?аза? тілі мен ?дебиет п?нін о?ытуда о?ушыларды шы?армашылы??а баулуды? жолдары


Талдықорған қаласы,
Еңбек ауылындағы №22 орта
мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулудың жолдары: ізденіс және иновациялық тәжірибе

Мұғалім қашанда білім беруден жалықпайтын,шығармашылығы мол еңбекқор,әрі парасатты адам болғаны жөн. Өйткені , өз ісіне берілген,жаңалыққа құмар,ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып,шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.Сондықтан мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеп,әрбір шәкірттің ерекше қабілеттерін ілгері дамытып, дарындылығы анықталған баланы қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасап,олармен жүйелі жұмыс істеуі керек.
Мұғалім оқыту жүйесіндегі алдыңғы қатардағы орында тұрады. Ол оқушыны оқытып,тәрбиелеп қана қоймайды,сонымен бірге бүкіл оқу –тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы болып табылады, оқу пәнінің міндеттерін шешеді.Өз қоластындағы оқыту мен тәрбиелеудің түрлі құралдарын пайдалана отырып,мұғалім оқушылардың тәртібін,назарын, танымдық және іске асырушылық әрекеттерін басқарады.Сонымен бірге ол оқушылардың оқу әрекетін олардың қабілеттерінің жан-жақты дамуына,шығармашылық тұлғаның қалыптасуына бағыттайды.
Ұстаздар алдына қойылған басты міндет-сапалы білім берумен қатар,жан-жақты дамыған,өзіндік ой пікірі қалыптасқан,өмірге араласа алатын,терең ойланып,ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру.
Тапсырмалар жүйесі де дала ғұламаларының,ұлт тұлғаларының еңбектері мен өмірдеректеріне,тарихи,мәдени және адам мен табиғат,жаратылыс бірлігін тануға жетелейтіндей қызықты болуы қажеттігін ескеру.
Оқулықтың тақырыптарына орай кіргізілген тақырыптық-таным сабақтарын үйлесімді беру, баланың оған қатысуы қажеттігін ескеру.
Пәнаралық (тіл,әдебиет,өнер,т.б) байланысты ұтымды жолдарын қарастыру.
Оқушы пәнді оқу барысында оны өмірмен байланыстыра қарап,қоғамдағы нақты кезеңмен байланысын сезіну мүмкіндігін тудыру.
Шәкірттердің пәндегі әр тарау мен тақырыптарының өз өміріндегі маңызы мен қажеттілігін түйсінуге жағдай жасау.
Осы орайда қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы шығармашылығын дамытудың тиімділігі зор.
Сыни ойлау –ашық қоғам негізі.Сыни ойлау деген-оқушының кез-келген жағдайдығы мәселені ойлап,зерттеп,қорытып,өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау,өзіндік,жеке ойлау болып табылады.Ол оқушының өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу,шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау,әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар, басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ-әрқашан диалог,іздене,дайындала,үйрене,шәкірттер болашағын ойлап жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес,басқаның пікірімен міндетті түрде келісуі емес,керісінше келіспеуіміз де мүмкін.Бұл бідің құқығымызды дәлелдейді.Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушының сөз бостандығы кең болғандықтан өзгенің пікіріне жиі келісе бермейді.Бұл тұлғаның қоғамдағы пікірін,орнын анықтайды.
Сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес,оқушы оқып,оны еске сақтап айту қабілеті жоқ,керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мен тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып,шешім табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.Көңілге қонымды дәлелдерге ұмытылады. Саналы дәлелдер арқылы жаңалыққа,шығармашылыққа бейім келеді.Сын тұрғысынан ойлау технологиясында оқушы болжайды,зерттеп,қорытып,өз ойын жеткізеді,негізін ашады,сұрыптайды,талқылайды,сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді,пікір алмасады,ортақ пікірге келеді,мақсатқа жетеді,өзін-өзі басқарады,топпен жұмыс істеуге үйренеді,жан дүниесін өзгертеді,ойлауды дамытады,қызығушылықтары артады,шығармашылық қабілеттері артады,кез-келген сабақты меңгертеді,оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе сабақтың әдісі.Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар.Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз-мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті,тәсілі. Ал технология дегеніміз-көптеген әдістердің жиынтығы.Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын ала жоспарлап отыруы керек.