Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?ында озат т?жірибені ?олдана отырып білім сапасын арттыру


Пікір.
Қазіргі жаңа білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары оқу мен оқыту әдіс- тәсілдеріне өзгерістер мен жаңалықтар енгізу. Осы орайда «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімдеріне сабақты жаңа озат тәжірибелерді пайдалана отырып сапалы жүргізу үшін осы үлгі жоспар (кітапша) жинағы тәжірибелік көмек ретінде ұсынылады.
Қ.Қазыбеков.
Арыс қаласы білім бөлімінің
АӘД және ДШ пәнінің әдіскері.

Сүйіндіков Молдабай Есенбекұлы
1972 жылы 02- маусымда туылған
Мамандығы – АӘД және дене шынықтыру пәні мұғалімі
Санаты- І
Еңбек өтілі – 18 жыл
Шені – аға лейтенант
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс.
Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы.
Ол оның өміріне опат әкеледі.
Әбу Нәсір Әл-Фараби
Шығармашылық тақырып:
Алғашқы әскери дайындық сабағында озат тәжірибені қолдана отырып білім сапасын арттыру.
Шығармашылық жұмыстың мақсаты:
АӘД сабағында оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, батырлық, төзімділік қасиеттерін дамыту.
Міндеттері:
1.Ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде тиімді пайдалануға бейімдеу.
2.Әрбір оқушының таным қабілетін арттырып, көзқарасы мен дүниетанымын жан-жақты кеңейту.
3.Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне, белсенділікке, шығармашылық ізденуге қол жеткізу
Білімді өздігінен меңгеретін оны қолдана алатын, жаңа техникалық мүмкіндіктерді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру.
Кіріспе
«Білім алу - батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі.
ХХ ғасырдың басынды А.Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса , мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрететін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім»- деген екен.
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйретуді қалыптастыруға мән бере отырып,оны тұлға ретінде дамытуда икемдік танытулары тиіс.
Білім беру қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің де негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерлерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Алғашқы әскери дайындық пәні меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. 
Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. 
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. 
Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiледі: 
• Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн,
мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi; • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң
тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн,
Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы
ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi
талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң
Жарғыларын жете түсiнуi; • әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару-
жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың
орналастырылуымен танысуы; 
•қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие
болуы;
• төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетiнiң
қауiпсiздiк негiздерiн меңгеруi. 
«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері: • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери
дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде,
Қазақстан Рсепубликасы Қарулы Күштеріне мерзімді
әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт
ішінде мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына
бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен
қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау; • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді
жүйесін қалыптастыру; • оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп
отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау. 
Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мазмұны пәннің мақсат, міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. 
Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру- әр мұғалімнің басты міндеті екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұнын, мақсат, әдіс –құрал, жағдай сияқты негізгі салалар бойынша көп тәжірибе жинақтау керек.Оның екі жолы бар:
Өзгелердің озат тәжірибелерін зерттеп –үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану.
Эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау.
Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.
Жалпы алғанда, тәжірибелі мұғалім дегеніміз-кез келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне айналған кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім. Осы уақытқа дейін кейбір түсініктер бойынша тек тәжірибелі мұғалім ғана шығармашылықпен жұмыс жасап , жаңашылдықпен айналыса алады делінетін.
Мектеп өміріне педагогикалық инновациялардың тереңдей енуі бұл пікірдің негізсіздігін көрсетіп берді.
Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысу, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашумен қатар оларды тиімді қолданып нәтиже шығару болып отыр.
