Символды? ж?не жолды? шамалар


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән аты: Информатика
Сынып: «Б, Ғ»
Күні: 11.01.2017ж
Сабақтың тақырыбы: §9 Символдық және жолдық шамаларСабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды символдық және жолдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру. Символдық және жолдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшекліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылық: Символдық және жолдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа және жауапкершілдікке, өзін-өзі компьютердің алдында ұстай білуіне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Компьютер, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Өткен сабақты қайталау
Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютермен жұмыс
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу-құралдарын тексеру, сынып тазалығын қадағалау.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Алгоритм дегенміз не?
Программа қанша бөлімнен тұрады?
Идентификатор ?
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Символдық шамалар дегеніміз сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Осыған дейінгі программаларда біз тек сан мәндерімен ғана жұмыс жасап келеміз. Ал қазіргі компьютерлерімізде кез-келген символдық айнымыларды өңдейтін программалар бар. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз бойынша ақпаратты пернетақтрадан енгізу және дисплей экранына шығаруды қарастыратын боламыз. Бұл программада да сандық ақпаратты енгізу және шығару сияқты Read және Write операторларының көмегімен жұмыс істей аламыз. Символдық мәліметтерді өңдеу символдық (литерлік) ртипті анықтайтын CHAR (ағылшынның Charachter –символ деген сөзінен қысқартылып алынған) түйінді сөзі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез-келген бір бүтін санмен бейнеленеді, оның негізі болып ASCII кодтары саналады. Оның 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар, яғни латын әріптері тыныс белгілері, басқару символдары кіреді. Ал, 128-255 кодтарында орыс, қазақ алфавитінің әріптері орналасқан.
Символдық мәліметер үшін төмендегідей стандартты функциялар анықталған:
chr(x) –byte типіндегі х санын символға түрлендіреді;
ord(ch) –ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді;
pred(ch)- кодына сәйкес алдыңғы символды береді
succ(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді
upcase(ch) –кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады;
Символдық мәліметтерді енгізу
Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы арқылы жүргізіледі, оларды енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар.
1. Бос орын таңбасы – ‘_’ Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен, символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.
2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.
Мысалы:
VAR A, B, C: CHAR;
……………………..
READ (A, B, C);……………………..
3. Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі –ENTER ( ) пернесі басылса да, оны READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.
Негізінде, перне басылғанда бірден екі код қалыптасады, біріншісі –символ коды, ал екіншісі –кеңейтілу немесе сканерлеу коды. Алфавиттік –цифрлық перне басылғанда, олардың символ коды пайдаланылады. Сканерлеу кодын пайдалану Турбо Паскаль программасының CRT модулінің ReadKey функциясы арқылы жүзеге асырылады. ReadKay функциясын пайдаланып, кіші латын әріптерін бас әріптерге түрлендіруге болады.
4. Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift, Ctrl, CapsLock, Alt пернелерін басқанда олар жеке символ ретінде енгізіліп, мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады.
5. Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN (end of line –жол соңы) стандартты функциясын пайдалану қолайлы. Бұл функция мәні «жолдың соңы болды немесе мәндер беріліп болды» дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ақиқат (TRUE) қалған жағдайда жалған (FALSE) болады.
4. Компьютермен жұмыс:
1-тапсырма.
Есепті енгізініз
5.Сабақты бекіту сұрақтары:
Символдық программаға қалай енгізіледі, олар қандай типте болуы тиіс?
ASCII кодтары дегеніміз не, ол қандай интервалда беріледі?
Символдық мәліметтерге қандай операциялар қолдануға болады?
Литерлік шамалармен қандай оперециялар орындалады?
Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
6.Үйге тапсырма: §9 тақырыпты оқып келу.