О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру жолдары


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ№6 Хромтау гимназиясы Бастауыш класс мұғаліміЖуминова Жанагуль ЖубандыковнаБіліктілігі жоғары І санатКембридж ІІ (негізгі) деңгей Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз қол іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға жеткізеді. Философияда «Қабілетті» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.Психологтар қабілеттілердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін арттырудың түрлі әдіс-тәсілдері:Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.Мәтін бойынша мақал құрастыру.Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)Өлең, мақалдар құрастыру.Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.Кейіпкерге мінездеме беру.Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.Рөлге бөліп оқыту.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)Диалог-ертегі.Образға кіру «Жаратылыстың құшағында, меруерт себіл-ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». М. Жұмабаев Біздің жетістіктеріміз Өзіміз ойлаймыз, өзіміз қорғаймыз, өзіміз жасаймыз... Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.6. Шығармашылдық белсенділік артады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізден шығармағанымыз жөн.1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, т.б.3. Денсаулығының нашарлығы. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;Сабақты түрлендіріп өткізу;Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;Техникалық құралдарды тиімді қолдану;Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.Мұғалім алдындағы балаға субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген, шығармашыл жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймыз.        Дарынды балалардың танымдық әрекетінің даму ерекшелігі төмендегідей:Білуге деген құштарлығы.Ойлау қабілетінің жоғарылылығы.Терең ойлауы.Жаңа ой тудыру қабілеттілігі.Болжамдылық қабілеті.Зейіннің жоғарылығы.Өте жоғары есте сақтау мүмкіндігі.Қызығушылығы мен қабілеттілігі. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың  шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. ҚорытындыЕлбасы еліміздің рухын көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін        «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жариялады.Бұл – тұғырлы  идея. «Қазақстан -2050»-Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы,ең мәртебелі жол.Осы жолдан айнымайық,қадірлі халқым! –деген Елбасымыздың қорытынды сөзімен баяндамамды аяқтаймын.