Педагог –ғылымдардың зерттеуі бойынша, қазіргі кезде кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлік деңгейіне қарай, ұстаздар төмендегіше жіктеледі:
Үйренуші - арнайы оқу орнында алған білімін мектеп практикасында пайдаланушы;
Ізденуші –өзінің және өзгелердің іс-тәжірибесін талдап, ой елегінен өткізіп, сараптаушы;
Шығармашыл –оқу –тәрбие үрдісінде белгілі бір бағыт сынақ өткізуші;
Жаңашыл – білім берудің жаңа жолдары мен тиімді әдіс- тәсілдерін , құралдарын ойлап табушы;
Шебер – педагогикалық қызметте оңтайлы әдістемелік жүйе құрастырған озат тәжірибе иесі;
Инноватор – педагогикада, білім беруде қазіргі талаптарға сай жаңа бағытта жұмыс жасаушы
Оқушыға білім беру барысында яғни, оқу мен оқыту үдерісінде мұғалім тапсырманы жоспарлы түрде ұсынады, баланың ішкі қажеттілігі мен талабын қанағаттандыру мақсатында өзін-өзі реттейді, жаңаша ізденіске бейімделеді, өзіндік талдау жасау арқылы оқушының нені үйренгісі келетінін анықтайды. Соның негізінде мұғалім оқушыға білім мазмұнын меңгертуге қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын алдын ала қарастырады, проблемалық жағдайларда аудиториялық атмосфераға қарай түрлендіреді. Сабақ барысында мұғалім өзін-өзі реттеу арқылы оқушыларды бағыттап, жетектеуші қызметін атқарады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, білім мазмұнын меңгеру деңгейі жоғарылайды. Тұлғаның ішкі позициясының дамуы көп жағдайда оның кәсіби маман ретінде дамуымен анықталады деуге болады. Кәсіпке бейімделу кезінде әр маманда «осы кәсіп маған керек» деген сана қалыптасуы керек. Қазіргі таңда оқушыларды қалай оқу керектігін үйреніп, еркін, ынталы, сенімді өз ойын нанымды жеткізе білетін, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптастыру басты мақсатымыз. Бұрынғы дәстүрлі стильге қарағанда заман талабына сай бастаманың өтімді әрі тиімді екендігі байқалады. Сабақты жаңашылдықпен оқыту оқушылар тарапынанда қолдауға ие.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Мұғалімдер қалай оқытуды үйретеді. Жеті модульдердің барлығында қарастырылған идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеттілігі, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
3. Оқыту үшін бағалау және оқудыбағалау.
Мақсаты:
1. Одан арғы оқу туралы шешім қабылдау.
2. Есеп беру үшін (оқуды бағалау)
3. Оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған бағалау (оқыту үшін бағалау)
Оқыту үшін бағалау (формативті) – бірін-бірі бағалау; өзін-өзі бағалау; топты бағалау; марапаттау; рефлексия.
Оқуды бағалау (жиынтық) – тест нәтижесі; жазба жұмыс нәтижесі; сертификаттау; оқыту қорытындысын шығару.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
АКТ-ны қалай қолдану керек?
Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
-Теледидар бағдарламалары;
-Сандық теледидар;
-Интернет
-Ұялы телефон;
-Ұтқыр қондырғылар;
-Компьютер/ноутбук.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Талантты немесе дарынды деген ұғымның мазмұны әртүрлі болуы мүмкін. Бұл балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін, мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарын болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін, олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерінде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілетін көру үшін оларға жағдай туғызу қажет.
Арнаулы дарындылық – адам өз санасын белгілі бір нәрсеге бағыттау.
Жалпы дарындылық – ана сүті , әке қанымен келеді.
Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам әрі тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп атайды.
Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасына үш түрлі өзгеріс енгізу негізінде Мейкер мен Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:
мазмұнына өзгерістер енгізу;
қолданылатын әдісті өзгерту;
Оқу мәнмәтініндегі өзгерістер:
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.
Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімді дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге ұқсас модульдермен байланысы да бар, мысалы, әртүрлі жас шамасында өзін-өзі бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын «Оқытуды бағалау және оқуды бағалау» модулі.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқытуды басқару және көшбасшылық – педагогикалық жетілудің пайдаланылмаған түрі. Мұғалімдерге қолдау көрсетілгенде, кәсіби өсу мен бірлескен кәсіби білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген.
