткен? А) ҚР Үкіметінің қаулысы, 01.11.1996 ж.Б) ҚР Қорғаныс Министрінің бұйрығы, 24.11.1996 ж.В) ҚР Президентінің Жарлығы, 27.11.1998 ж. 7 ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы қашан күшіне енді? А) 07.05.1997 ж. Б) 05.07.19996 ж. В) 07.05.1992 ж. 8 ҚР ҚК-ң нышандары ҚР президентінің қашанғы жарлығымен бекітілген? А) 24.01.1996 ж. Б) 18.07.1996 ж. В) 27.11.1998 ж. 9 ҚР соңғы доктринасы қашан қабылданды? А) 10.02.1993 ж. Б) 05.03.2003 ж. В) 10.02.2000 ж. 10 ҚР «Келісім шарт бойынша әскери қызмет туралы» Заңы қашаннан бастап күшіне енді? А) 07.05.1992 ж. Б) 20.03.2001 ж. В) 07.05.2003 ж. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні : Әскери тәртіп дегеніміз - әскери қызметшілердің заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, басқа да нормативтік (құжаттар) құқықтық актілермен және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарымен белгіленген ережелерді қатаң және нақты сақтауы. 3) Әскери қызметтің қиындылықтарын табандылықпен өтеуге; 1) ҚР Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға ; IV. Мағынаны ашу. 2) Әскери анттың, жалпыәскери жарғылардың командирлер бұйрықтарының талаптарын нақты орындауға; 4) Қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға; 5) Командирлерге (бастықтарға) жәнебір-біріне құрмет көрсетуге, әскери сәлемдесу мен әскерисыпайылық ережелерін сақтауға; 6) Әділ болуға, әскери істі адал зерделеуге және сеніп тапсырылған қару - жарақты, әскери және басқа техниканы әскери мүлікті сақтауға; 7) Өзін абыроймен ұстауға, өзі лайықсыз қылық жасамауға және басқалардың оны жасауына жол бермеуге азаматтардың ар-намысы мен қадір - қасиетін қорғауға жәрдемдесуге міндетті ; Ішкі тәртіп дегеніміз - әскери қызметшілердің әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери жарғыларда орналасу, күнделікті қызмет пен тұрмыс ережелерін қатаң сақтауы. Ішкі тәртіпке 2. Саналы және дәл орындауымен; 4. Күн тәртібінің жәнеқызметтік уақытрегламентініңдәл орындалуымен; 6. Командирдің (бастықтың) жоғарыталапшылдығын бағыныстылар туралы ұдайы қамқорлығыменжәне олардың денсаулығын сақтауды үйлестіруімен; 1. Барлық әскери қызметшілердің заңдар және әскер жарғыларменайқындалған міндеттерін терең білумен, түсінумен 5. Нысанды тәрбиежұмыстарымен; 10. Орналасқан орындарындакүнделікті қызметі,өмірі мен тұрмысы үшінжағдайлар жасауға; 3. Әскерлердің қызметін жітіұйымдастырумен және тәуліктікнарядтың қызметті үлгілі атқаруымен; 7. Өрт қауіпсіздігініңталаптарын сақтаумен; 9. Жауынгерлік даярлықпен,қару-жарақ, әскери техниканыпайдалану ережелерінсақтаумен; 8. Қоршаған ортанықорғау жөніндегі шаралармен; Егер заңдылық барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар-дың лауазымдық тұлғалар мен азаматтардың қызметтерінің конститу-циялық принциптері болып табылса ,әскери тәртіп –тек әскери басқару органдары қызметінің ғана принциптері. Заңдылықтан әскери тәртіптің айырмашылығы ол тек заң нормаларын орындауды ғана емес , сонымен қатар техникалық нормалар мен ережелерді, оның ішінде, заңдық сипаты бар ережелер мен нормаларды орындауды талап етеді.Мемлекеттік тәртіптің бір түрі ретінде әскери тәртіпке жалпы қасиеттер тән.Сонымен қатар әскери ұйым мен әскери қарым-қатынас ерекшеліктерін ескере отырып әскери тәртіп төмендегідей ерекшеліктерге ие: Біріншіден: Әскери тәртіптің басқа мемлекеттік тәртіптен айырмашылығы – әскери қызметшілерге қойылатын бұйрықты беру мен орындау тәртібімен байланысты қатынастар,әскери сыпайылық ережелерін белгілеу және сақтау,заң бұзудың алдын алу шараларын қабылдау сияқ- ты талаптарды реттей отырып,әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді. Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да таратылады,ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлер- дің жұмыс уақытында өз міндеттерін орын- дау үшін ғана қажет. Үшіншіден: әскери тәртіп басқа тәртіптерге қарағанда орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды.Мысалы,әскери қызмет қиындықтарын шыдамдылықпен алып жүру , әскери борышты өтеуде тәртіпті де батыл болу, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау және басқалары. Төртіншіден: командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі басқа лауазымды тұлғаларға қарағанда кең.Бұл жекелеген жағдайларда тәртіптік жарғыда қарастырылған- дай, бағынбайтындарға төтенше жайттарда қару қолдану өкілеттілігін бөлгенде көрінеді. Бесіншіден: әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін, тәртіптің басқа түрлерімен салыстырғанда,заң алдында қатаң жауапқа тартылу белгіленген. Осылайша,әскери қызметшілер бағынбағаны үшін,бұйрықты орындамағаны үшін,бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Осылайша, әскери тәртіп ерекшеліктері оның талаптарының мазмұны мен әрекет ету аумағынан ғана емес,оны бұзудың сипаты мен жауапкершілігі дәрежесінен де көрінеді. Әскери тәртіптің заңдық негізін заңдар мен шағын заң актілері құрайды.Оларға: ҚР-ның Конститутцисы,заң шығарушы актілер,әскери ант,әскери жарғылар, Президент жарлығы мен Үкімет қаулысы, Қорғаныс министірінің,басқа да әскери басқару органдары мен олардың лауазымдық тұлғаларының бұйрықтары мен заң актілері жатады.Олар әскери тәртіп талаптарын,оны ұстану жолдарын осы жолдарды қолдану тәртібін белгілейді. Ендігі кезекте сабағымызды жауынгер, жазушы, ұлттық рух пен патриотизмнің қайнар көзі, ұлт мақтанышы, абырой-ары, Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлының шығармаларын арқау ету арқылы пайымдасақ “ Офицер күнделігі”“ Бір түннің тарихы”“ Біздің семья”“ Москва үшін шайқас”“Жауынгердің тұлғасы”“Майдан”“Майдандағы кездесулер”“ Генерал Панфилов”“ Төлеген Тоқтаров”“ Куба әсерлері”“Ел басына күн туса”“ Ұшқан ұя”“ Адам қайраты”Б. Момышұлының 30 томдығы Әскери тәртіпті Б.Момышұлы былай түсіндіреді.“Тәртіп қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде біріктіру: “Солдат болу оңай емес, басқаның еркіне мойын ұсыну жеңіл емес, бірақ сен бұйрықты, командыны сөзсіз орындауға тиіссің,тіпті бұйрық саған ұнамай тұрған күннің өзінде де сен сөзге келмей орындауың керек”- деп жарғыдағы бұйрықтың талқыланбай орындалуын ескертеді.Ал,күш-қайрат ұғымы Б.Момышұлы сөзімен айтқанда:“ Қажыр-қайраттың,ерік жігердің тас түйіндей түйелуі, алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ой, жүйке, бұлшық ет күштерін жұмылдыру.” “Ерлік-табиғат сыйы емес, ең алды мен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтық абыройыңды ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін, азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, қауіп-қатеріңді бөлісіп, жауды барынша жою, жанға –жан, қанға –қан,аяусыз деп кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп –қатерге бас тігу” “Бауыржан Батырдың Тәбәрік” Армия- мемлекетті сыртқы және ішкі жаулардын қорғауға арналған ұйымдасқан, тәртіпті мемлекеттің Қарулы Күші,армияда адамның рухани күші мен қажыр қайраты, қалыпты әрі жоспарлы жұмыс жүргізу үшін,қатаң тәртіпке бағынады.Армия дегеніміз-ең саналы әрі парасатты адамдар тобы екенін түсіну керек.Әскерге жоғары,асқақ сезім,жалпы табанды ерік-жігер,тамаща ұйымшылдық,жоғары мінез –құлық тән. Ерік- өз бетінше дұрыс та,парасатты шешім жасауға әрі оны өмірде жүзеге асыруға қабілеттілік,яғни ақыл-ойдың сезімімен үйлесімді жұмысы,сезімнің ақыл-ойға бағынуы. Назар- ерік-жігердің алаңдаушылық күйі.Өзінің барлық болмысымен құбылысты тану,қабылдау және міндеттерді айқындау мақсатымен мида қорытуға көңіл аудару. Ынтасыздық-әр түрлі себептермен ерік жігердің босаңсуы,жинақсыздығы тұрақсыздығы. Салақтық-істі аяғына жеткізуге дейін еріктің әлсіреуі,нашарлауы,божырауы. Күш,қайрат-қажыр-қайраттың,ерік жігердің тас түйіндей түйелуі,алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ойға,жүйке,бұлшық ет күшін жұмылдыру.. Табандылық-барлық күш –қуаттың арту ширығу күйі,сәтсіздіктің тақсіретін басу,белгіленген мақсатқа қалайда жетуге ұмтылу. Өзін-өзі ұстай білу-ақыл-ойды,ерік-жігерді, құлшынысты, сезімді өз еркіне бағындыруға,адамның бұл қасиеттерін ұрыс жағдайына байланысты тең пайдалана білуге,сабырлы әрі парасатты шешім қабылдауға қабілеттілік. Инициатива,бастаманы қолға алу – әркімнің өз қалауына, еркіне қарай, жауапкер-шілікті өз мойнына алып,әрекет ету қабілеті. Батылдық –қатаң түрде атқаратын қызметіне ,әскери атақ ,шеніне, міндеттерді орындау мақсаттарына сәйкес ұрыс даласында өзін алып жүру қабілеті.