Мектепке дейінгі балалар?а арнал?ан «Таба?та?ы жемістер»


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қарашоқат бекеті «Бәйшешек» балабақшасы Айгөлек аралас тобының тәрбиешісі Ниязова Гүлнара МаратқызыКүні: 16.10.2012 Тақырыбы: «Табақтағы жемістер»Білім беру саласы,Таным, денсаулық,шығармашылық.Мақсаты:Балалардың зейінін, тілін дамыту. Қимыл қозғалыс,бағыт – бағдар іс-әрекетін қалыптастыру. Берілген тапсырманы қызыға орындауға тәрбиелеу, балаларға қуаныш сыйлау.Көрнекілік: Жеміс ағаштары суреттері,аңдар суреті,себет,көкөніс пен жемістер, қасқыр, қоян,түлкі, аю, сиыр, қой, ит,мысық суреті , желім. Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келген екен амандасайық.Балалар:Сәлеметсіздер ме!Армысың, алтын күн!Армысың ,Жер-Ана!Армысыздар,қонақтар!Армысыңдар, достарым.Тәрбиеші: Балалар бүгін біз баққа барып күзде пісетін жеміс-жидектермен танысатын боламыз. Келіңдер шаттық шеңберін құрайық. Шаттық шеңбері.Біз қандаймыз, қандаймыз.Шұғылалы таңдаймызКүлімдеген күндеймізРенжуді білмеймізҚуанамын,мен деҚуанасың, сен деҚуанайық достарымАрайлап атқан күнге. Тәрбиеші: Рахмет балалар орындарымызға жайғасайық.Тәрбиеші: Балалар бүгін біз табақтағы жемістер деген тақырыпта әңгімелесеміз. Балалар жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдасы көп. Жеміс-жидектерде А,С,В,Д,Е, дәрумендер бар. Жемес бұрын жақсылап жуып жеуіміз керек.Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?Балалар: Төрт мезгіл бар. Қыс ,көктем, жаз, күз.Тәрбиеші: Жеміс жидектер қай мезгілде піседі ?Балалар: Күз мезгілінде піседі.Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс жауап бердіңдер.Тәрбиеші: Балалар бері қарай келіңдер. Балалар мына тұрған жеміс суреттерін қайсысы қай ағашта өсетінін біліп жапсырамыз. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар дұрыс жапсырды.Тәрбиеші: Балалар енді мына аңдардың қайсысы сәбіз жеиді?Балалар: Қоян сәбіз жеиді.Қоянның қасына сәбіз жапсырады.Тәрбиеші: Сергіту сәтін жасаймыз. Секіреиік, секіреиік Ұзын құлақ қоянша Шаршағанды кетірейік Болар сонда тамаша.Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, мына жерде жабайы аңдар мен үй жануарлары бірге жүр екен, ал соларды өз орындарына жеткізіп салу керекпіз. Үй жануарлары қайда тұрады?Балалар: Үйде тұрады.Тәрбиеші: Үй жануарларын атап көрсетіңдерші.Балалар: Сиыр,қой,ит,мысық.Тәрбиеші: Олар қалай дыбыстайды?Балалар: мө-ө,мә-ә,ав-ав,мяу-мяу.Тәрбиеші: Жабыйы аңдар қайда тұрады?Балалар: орманда тұрады.Тәрбиеші:Жабайы аңдарды атап көрсетіңдерші.Балалар: Қимыл-қозғалыстарын салады.Тәрбиеші:Ал енді үй жануарларын өз орнына , жабайы аңдарды өз орнына апарып қояйық. Өте жақсы тапқыр балалар екенсіңдер.Балалар: Дайындалған қора мен ормандарға орналастырады.Тәрбиеші:Онда біз көкөністі көк себетке, жемісті қызыл себетке орналастырайық.(Балалар бірінің соңынан бірі секіріп өтеді)Тәрбиеші: Мына көкөністі атаңдаршы.Балалар: сәбіз Тәрбиеші: Біз сәбізді қандай түсті себетке жинадық?Балалар: Көк түсті.Тәрбиеші:Алманы қандай түсті себетке жинадық? Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Балалар бүгін біз қайда бардық?Балалар: «Баққа» бардық. Тәрбиеші:Біз бүгін көп жерлерге бардық, көп заттарды көрдік,көп ойын ойнадық, тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап шықтыңдар. Ал енді бақтан жинаған жеміс жидектерден дәм татайық.Тәрбиеші: Жер -Анаға не айтамыз?Балалар: РахметТәрбиеші: Ал, енді қонақтарымызбен қоштасып, тобымызғы барып ойыншықтармен ойнайық.Балалар: Сау болыңыздар.