Оқыту сияқты көшбасшылық та адамды тұрақты дамуға жетелейді.
Педагог білім тасымалдаушыдан (қара жұмыс) – білім әлеміне жол көрсетуші дәрежесіне көтеріліп (ізгі қызмет), нағыз ұстаздық харекетті атқарушы болады.
Кембридж тәсілінің тиімділігі – баланың ойлау, сөйлеу, және жазу қабілетінің қай деңгейде екеніне көз жеткізіп, кездескен олқылықты дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушы мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу арқылы өмірде кездесетін түрлі проблемаларды жеңуге үйренеді.
Оқушыларды топқа бөліп оқытудың тиімді екенін көрдім. Топты әрқалай құруға болады. Мысалы: жұптық топ, үштік топ, үлкен топқа бөліп, сабақ сайын немесе сабақ барысында бірнеше рет топ құрамын өзгертіп отырады. Оқушылар оқу мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенділігі, сабаққа деген қызығушылығы артады, ойлау, сөйлеу, қабілеті дамып, ынтымақтастықта білім алады. Егер сабақ жоспары дұрыс құрымдастырылса, сыныптағы оқушылардың барлығы сабақ барысында сабаққа толыққанды қатысуға, өз ойын еркін бөлісуге мүмкіндік алады.
Шәкірт өздігімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, солай ғана ол білімді өз өмірінде қолдана алады. Шәкірт бұрынғы (пассив) күйден (әдетте сабақта оқушы тек мұғалімнің айтқаны мен оқулықта берілгенді бұлжытпай орындайды емес пе?) белсенді әрекеттерге көшуі қажет. Шәкірт өздігімен және басқалармен бірлесе білім ізденіп, бұл білімнің өз өміріне қалайша қажет болатынын айқындауы керек.
«ҚР ҚК-нің Жалпы Әскери Жарғыларын оқушыларға оқыту арқылы әскери қызметкерлердің жалпы міндеттерін ұғындыру және әскери атақ жəне айыру белгілерін үйрете отырып, әскери әдептілікке тәрбиелеу» тақырыбындағы баяндама
Кіріспе
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларыжәне ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Алғашқы әскери дайындық пәні Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі   № 115 бұйрығына 77-қосымша «Алғашқы əскери дайындық»пəнінен оқу бағдарламасы негізінде оқытылады.
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.
2. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы əскери дайындауға негіз болып табылған құжаттар:
1) 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы;
2) 2015 жылдың 28 тамыз айындағы «Азаматтарды əскери қызметке даярлау, ұйымдастыру жəне өткізу, сондай-ақ алғашқы əскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №671 қаулысы.
3. Алғашқы əскери дайындық теориялық жəне практикалық сабақтарда іске асырылады:
1) теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық əдістерді қолдана отырып əңгімелеу жəне сұхбаттасу түрінде өткізіледі;
2) практикалық сабақтар қарулану жəне əскери-техникалық мүлікті, құралдарды жəне өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.
4. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, əскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс жəне медициналық білім негіздерінен тұрады.
5. Əрбір оқу орнында алғашқы əскери дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбе-тақырыптық жоспары құрылады.
6. Əрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АƏД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады жəне жетілдіріліп отырады:
1) қамтамасыз ету табеліне сəйкес көрнекі құралдармен жəне АƏД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі;
2) алғашқы əскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері жəне азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;
3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;
4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;
6) тактикалық алаң;
7) кедергілерден өту жолының кешені;
8) ату тирі;
9) əскери жəне еңбек даңқының бұрышы.
7. Оқу орындарын қару жəне өзге де əскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.
Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.
Білім берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі - «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.
