Та?ырыбы: VII ?ыс?ы Азияда-?аза?станда!Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а жетінші ?ыс?ы Азияда?а ?ызы?ушылы?ын арттыру
Тақырыбы: VII қысқы Азияда-Қазақстанда!
Өтлетін күні: 15 қаңтар 2011 жылы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жетінші қысқы Азиядаға қызығушылығын арттыру.
2006 жылы 4 наурызда VII қысқы Азияда ойындарын өткізу құқығына 45 мемлекеттің ішінде –Жапония, Қытай, Оңтүстік Кореядан кейін біздің еліміз ие болды. Бұған дейінгі қысқы Азияда ойындарынан біздің елімізде өтетін Азияданың артықшылығы қатысушы мемлекеттердің саны екі мемлекетке артып 27 елге жетті. Және де бұл жолғы Азияда «Мәдени Азияда» жобасында өткізілмек. Олардың ең бастысы Азияда ойындары екі қалада Астана мен Алматыда ұйымдастырылды және де ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениет пен өнерін, қазақ халқының салт-дәстүрін Азияда қатынасушыларына насихаттауы болып табылады. Жане бір айта кететін жай Азияда белгісі түсірілген спорттық киімдер мен естелік сыйлықтарының жәрмеңкесі де өткізіледі. Мұның барлығы Азияда қатысушыларының есінде толық сақталып қалуына арнайы ұйымдастырылған жоба. Сонымен қоса Азияда тарихында бірінші рет алау эстафетасы өткізілмек №11 қаңтарда Кувейттің Элькувейт қаласында VII қысқы Азияда ойындарының алауы жағылды және бұл алау арнайы ұшақпен Аматыға жеткізілді. 20 күннің ішінде алау еліміздің 16 қаласына аралап 30 қаңтарда Астанаға жетеді. Алау эстафетасын алып өтуде әр қаланың бетке ұстап азаматтары, спортшылар, әншілер, қоғам қайраткерлері тағы басқа да азаматтар Азияда алауына алып жүру шарасына ие болды. Ақтөбе облысына 18 қаңтарда ұшақпен жеткізіледі. Әуежайда қала әкімі Архимед Мұхамбетов туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Жалғас Балғожиндер күтіп алады. Алаушылар шеруі 19 қаңтарда обылыс әкімі Елеусін Сағындықовтың басшылығында өткізіліп Қостанай қаласының өкілдеріне беріледі.
Осы жылғы VII Қысқы Азияда ойындарының тұмары болып қар барысы таңдап алынған. Қысқы Азияда ойындарының тұмарын әзірлеген Тигран Туныяитың пікірінше: қазіргі әлемдік кеңістікте Қазақстан Азиялық барыстың кейпінде көрінеді екен. Қазақсатандықтарға барыстай батылдық, ішкі икемділік тән. Сондықтан да Азияда ойындарына ең көп қатысатын спортшылар Қазақ спортшылары екен. Олардың саны -167№ одан кейінгі орында Оңтүстік Корея-140 және Жапония-137 спортшылардан құралған командамен қатысады.
Азияда ойындарының Астана қаласында «Астана Арена» жабық стодионында 30 қаңтар күні сағат 17.00 де ресми ашылуы болып өтеді. Ал оның жабылу рәсімі Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарйында сағат 18.00 де болады.
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Б.Ш.Нурсултанов