Мектептегі білім беруді? жа??ырту жолдары


«Мариновка қазақ орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміБерден Кайрат КундакбайулыМектептегі білім берудің жаңғырту жолдары Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру,түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақ мерзімді стратегияда да қамтылған.Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы
style.rotation Маңызды міндеттер:Мектепте оқытудың жаңа және жоғарғы деңгейін қолдану;Оқушылардың жеке дағдыларын дамыту және жүзеге асыру үшін жағдай қалыптастыру;Оқушылардың денсаулығы мен ой-өрісін нығайту; Ұстаздардың үнемі шығармашылық потенциалын арттыру
style.rotation "Қазақстандағы адам капиталының сапалық өсімінің басты кепілі – білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында біз келесідей шараларды атқаруымыз керек: білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу қажет", – деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда.
style.rotation Cоған байланысты Қазақстанда қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Осы бағытта әлем елдерінің білім беру тәжірибесінің озық үлгілерінің бірі Англияның Кембридж университетінің тәсілдеріне негізделген оқытудың "Кембридж тәсілі" елімізде "Назарбаев зияткерлік мектептері" мен "Өрлеу" Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының мұғалімдерге арналған 3 айлық курстары арқылы бұл мәселені шешуде.
style.rotation Бағдарламаның негізгі мақсаты:• Қазақстандық мұғалімдердің әлемдік білім кеңістігіне енуі үшін заман талабына сай үздіксіз білімі мен кәсіби біліктілігін дамытуына көмектесу. Себебі мұғалім – қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы керек.• Келесі бір мақсаты бүгінгі күннің талабы болып отырған оқытудың инновациялық технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту. Әлем жылдам өзгеруде, бұл қарқынмен мұғалімдер де өзгеріп отыруы қажет. Кәсіптік деңгейге сай болуыӨз пәнін жетік білетінОқытудың жаңа педагогикалық технологияларын білуі керек. Қазіргі мұғалімдерге қойылатын талаптар:Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игеруі қажет. Еліміздің ертеңгі болашағы – білімді ұрпақ,сол ұрпақ алдында зор міндетіміз бәсекеге қабілетті, жасампаз, шығармашыл, өнертапқыш тұлғаларды тәрбиелеу екені белгілі.Елбасымыздың көрегенлігі мен жасампаздығы, алысты болжап ойлайтындығы табысты көшбасшылықтың дәлелі.Елбасының жастардың жарқын болашағы үшін мемлекетімізге берген үлкен тапсырмасын жүзеге асыруда Назарбаев зияткерлік мектептері мен Педагогикалық орталығының еңбегі өте зор.Халықаралық білім беру саласындағы озық тәжірибелі мемлекеттердің практикаларына сүйене отырып, білім беру жүйесіне өзгерту енгізу мақсатында Кембридж университетімен бірлесіп, бүгінгі оқып жатқан тамаша бағдарламаны құрды.Осы бағдарлама арқылы педагогтар Кембридж университетіндегі интербелсенді әдістерді қолдану арқылы кәсіби шеберлігі мен педагогикалық құзіреттілігін дамытуда.
style.rotation Мариновка қазақ орта мектебінде 2011 жылдан бастап осы кезге дейін 10 мұғалім деңгейлік курстардан өтіп, абыроймен аяқтап келіп, өз шығармашылық жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда. Оның екеуі – I деңгейді, біреуі – II деңгейді, қалғаны – III деңгейді бітіріп келді.