Презентация 9сынып Символды? ж?не жолды? шамалар


Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар Мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шамалар символдық типке жатады және CHAR қызметші сөзімен белгіленеді. Ол 0 мен 255 арасындағы кез-келген бүтін санмен белгіленеді. Мысалы,кодтардың орналасу ретімен әріптерді алфавит бойынша келесі программа арқылы экранға бейнелеуге болады: Символдық шамалар Программаны орындау нәтижесінде экранға a,b,c,….z символдары тізбектеліп шығады.Program cody;Var a:char;BeginFor a:=‘a’ to ‘z’ do Write (a); end. Chr(x) – x санын символға түрлендіреді.Ord(x)- x символының кодын береді. Pred(x)-x –тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді. Succ(x) – х-тан кейінгі кодқа сәйкес символды береді. Upcase(x)-латын және орыс алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріптерге айналдырады. Символдық типтегі шамаларға арналған стандартты функциялар Программаларда кездесетін әр түрлі символдардан тұратын тізбектерді жолдық қатарлар деп атайды.Өрнектерде жолдық қатарлар апострофқа алынып жазылады. Жолдық қатарлардан тұратын идентификаторлар String типі арқылы сипатталады. Компьютерде жолдың әр символы 1 байт орын алады. X:string[17] {х айнымалысының ұзындығы 17 символға тең} B:string; {b айнымалысының ұзындығы 255 символға дейін}Жолдық шамалар Жолдық шамаларға біріктіру және салыстыру амалдары қолданылады. Біріктіру амалын конкатенация деп атайды, ол “+” белгісімен белгіленеді. Мысалы: А:=‘Менің’; B:= ‘Қазақстанымның’;Writeln (A+’’+B) {нәтижесінде экранға Менің Қазақстанымның сөзі шығады} Length(x) – жолдық қатардың ұзындығын есептеу үшін арналған функция.X:=Length(A); // X идентификаторы А жолдық қатарының ұзындығын меншіктейді. Мысалы: Program esep1;Var x:string; A:integer; begin X:=‘Pentium-III’;A:=Length(x);Writeln (‘A=’,A); Readln End.Жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар Copy(x)-жолдық қатардан фрагмент көшіріп алу үшін қолданылады.Төмендегі программада Х қатарынан Pentium сөзі көшіріліп, A идентификаторымен белгіленген жолдық қатарға меншіктеледі: Program esep2;Var X,A: string; begin X:=‘Pentium-III’;A:=copy(X,1,7);Writeln (‘A=’,A); Readln End. Concat(x)-жолдық қатарлар фрагменттерін біріктіру үшін қолданылады.Program esep3;Const y=‘Input’; var X,A:String;Begin X:=‘Output’; A:=Concat(Y,X);Writeln(‘A=’,A); Readln End.Pos(x)-жолдық қатардың ішінде тұрған бір фрагменттің орнын анықтау үшін қолданылады.Төмендегі программада Х фрагменті Y қатарындағы басталатын орны мен бүтін сан болатын A идентификаторына меншіктелген.Program esep4;Const Y=‘Input’;Var X: string; A:Byte; begin X:=‘Put’;A:=Pos(X,Y);Writeln (‘A=’,A); Readln End. Берілген жолдық айнымалыларды біріктіріп, нәтижесінде шыққан сөйлемнің ұзындығын табатын программа құр.‘Біздің’ ,‘мықтылар’,’сыныпта’, ‘тек’.Практикалық жұмыс Адасқан функциялар