Әдетте, батылдық дегенде жүйке жүйесіқызметінің ерекше күшейе түсуін,қажыр –қайрат пен рухани күштің қанаттануын ұғынамыз,мақсатқа жету үшін айталық жеке басты өлімге тігіп жету барлық уақытта,барлық жерде дұрыс емес.Мұндай қимылдар көбінесе шешімділік ұғымына саяды.Ақыл-ой, ерік-жігер,күш-қуат,өзін-өзі ұстай білушілік,шешімталдық бұл қасиеттердің жиынтығы “ерлік” деген ұғымды береді. Қорқақтық-ерік-жігердің және өзін-өзі ұстай білудің жоқтығы,соның салдарынан әскери парызды,жеке басының абыройы тәрк етеді.Өзін-өзі сақтау инстинктің жағымсыз жағының көрінісі. Шешімсіздік- асып сасуға.абыржу мен әрекетсіздік күйге дейін жеткізетін ерік күштің толқуы.Устав ешқандай әрекетсіз отырғаннан әйтеуір бір шешім қабылдауды міндеттейді. Кінә жауды жоюға ұмтылып,мақсатына жете алмаған адамға емес, жауапкершіліктен қорқып,тайсақтап, іс-әрекетсіз қарай отырып,қалған қажетті сәтте жеңіске жету үшін барлық күш-қуат пен қаруды қолдана алмаған жанға артылады. Мінез- жеке адамның өзіндік ұқсағандардан айырмашылығы,қабілеттілігі-оның қызметінің көрнісі. Мінессіздік - ойлаудың айқын еместігі.Оқушылар берілген тақырып материалымен танысып,ой елегінен өткізіп болғаннан кейін ортаға шығып,өз ой-пікірін білдіреді,өзіне ерекше әсер еткен анықтамаға тоқталады және жазушы, батыр,қолбасшы атасынан қандай тәлім-тәрбие алғанын айтады. Ой толғау Адалдық Қадір – қасиетҚырағылық Абыройлылық Тазалық Әскерижарғыларталаптары ҰқыптылықҚұпиялылық ЕрлікҚорғауСүйіспеншілікПатриотДостықТәртіпЕржүрек Әдепті ШеберБіліктіБілімдіБайыптыБайсалдыБағынышты V. Ой түрткі Ердің сыншысы - Ашу – дұшпан, ақыл - ... - бала қорғаны Досы көпті ... алмайды Көз - ... айнасы Адамды асырайтын ... Ерлік түбі- ... ... қылыштан да өткір Елек ішінде ... тұрмайды Дау жоқта ... көп Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері 1.Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу-сатқындықтың белгісі.2.Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!3.Отан үшін отқа түс-күймейсің.4.Опасызда Отан жоқ.5.Елсіз ер болмайды,жұртсыз жігіт болмайды6.Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,Шындықтың уын ішіп өлген артық!7.Ерлік-табиғат сыйы емес,саналы әскери тәрбиенің жемісі,Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп,өзіңді саналы түрде қауіп- қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі Бауыржан Момышұлының дәйексөздері. Бақаның бағынан сұңқардың соры артық Ана үшін аянба-ант ұрады, Бала үшін аянба-бетің күйеді. Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. Қырағының өзі де,көзі де батыр. Ел дегенде езіліп,жұрт дегенде жұмылып қызмет ет. Жерге тер төгіп,халыққа кан төгіп қызмет ет. Сабырлық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады. Сын- ерді шыңдайды, Қорқақты қинайды. 1 2 3 5 666 7 8 4 Б а у ы р ж а н М о м ы ш ұ л ы Найзадан қол босаса қалам алдым,Толғанып оқиғаны көп ойландым.Сыздаған у шиқандай көп қатамды,Именбей ,жалтақтамай ащық жаздым.Ажал тұр аңдып арбап мүлде жақын,Атадым шала-шарпы ерлер атын.Ат жалында істелген адал еңбек,Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.Төселген жазушы емес менің затым,Көркемді жұмыр емес жазған хатым.“Сергек ой - ер серігі” дейді қазақ,Салмақтап ел танысын ерлер атын. VI. Қорытындылау Тәртіп дегеніміз не ?Әскери тәртіпті орындауда әскери қызметшілерден нелер талап етіледі?Қазақстандық батырлардан кімдерді білесіңдер ? VII. Үйге тапсырма VIII. Б а ғ а л а у § 2, 75-79 беттер, реферат “Ерлік- батырлық негізі.”