Орта??ы тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан технологиялы? картасы.


Тақырыбы:Мен елімнің кішкентай азаматымын
Мақсаты: Еліміздің әскері, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлері, танкішілер, ұшақтар, теңізшілер туралы түсінік беру. Өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамыту.
Көрнекіліктер: әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар,үнтаспа.
Әдіс –тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын ,практикалық.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері:
-Балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бірлікті, бейбітшілікті, татулықты, тыныштықты қолдайтынымызды білдірейік. Балалар шаттық шеңберін құрады. Өлең жолдарын айта отырырып, қимылдар жасайды.
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік -Балалар, біз бүгін Отан қорғаушылар
Туралы әңгімелесеміз.Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер?
-Қандай әскери мамандарды, адамдарды білесіңдер?
«Жалғасын тап» ойыны.
Танкі жүргізуші ...(танкіші)
Ұшақты басқарушы ...(ұшқыш)
Шекараны күзетушілер ...(шекарашы)
Әскери кемедегілер ...(теңізші)
-Жарайсыңдар балалар,ойынды жақсы ойнадыңдар.Енді мен сендерге Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылары туралы айтып беремін.
Танкішілер, ұшқыштар,теңізшілерге, ел қорғайтын ержүрек жауынгерлерге байланысты сұрақтар қоя отырып ақпарат береді. Олардың арнайы әскери дайындықтан өтетіндігін түсіндіреді. Сонымен қатар олардың денсаулығы мықты болу керектігін, сол себепті үнемі спортпен шұғылданатындығына тоқталады.
Сергіту сәтін өткізу.
Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «Аспандағы шеру» тақырыбына қоллаж құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға «Кімге не керек?» тақырыбында мазмұнды сурет құрастыруды тапсырады. -Әскери киім киген ағалар. Әскердегі ағалар.
- Танкі айдайтын адамдарды ұшқыштарды.
Әңгімелесу барысында тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.
Өздерәнің әскерге бапған ағалары туралы айтып, ойларын бөліседі.
Әскер, танкішілер туралы білетіндерін айтады.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Бірінші орталықтағы балалар ұшақтар тізбегі, парашюттен секірген адамдар, лтшашулар т.б. сурет қиындыларын жапсырып «Аспандағы шеру» тақырыбына қоллаж құрастырады.
Екінші орталықтағы балаларға танкішіге танкі, ұшқышқа ұшақ, теңізшіге кеме т.б. суреттерді топтастырып «Кімге не керек?» тақырыбында мазмұнды сурет құрастырады.
өРефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, қөніл күйлерінсұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көніл кұйлерін таңбаларға белгілеіді.
Күтілетін нәтижелер: Біледі: еліміздің әскери, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлер, танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер туралы.
Игереді: еліміздің әскери, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлер, танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер, олардың қызметі, олардың арнайы әскери дайындықтан өтетіндігі туралы.
Меңгереді: айбынды армия туралы білімді.