Бес асыл к?нсе?із… та?ырыбында?ы сыныптан тыс саба? жоспары


«Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ
7 «а» сыныбы
«Бес асыл іс...» тақырыбындағы
сыныптан тыс өткен сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Кизатова Д.Б.
2016-2017 оқу жылы
«Бес асыл іс...» тақырыбындағы сыныптан тыс сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Бес асыл іс...Сабақтың мақсаты:• Оқушылардың қазақтың ұлы ақыны Абай туралы білімдерін толықтыру. Абай өлеңдерінің мазмұнын терең түсіне отырып, жат қылықтардан аулақ болуға, кейіпкер образын сомдауға үйрету.• Сөздік қорын молайту, ой - қиялын, шығармашылық әртістік қабілетін дамыту.• Ұлы Абай өмірін үлгі ету, адамгершілікке тәрбиелеу.Әдіс - тәсілдері:• сұрақ - жауап, сахналау, сурет салу, өлең құрастыру, ой - қозғау, баяндау, Көрнекілігі: кейіпкер атрибуттары, ақын өлеңдерінің жинағыСабақ барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Зейіндерін сабаққа аударуІІ. Жаңа сабақӘнімен басталады.- Бұл кімнің әні? - Абайдың әні- Абай кім? - ұлы ақын- Жүрегімнің түбіне терең бойлаМен бір жұмбақ адаммын, оны да ойлаСоқтықпалы, соқпақсыз жерде өстімМыңмен бірге алыстым, кінә қойма!...Деп Абай атамыз болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Біз Абайды қазақ даласының шамшырағы деп атаймызАбай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары мәдениетінің шамшырағы- Ол халықты неге үндеді?• Білімге, ғылымға, еңбекке- Оның жаман әдеттен сақтау жолында қандай сөзін білеміз?• Тамағы тоқты, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
- Абай атамыз қандай адам нағыз азамат болады деді?• Әуелі құдайға сыйынып, сонан соң, өз қайратыңа сүйеніп, еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады – деді.- Қайрат, ақыл, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек – демекші, үйге алдын-ала Абайдың он жетінші қара сөзін жаттауға берген болатынмын. Сол бойынша рөлдерге бөлінген көрініске назар аударайық.
Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сол себепті тобымызда жүрек, ақыл, қайрат деп аталады.Топтық жұмыс 1 – тапсырма1 – топ Абай кім?Жүрек тобы.• Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей өңірінде Абай ауданында Құнанбай Ұлжанның отбасында дүниеге келген. Ол әжесі Зеренің аңыз ертегілерін естіп және анасы өте шебер ақылды Ұлжан анасының тәрбиесін көрген.2 – топ Абайды халық кім деп таниды?Ақыл тобы• Абай суреткер ақын, ол жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдер жазған.• Абай аудармашы. Біз оның «Тіл мен Қанден», «Шегіртке мен құмырсқа» (Крыловтан аударған) деген мысалдарымен таныстық.• Абай қарасөз шебері. Оның 45 қара сөзі бар. Мысалы. Көзімнің қарасы, сегіз аяқ.• Жүрегі елім деп соққан ұлы азамат.3 – топ Абайды халық кім деп таныды?Қайрат тобы• Біз Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба», «Күз», «Жазғытұрым», «Жаз» деген өлеңдерімен таныстық.• Күз деген өлеңін жатқа айт.
1 – топ. Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айт, не туралы?Осы өлең қандай көңіл - күй туғызды?2 – топ.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.5 асыл іс.....................5 дұшпан........................3 – топ• Абайдың нақыл сөзін аяқтаАдам баласының ең жаманы – талапсыз.• Білім, талап туралы мақал – мәтел айт.«Жаз» өлеңін жатқа айт. Өлең не туралы?
Әр топ бес асыл іс пен бес дұшпан жайлы өз ойларын ортаға саладыТалап. Абай 44-сөзін «Адам баласының ең жаманы – талапсыз»-деп бастайды да, талаптың түрлері көп болатынын баяндайды. Абайдың түсінуінше талапсыздық түрлері – ынтасыздық. Ықылассыздық, жігерсіздік.
Еңбек – бұл дүниедегі құдіретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш – еңбек.
Терең ой – адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі – ақыл-ой, екіншісі – сөз.
Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «Қанағат ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсінуінше қанағат – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу.
Рақым. Рақым дегеніміз ұғымдық философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі.
Өсек. Абай заманында ел арасына көп тараған, адамгершілікке жат, жаман қылықтардың бірі – өсек айту, өсекшілдік. Өсектің қазақ ортасын кең тараған бір түрі – жалақорлық, арызқойлық, өсек, өтірік, домалақ арыздар Абайдың өз атына да талай тжауған болатын.
Өтірік. Ақын өсекшілдікті опасыздықтың, арамзалықтың, екіжүзділіктің ең жексұрын көрінісі ретінде айыптайды, өсек-аяңға үйір, желбуаз жандарды өлтіре сынап, адамдар бойындағы өтірік айту секілді кеселдерді уытты тілмен әшкерелейді.
Мақтаншақ. Абай өмір сүрген заманда ел адамдарының, әсіресе үстем тап өкілдерінің бойында жиі кездесетін жаман қылықтардың бірі – мақтаншақтық, даңғойлық.
Еріншектік – адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ішінде ең жағымсызы. Абайдың түсіндіруінше: – еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Бекер мал шашу. Абай шығармаларында қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды өлтіре сынға алған.
• Мен жазбаймын өлеңді ермек үшінЖоқ барды ертегіні термек үшін – деп Абай атамыз жырлағандай ақындық өнерлері бар оқушыларға тапсырма ретінде «Сіздей тұлға ұмытылмайды» деген тақырыпта 4 жолдық өлең шығару.1 топ Абай ата туралы өлең жазамыз,Бар ақылын біз үйреніп аламызСіз секілді өлең жассақ өскендеІзіңізді жалғастырып жүреміз.2 – топМенің атам – Абай атаОл бізге бәрін үйреткен.Атамның баласы болмайАдамның баласы бол деп үйретеді.3 – топАбай ата ешқашан ұмытылмайды,Себебі біз ұрпағымыз олардыңОқып барлық өлеңінБізде өлең жазамыз.
Бекіту.1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)2. Абай қай жылы, қайда дүниеге келген? (1845, Семей облысы)3. Ибраһимді кім Абай деп атап кеткен? (әжесі Зере)4. Абай неше ағайынды? 65. Абай қайда оқыды? (Семей қаласындағы медреседе)6. Абай неше тіл білген? (араб, парсы, орыс)Қорытындылау• Абай атаның баласы емес, халық адамның баласы• Мінекей балалар: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,Өлмей тұғын артында із қалдырған.демекші ойшыл данышпан ақынның жүрегін тербеген тамаша әндері өзінің қалың ел қазағымен бірге жасап келеді.Бағалау мадақтау