?зге ?лт ?кілдеріні? мемлекеттік тілді ме?геру жолдары мен де?гейі


Баймбетова Айгул БайшымыровнаЖамбыл облысы, Тараз қаласы,
И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру жолдары мен деңгейі
Бүгінгі таңда басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ. Елбасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр. Әр мәдениетті азамат өз отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білуге тиісті. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – адамда халыққа деген құрмет сезімін оятады. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған. Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі-барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады. Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандайэтникалық топқа жататындығына қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының біртіндеп көбейіп келе жатқаны, жыл сайын Тіл комитеті жүргізетін тілдік жағдай мониторингі деректерінен айқын байқалуда. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері орыс тілді қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруге дегенұмтылысы да белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады. Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу процесінің куәгеріміз және елімізде барлық халықтардың мәдени ынтымақтастығын біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдар қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жетукізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы мақсатта бірқатар ауқымды іс-шаралар қолға алынуда. Тілді оқып-үйренуді жоғары деңгейге көтеру қажет. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет. Мемлекеттік тілді білмейтін түлектерді шығаратын жоғарғы оқу орны бар мемлекетті табу қиын. Өз сөзіне Президент Н.Ә.Назарбаев: «... Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар – өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің ел «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге» болмайтындығы атап көрсетілген. Тіл адамның толыққанды жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауына, ақпарат алмасуға, бала тәрбиелеп, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Тіл маңызды коммуникативтік қызмет атқара отырып, сонымен бірге, адамның өз ойын, ниет-пиғылы мен көңіл-күйін білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін жетілдіруге, адам санасының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!/Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Тараз: Сенім,2011
Қазақстан Республикасындағы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Хасанұлы Б.Тілдік қатынас негіздері./ Алматы, 2006. -86 б