Саба? та?ырыбы: ?лтты? спорт ойындары.
Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Березняковка орта мектебі
«Ұлттық спорт ойындары»
Дайындап және өткізген:
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Нургазин Е.М
Зеренді 2016ж.
Сабақ тақырыбы: Ұлттық спорт ойындары.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ұлттық ойындар туралы мағлұмат беру және үйрету.
Оқушылардың денсаулығын, ой-өрісін, икемділігін, шапшаңдығын дамыту және ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру.
Салауатты өмір салтын ұстануға және шыдамдылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ысқырық, арқан, орамал, қамшы, шытқа түйілген теңге, қазан, ешкі макеті, салмақты доп.
Р/с Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік сабақтар
I Кіріспе бөлім.
Сыныпты қабылдап алу. Сапқа тұру, кезекшінің рапорты, сәлемдесу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. 2-3 мин. Арнайы спорт киімдеріне, жалпы сабақ даярлығына назар аудару.
II Дайындық кезеңі.
Жүру аяқтың ұшымен, өкшемен, ішкі және сыртқы қырларымен.
Жүгірісте орындалатын жаттығулар.Оң және сол жақ жанымен, тізені жоғары көтеріп, өкшені артқа көтеріп жүру.
Жүріске көшу. Дем алу, дем шығару жаттығулары.
Жалпы денені қыздыру жаттығулары, төрт қатарлы тізбекке тұрып орындалады. 10 мин. Берілген бұйрық бойынша орындау. Еркін тыныс алу. Алдыңғы және артқы әріптестеріне кедергі жасамау. Бұлшық ет топтарын жақсылап қыздыру.
III Негізгі бөлім.
Қыз қуу.
Оқушылар екі топқа бөлініп спорт залдың бір жақ басына тұрады, бір топтың ойыншысы қарсы топқа барып біреуін сайысқа шақырады, берілген белгі бойынша қыз бала алдыға айналыммен жүгіреді де, ер бала қызды қуып жетіп, қыздың беліндегі бекітілген шағын орамалды жұлып алуға тырысады. Кері қайтарда жігіт қашады, қыз қуып жетіп, қамшымен соғады.
7 мин. Техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Қыз бала сөре сызығынан 3 метр алда тұрады. Ұсталған ойыншы қарсылас топқа қосылады. Ойын аяғында қай топ көп болса, солар жеңіске жетеді.
2.Теңге алу. Сөре сызығы бойына қатарынан екі топ орналасады. Белгі бойынша екі топтан бір-бір ойыншыдан жүгіреді, жол бойындағы шытқа түйілген теңгелерді жинап қайтады. 7 мин. Жеңімпаз топ жүгірген жұптар бойынша анықталады.
3.Көкпар тарту.
Спорт залдың екі жақ басында қазандық қойылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы сызық бойына қазандықтың жан-жағына сапқа тұрады. Белгі бойынша көкпаршылар, ортадағы шеңбердің ішінде жатқан ешкі макетіне, (допқа) тұра жүгіреді, бұрын келгені іліп алып бір-біріне беру тәсілімен, қарсыластың қазандғына ешкіні қолмен салуға тырысады. 10 мин. Белгіленген алаң сызығынан шығып кетуге болмайды, шығып кеткен жағдайда ойын ортадан басталады, оған әр топтан бір-бір ойыншы келеді. Ешкіні, (допты) қазандыққа лақтырып салуға болмайды. Бір топта бес ойыншыдан болады.
4.Арқан тартыс. 4 мин. Берілген белгі бойынша бір мезеттен тарту.
IV. Қорытынды бөлім.
Ағзаны бастапқы қалыпқа келтіруге арналған тыныс алу жаттығуларын жасау.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин. Ұлттық спорт ойындарына байланысты реферат жазып әкелу.