Тарих саба?тарында жеткіншек бойында патриотты? сезімін ?алыптастыру


Тарих сабақтарында жеткіншек бойында патриоттық сезімін қалыптастыру
Джантулина М.Т- тарих пәнінің оқытушысы
А.Иманов атындағы жол- көлік колледжі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері тарих пәні оқытушыларына терең ой салады. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде және мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі қажеттілігін заманымыздың өзі көрсетіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу.
Жас жеткіншекке патриоттық тәрбие беруде тарих пәнінің алатын орны ерекше. Тарих пәні оқытушының міндеті тарихи шығармалардан оқиғаны сипаттайтын үзінді оқу арқылы, қосымша дерек көздерін пайдалана отырып, жеткіншек жүрегінен орын ала отырып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, олардың бойында мінез-құлықты қалыптастырады. Жастар жағымды кейіпкерлерге еліктейді, одан үлгі алады. Ал тарихта қаншама үлгі алардың қайраткерлер бар, оларды орнымен мақтан тұту, сабақтың бөлімдеріне тиісті деңгейде пайдалана білу оқытушы шеберлігіне қатысты.
М.Жұмабаевтың «Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі» деген сөздері бар. Соңғы уақыттарда тарих пәні талай сынға алынуда, өткенімізді еске түсірсек, ертеректерде тарих кітабы түрлі түсті иллюстрациялы, тарихи оқиғаларды сипаттау қызықты да тартымды шығарма тәрізді етіп жазылатын еді, соңғы кездегі кітаптарда сандық көрсеткіштер, фактілер көп беріледі де қалғаныны қосымша материалдан тауып ал, я немесе ақпарат құралдарын пайдалан деген сөз екені бізге түсінікті. Яғни тәрбиеге қатысты оқушыны сабаққа тартымды ету, бойында елжандылықты қалыптастру және сабақтың қай бөлімінде оны іске асыру жолдарын таңдау мұғалім құзіреттілігінде жатыр.
Дәріс барысында тақырыпқа орай туған жер, отан туралы мақал-мәтелдер, қазақтың би-шешендерінің сөздері, жыраулар сөздерін қолдану, Түрік қағанаты заманында қолбасшы болған Күлтегіннің, Тоныкөктің, Оғыз батырдың түркі елін жаудан қорғаудағы ерлік істері, әскери жорықтары, даналығы жастар бойында патриоттық сезімнің қалыптастырудың жолы емес пе? Өйткені тарих пәнінің қандай сабағы болса да оның негізгі мақсаты – тәрбиеде жатыр.
Біз, ұстаздар әрбір сабағымызда жастарға Қазақстан елінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі, оның жетістігін өткен күндермен салыстыра отыра айтып отырсақ, жеткіншек бойында өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыра түсеміз. Өйткені біз, ұстаздар өткен күндерді, сонау 90 жылдардан бүгінге дейін еліміздің жету жолын көрген аға буын болғандықтан жас ұрпаққа айтарымыз бар.
Соңғы кездерде елімізде мақтан тұтар көптеген қазақ фильмдері пайда болды. Солардың қатарынан «Жау жүрек мың бала», «Батыр Баян», «Көшпенділер», «Қыз Жібек», «Біржан Сал»т.б фильмдері ата-баба дәстүрінің ізімен жастарды жауынгерлік рухқа баулып, Отанға, халыққа шын сүйіспеншілікпен қарауды, ата салтын құрметтеуге апарады. Тарихи оқиғаларды тақырыпқа сай айта отыра осы фильмдерден үзінді келтіру, я немесе студенттермен бірге талқылауға да болады.
Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-сьезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отаншылдық сезімін білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарында, барлық ұйымдарда қалыптастыру көкейкесті болып табылады. Балаларды отанды, туған жерді өзінің халқын сүюге тәрбиелеу- мұғалімнің аса маңызды да аса жауапты қадірменді парызы” – деген сөзі бар. Қазақстан мемлекетінің дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі алдымен ұлтар мен ұлыстар арасында татулық пен бірлікті сақтаудан басталады. Осы жолда бүгінгі тұтастығымызы берік ұстауға жастарды шақыруымыз керек.
Туған жерге деген ыстық сезімнің, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиеттің Ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, Асан қайғы, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мақмұт Қашқари тағы басқалардың шығармаларынан орын алғанын көреміз. Өз халқына, ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да көруге болады. Қазақ халқының аты аңызға айналған қаһарман ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі бір төбе
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазакстан - 2030» бағдарламасындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің балаларымыздың дені сау, сапалы білімді, өресі биік болып өсуі, тиіс» - деп тегін айтпаса керек. Ал биылғы жолдаудың өзінде елбасымыз «Мәңгілік ел» идеясын тастауы бүгінгі жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың нағыз жарқын шағы деп бағалауға болады.
Сабақ, дәріс барысында ұстазға түрлі әдіс тәсілдерді қолдану оларды әсерлі, эмоциялды түрде жеткізе білудің маңызы зор. Оқу фильмдерінің фрагменттері, тарихи романнан оқылған 1-2 минуттық әсерлі үзінді, мұғалімнің дауыс ырғағы тақырыптың мазмұнына сай түсіндіруі, оқушыларды қызықтыра білуі де оның шеберлігіне байланысты. Әрбір ғасырдың ұлы тұлғаларының өнегелі істерін жас жеткіншек жүрегіне жеткізе білудің өзі оларды жеңіске жеткізеді Тарихи оқиғаның пайда болуы, дамуы, бәсеңдеуі, аяқталуы, т.б. байланысты, бұл оқиғаның негізгі себептерін анықтап алайық - деп, қарапайым тәсілдермен оқушылардың ойлау кызметін дамытуға түрткі жасай отырып, ойландыруды күрделендіруге болады. Пән мұғалімінің тапсырмасымен оқулық мәтінін, қосымша материалды қолдану арқылы тақырыпты терең, жан-жақты меңгеруі ғасыр талабына сай азаматтарды даярлаудағы рөлі зор болмақ.
Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, кұбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады.
Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезеңде болмасын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шыққанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихың сақтар мен ғұндардан Қазақ хаңдығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланын рухы мықты болады.. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ержеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш, қуаныш сезімі орнайды. Себебі, балаға арғы атаң батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметгік және саяси жаңару жолыңда» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар аударып отыр. Осы жолда тарих пәні мұғалімдеріне жүктелетін міндеттер де баршылық.
Әдебиеттер:
1.Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие
2. Қазақстан тарихы әдістемелік журналдар.
3. Ақпарат құралдары