Азамат және патриот тәрбиелеу мақсатында, олардың көшбасшылық қасиетін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының мейрамдарын мерекелеуге дайындық және өткізу іс-шараларын кең ауқымда ұйымдастыру керек: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды 2015 жылдың 9 мамырынан бастап, 2016 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта өткізу, оның ішінде, «Мектеп пен ардагерлер».
Алғашқы әскери даярлықты қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім беру саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Алғашқы әскери даярлық:
1) Қазақстан Республикасы HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_" \l "z0"Конституциясының ережелерін, мемлекеттің қорғаныс негіздерін зерделеу;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қастерлі міндеті ретінде әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру;
3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру;
4) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды алу, төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру мақсатында жүргізіледі.
6. Әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы адамдарды бастапқы әскери даярлауды бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) 10 және 11-сыныптарында, бірінші-екінші оқу курстарында бастапқы әскери даярлықтың штаттық ұйымдастырушы оқытушылары жүргізеді. Бастапқы әскери даярлық курсы аяқталғаннан кейін оқитындармен оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындар өткізіледі.
Білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспірімдер оны әскерге шақыру алдында оқу-жаттығу пункттерінде өтеді.
Оқу-жаттығу пункттеріндегі сабақтарды оқу-жаттығу пункттерінің штаттан тыс бастықтары, олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және жергілікті әскери басқару органдары тартатын немесе ұйымдарда жұмыс істейтін запастағы офицерлер, сержанттар (старшиналар) қатарынан бастапқы әскери даярлық нұсқаушылары ұйымдастырады және өткізеді.
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғысы туралы түсінік. Әскери ұжым өмірі мен қызметіндегі жарғылардың мәні.
«Жарғы»- айнала жаратылысына сай болмаса,
жағаласқан дау көбейер.
Халық даналығы.
2349553340Қасым хан
( 1455-1522 ж ж)
Қасым хан (1455 – 1522 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1511_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1511 жыл"1511 – 1522), Әз-Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B" \o "Қазақ хандығы"Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1570_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1570 жыл"70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Керей хан"Керейдің ұлы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Бұрындық хан"Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B7-%D0%96%D3%99%D0%BD%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Әз-Жәнібек хан"Әз-Жәнібек ханның басқа да ұлдары HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%8B%D2%93%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D2%9B" \o "Сығанақ"Сығанақ, Сауран, Отырар,Сайрам түбінде бірнеше рет HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B5%D0%B4_%D0%A8%D0%B0%D0%B9%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B8" \o "Мұхаммед Шайбани"Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B5%D0%B4_%D0%A8%D0%B0%D0%B9%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B8" \o "Мұхаммед Шайбани"Мұхаммед Шайбани хан1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Бұрындық хан"Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды.Қасым ханның қасқа жолы
«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
Қасым ханның билігі тұсында HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Керей хан"Керей, Жәнібек және HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Бұрындық хан" Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
889043815Есім хан
(1598—1628)
Есім хан — (HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1598" \o "1598"1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1598" \o "1598"1598 жылы ағасы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BB_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Тәуекел хан"Тәуекел ханмен бірге HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B0%D1%83%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%85%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Мауреннахр (мұндай бет жоқ)"Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар.
Хан тағына отырған соң HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D1%85%D0%B0%D1%80%D0%B0" \o "Бұхара"Бұхарамен бітім-шартын жасасып, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0_%D0%90%D0%B7%D0%B8%D1%8F" \o "Орта Азия"Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды.
Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Европаға да әйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн жазбаларында бар. Әйгілі тарихшы Мүхаммед Хайдар Дулати: "Қазақ хандығы мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес" — деп тегін жазбаса керек.
-14605147320Тәуке хан (1680-1718)
1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары «Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды :
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .
Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
Қазіргі уақытта жарғы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қолданылып келеді
ҚР ҚК-нің жарғылары Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 Жарлығымен бекітілді.
ҚР ҚК-нің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.
