?лтты? ??ндылы?тыр негізінде жастарды адамгершілікке т?рбиелеу.
Ұлттық құндылықтыр негізінде жастарды адамгершілікке тәрбиелеу.
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.
«Қазақстан – 2050 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.
Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата – баба дәстүрін, ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан бастау алып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан – қилы ырымдар мен кәделерге толы салт - дәстүрлерінің маңызы ерекше.
Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем – білсем деген алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі. Халқымыздың әдеби мұраларының бірі –бата. Ақпан айында бата түрлері жайлы кеңінен мәлімет беру,батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында ана тілі пәнінен Н. Айтовтың «Алтын сөз» атты ашық сабақ өткізілді. Оқушылар ата-бабамыздан мирас-өнеге болып қалған баталы сөздерді естерінде сақтап, қастерлеп жүруге үйренді..
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт – дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс – шараларға бөлуге болады:
тілді құрметтеу;
ұлттық салт – дәстүрді зерделеу;
елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
ата – бабалар өсиетін орындау;
жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.
Яғни, патриоттық тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, дүниетану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу үйрену, әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені мен теңдік алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері – бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы. Ана тілімен Отан деген ұғымдар – бір – біріне ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарайтын кісі өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ.
Дүниетану сабақтары еліміздің жер байлығы мен әсем табиғаты туралы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың елі үшін мақтаныш сезімін оятып, мұндай байлықты қорғау қажеттігін көрсетуі тиіс.
«Ел болам десең, бесігінді түзе», - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәрсүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт – санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені сөзсіз. Желтоқсан айында өткізген «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым» , «Біздің Елбасы» атты тәрбиелік шаралардың мәні өте зор.
Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.
Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ. Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы Абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде өте ұтымды пайдаланған.Биылғы оқу жылында сыныбымызда Абай атамыздың 170 жылдығына «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы таңырқа» атты тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өтті.
Отанды қастерлеудің озық үлгісін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабын оқып көз жеткізуімізге болады. Автор кітаптары түйін сөздің оқу – білім мәселесіне арнап, сонымен бірге адамның бойында Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтің әрбір жасқа таным нәрін егетін, тиімді еңбек ету машығын үйрететін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне де байланысты екенін айтады.
Отанға деген сүйіспеншілік – патриотизим ата – ананы, жасы үлкенді құрметтеуден басталып, өркендейді. Бала ата – анасы өнегесіне, өмір мен өнердегі әйгілі қаһармандарға, көш бастайтын ерлерге қарап есейді, тәжірибе жинақтайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл кітабы патриотизм, Отанды сүю пәнінен дәріс беретін тағылымы мол оқулық десе де, әркімнің күнделікті серігі болатын, жаны сергек жастарды уақыттың алдыңғы шебінде жүруге дайындайтын, еліңе деген махаббат арқылы ұлы болашағыңызға деген сеніміңізді жанып, ширататын, нақты - әрекеттеріңізге күш – қуат қосатын аса бағалы туынды.
«Мен жастарға сенемін!», - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, қоғамды алға сүйрейтін тәрбиелі де білімді азаматтарды қалыптастыру барша қоғамның ісі.