Әскери жарғылардың ережелерін ҚР ҚК-дегі барлық бөлімдер мен бөлімшелердің, әскери құрылымдарының орындауы міндетті.
Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы, Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. «ҚР Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005жылғы 07қаңтардағы Заңына сәйкес 2007 жылдың 05шілдесінде №364 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерларі мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарлығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бекітілді.
Ішкі қызмет жарғысы әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттерін, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым – қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез – құлқын анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, әскери қызметшілердің сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады. Сондай – ақ тәуліктік күзетпен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған.
Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқы баяндалады. Сондай – ақ әскери қызметшілерден келіп түскен арыз – шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.
Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен өткізілетін шараларды өткізу тәртібі айқындалады.
Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай – ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.
ҚР ҚК-де сонымен қатар ұрыстық жарғылар да болады. Ол жарғыларда сарбаздың ұрыстағы іс - әрекет тәсілдері мен міндеттері оны жүргізудің негізгі принциптері, әскерлерді басқару тәсілдері мазмұндалады. Ұрыстық жарғылар қазіргі кездегі әскери өнердің негізін, жеңіске жету ғылымын ұсынады.
Жарғылар әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік – жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Сондықтан жарғы талаптарын барлық әскери қызметшілер қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлім аумағынан тыс жерлерде болмасын - орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.
ҚРҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:
ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;
әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға
міндетті.
ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.
Құрамы Әскери атақтар
Әскерлік Кемелік
Жауынгер менматростарҚатардағы жауынгерЕфрейтор МатросАға матрос
Сержанттар
(старшиналар) Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
Үшінші сыныпты сержант
Екінші сыныпты сержант
Бірінші сыныпты сержант
Штаб - сержант
Шебер - сержант Екінші сатылы старшина
Бірінші сатылы старшина
Бас старшина
Үшінші сыныпты старшина
Екінші сыныпты старшина
Бірінші сыныпты старшина
Штаб – старшина
Шебер - старшина
Кіші
офицерлер Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан - лейтенант
Аға
офицерлер Майор
Подполковник
Полковник Үшінші дәрежелі капитан
Екінші дәрежелі капитан
Бірінші дәрежелі капитан
Жоғары
офицерлер Генерал – майор
Генерал – лейтенант
Генерал – полковник
Армия генералы Контр адмирал
Вице адмирал
Адмирал
Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.
Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалқы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.
Әскери шендердің атауларының шығу тарихы:
Солдат –ежелгі римдіктер бұл сөзді soldo –тиын, жалақы- деген сөзден шығарған. Мүмкін ,бұл қарулы күштерді ұстау мемлекеттік биліктің ісі және едәуір қаржы жұмсауды талап етеді дегенді білдірер. Ресейде бұл сөз ХVІІ ғасырда тарады. І Петрдің Жарғысында ( 1716 ж) былай деген: «Солдат деген қарапайым ұғым, әскердегі бар адамды- ең жоғарғы генералдан бастап, ең төменгі салт атты немесе жаяу мушкетерге дейін –қамтиды...» Мұндай анықтама қарулы күштердің жеке құрамын тағайындаудағы бірлікті білдіреді. Кеңес армиясында «солдат» қатарына қатардағы жауынгерлер мен ефрейторлар жатқызылатын.Қазір де солай.
Ефрейтор (немістің Gefreitor –босатылған -сөзінен).Бұл шенді Ресейде 1716 жылы І Петр енгізді. Оны алу оңайға соқпайтын.Бұл шенді шайқаста бірнеше рет көзге түскен немесе ұзақ уақыт мінсіз қызмет еткен жауынгерлерге беретін.
Ефрейтор шені қатардағы жауынгер атағынан кейін беріледі, бұл шен 1940жылдың қарашасында бекітілген. Бұл шен шайқаста ерлік көрсеткен немесе әскери және саяси дайындықта биік көрсеткіштерге жеткен жауынгерлерді ерекшелеу үшін беріледі.
Сержант –латынның serviens – қызмет етуші- сөзінен шыққан .Ең алғаш бұл лауазым Францияда ХV ғасырда пайда болып, кейін герман және ағылшын армияларында қолданылды. Сержант – капрал мен фельдфебельдің арасындағы шен. Орыс армиясында бұл шенді 1716 жылы І Петр енгізді. Кеңес армиясында бұл шен 1940 ж. енгізілді.
Старшина – орысша сөз. XVII ғ. аяғына дейін старшина деп гетмандардың қарамағында қызмет (уряд) алатын, полктарда және жүздіктерде қызмет еткен тұлғалар аталатын. Осыдан генералдық, полктық, жүздік старшиналар шыққан. XVII ғ. басынан бастап старшина деген биліктен жер –су телімін алған, урядтарға билік жүргізген адамдар мен лауазымды қызметкерлер аталған. Кеңес Қарулы Күштерінде «старшина » сөзі екі мағынаға ие:ротадағы (батареядағы) жеке құрамның дұрыс қызмет етуі мен бөлімшелердегі тәртіпке жауап беретін лауазымды қызметер; басқа сержаттық атақтармен салыстырғанда биік тұратын –шен.
Прапорщик – ежелгі славян тіліндегі прапор - жалау, ту – сөзінен шыққан. Орыс армиясында 1649 жылдан бері прапорщик деп ту ұстаушыларды атаған. 1712-1917 ж.ж. – төменгі офицерлік шен. Кеңес Армиясында – 1972 ж. бері.
Мичман – ағылшынша midshipman – орта кемелік шен. Орыс армиясында 1716 ж. I Петр флоттағы бірінші офицерлік шен ретінде енгізген. Оны теңіз кадет корпусын табысты бітірген гардемариндерге беретін.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Указы бойынша Кеңес Қарулы Күштерінде прапорщиктер мен мичмандар институты 1972 ж. 1 қаңтарынан бастап енгізілген.
Лейтенант - французша lieutenant - өзінің басшысын алмастыра алатын офицер. Осыдан қосарланған шендер – капитан-лейтенант пен генерал-лейтенант шыққан. Лейтенанттар роталар мен эскадрондар командирлерінің көмекшілері мен ең жақын орынбасарлары болған. Орыс армиясында бұл шенге поручик шені сәйкес болған. Кеңес Армиясында 1935 ж. лейтенант және аға лейтенант, ал 1937 ж. кіші лейтенант шендері енгізілген.
Капитан – кейінгі латын тіліндегі capitaneus - әскербасы сөзінен шыққан. Бұл шен ең алғаш рет орта ғасырларда Францияда шыққан. Ресейде бұл шен ең алғаш XVI ғ. пайда болды : капитан депшетелдік жалдамалы отрядтардың командирлерін атаған. Кеңес Қарулы Күштерінде 1935 ж. бастап жаяу әскер, Әскери-Әуе Күштері мен Әскери-Теңіз флоты командалық құрамдары үшін енгізілген.
Майор ( латынша major – үлкен, жоғары ). Ең алғаш XVI ғасырда Испанияда пайда болған. Ресейде бұл шен XVII ғасырда торабтық бөлімдердің штаб-офицерлерін атау үшін ғана енгізілді. Кейін полкты батальондарға бөліну дәстүрге айналғанда, бұл шен батальон командирлеріне беріле бастады. 1884 ж. бұл шен қолданыстан алынып тасталынды. Кеңес Армиясында майор шені 1935 ж. бері бар.
Подполковник. Алғашқыда бұлайша полк командирінің көмекшісінің қызметі аталып, кейін бұл сөзбен әскери шенді де атай бастады. Ұзақ уақыт бөлімдер мен бөлімшелерді басқару подполковниктердің қызметтік міндеттеріне кірмейтін. Олар полктардың шаруашылықтарын басқарып, штаб-офицерлері аталып, полк командирлеріне түрлі қызметтерде көмек беретін. Кеңес Армиясында подполковник шені 1939 ж. 1 қыркүйегінен бастап бекітілген.
Полковник. Осылайша полкты басқаратын адамды атаған. Ол полкты жорықта не компанияда басқару үшін тағайындалатын немесе сайланатын ( казактарда ). Келе бере бұл қызметтің атауы әскери шенге айналды. 1631 жылы бұл шен « воевода » және « полк басы » шендерінің орнына қолданысқа енді. Басында полковник деп полк командирі қызметіне тағайындалған жалдамалы офицерлерді ғана атайтын. 1632 ж. бастап бұл шенді « жаңа лектің » полктарын басқаратын барлық командирлерге бере бастады. Кеңес Армиясында полковник шені 1935 ж. 22 қыркүйегінде енгізілді.
Генерал – латынша generalis – жалпы, бас сөзінен . ең алғаш XVI ғасырда Францияда пайда болды. Ресейде бұл атақты I Петр енгізді.
Кеңес Армиясында бұл атақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Указымен 1940 жылдың 7 мамырында бекітілді. Сол кезде болған комбриг, комдив, 2-ші және 1-ші ранг командирі шендерінің орнына генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник, армия генералы шендері енгізілді.
Адмирал – арабша амир аль – теңіз қожайыны сөзінен шыққан. Еуропада – XIIғасырда, ал Ресейде – XVIIIғасырда пайда болды. Түркиядан басқа барлық елдерде флот басшысы дегенді білдіреді. Кеңес Әскери-Теңіз Флотында бұл атақтың 5 дәрежесі бар : Кеңес Одағы Флотының Адмиралы, флот адмиралы, адмирал, вице-адмирал және контр-адмирал.
Погондар, ілмектер мен шағын погондар мыналарға бөлінеді:
1) арналуы бойынша - ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыс киім-кешегі үшін;
2) бекіту тәсілі бойынша - жапсыра тігілетін, алмалы-салмалы (муфталарда).
Погондар мен шағын погондардың көлемдері:
1) жапсыра тігілетін және алмалы-салмалы погон - ұзындығы 10,0-16,0 см, ені 5,0 см;
2) алмалы-салмалы погондар (муфталарда) - ұзындығы 10,0-13,0 см, төменгі жиегі бойынша ені 5,5 см, жоғарғы жиегі бойынша - 5,0 см;
3) шағын погондар - ұзындығы 5,0 см, ені 5,0 см.
Салтанатты погондардың негізіне алтын түстес ұлттық өрнектің бейнесі орналастырылады, күнделікті погондардың негізі - алтын түстес көмкерілген.
Әскери қызметшілер погондарының негізі көмкерілген. Көмкерме ені - 2 мм. Погонның жиегінен көмкерме жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.
 
Погондардың төменгі бөлігіне мыналар орналастырылады:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысында - алтындатылған зер және жібек жіппен кестеленген алтын түстес қалықтап ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық 8 мм;
2) жоғары офицерлер құрамында - алтындатылған зер жіппен кестеленген алтын түстес қалықтап ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі арақашыктық 8 мм;
3) аға офицерлер кұрамында - ені 5 мм екі көлденең жолақ, погонның төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм, жолақтар арасындағы арақашықтық - 2 мм, жолақтардың түсі көмкерме түсі бойынша;
4) кіші офицерлер құрамында - ені 5 мм бір көлденең жолақ, погонның төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм, жолақтың түсі көмкерме түсі бойынша;
5) келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттарда (старшиналарда), сарбаздарда (матростарда), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарында әскери атағына сәйкес мыналар орналастырылады:
ішінен тігілген не металл көлденең жапсырмалар;
ішінен тігілген не металл көлденең жапсырмалар мен әріптер (зәкір).
Бұрыштары жоғары қаратып погоннын осьтік сызығы бойына тік орналастырылған бұрыштамалар түріндегі жапсырмалар. Жалпақ жапсырманың ені - 15мм, жіңішке жапсырманың ені - 7мм, жапсырманың ұзындығы - 30мм, жапсырмалар арасындағы арақашықтық - 2мм, погонның (шағын погондардан басқа) төменгі жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8мм.
Әріптердің (зәкірдің) биіктігі - 20мм, погонның (шағын погондардан басқа) төменгі жиегінен әріптердің (зәкірдің) төменгі жиегіне дейінгі арақашыктық - 8мм. Әріптерді (зәкірді) жапсырмалармен бірге пайдаланған жағдайда әріптің (зәкірдің) жоғарғы жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.
Шағын погондардағы жапсырмалар мен зәкірлер погондардағыға ұқсас, шағын погондардың төменгі жиегі мен жапсырмалар мен зәкірлердің жиегіне дейінгі арақашықтық - 5мм. Зәкір мен жапсырмаларды бірге пайдаланған кезде ол жапсырмалардың жоғарғы жағына бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің погондарындағы жолақтардың, көмкермелердің, негіздер мен жапсырмалардың түсі 2-қосымшаға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының погондарына погонның ортасындағы осьтік сызығы бойына - алтындатылған зер және жібек жіппен кестеленген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналастырылады (диаметрі - 35 мм), погонның төменгі жиегінен Елтаңбаның ортасына дейінгі арақашықтық - 60 мм
Әскери қызметші ҚРК, заңдарын қатаң сақтауға, әскери жарғылардың талаптарын орындауға; Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР қорғауға, әскери борышын орындауға, өз Отанының патриоты болуға, әскери қызметшілердің арасындағы достықты нығайтуға, командирлерге сөзсіз бағынуға, және оларды ұрыста қорғауға, қасық қанын аямай жолдастарына көмектесуге, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, берілген қаруды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери қызметшілердің ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
Әскери қызметші жеке басының және қызмет бабындағы мәселелер бойынша өзінің тікелей бастығына, ал оның әрекетсіздігі жағдайында одан жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.
Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалар мен басқа органдардың және қоғамдық бірлестіктердің заңсыз іс - әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдарына арыздана алады.
Әскери жарғыларда армия дамуының көп қырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталады. Оларда әскери қызметшілерге қойылатын талаптар қысқаша анық түрде мазмұндалады.
Біздің жарғыларымыздың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделген.
Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалған. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы сыпайгершілігін, қайырымдылығын қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір – біріне «сіз» деп тіл қатулары тиіс.
Әскери жарғылардың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты – бастық және бағынушы, басқаларға қарым – қатынасына қарай – үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруге тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын тыңдауға тиіс. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: «Командирдің бұйрығы барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында орындалуы тиіс».
Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес.
Қорытынды:
Сындарлы оқытудың мақсаты болашақ үшін және бүгінгі күн үшін қызмет ету. Сол арқылы болашаққа жол сала отырып, бүгінгі тәрбиелеп отырған шәкірттерімізді жаңа идеялармен патриот етіп тәрбиелеу болып отыр. Мен де осы сындарлы оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, өз сабақтарыма жаңалықтар енгіздім. Сабақ барысында оқушылардың алғашқы әскери дайындық сабағына деген қызығушылықтары артқанын байқадым.Өз тәжірибемде қолданып жүрген жаңа педагогикалық әдіс—тәсілдер оқушылардың білім сапасының артуына ықпалы бар екенін дәлелдеді.
Болашақта оқушыларымды білімді, ұлтжанды, Отаннын қорғай білетін, ел абыройын көтерер азамат етіп шығаруға бар күш жігерімді саламын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Интербелсенді әдістеме-оқу процесінің негізі. Асқарова А.Т. Шымкент «Әлем» 2015.2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012 3. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері4 .Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана (2012 ж.)5. Ғаламтор материалдары