?дістемелік ??рал Модульдік о?ыту


МҚКК №7 сәбилер бақшасы


«Мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін модульдік оқыту технологиясы
арқылы дамыту»
Құрастырушы: А.А.Кузкенова
Павлодар қаласы

Модульдік оқыту технологиясы
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект – субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тәрбиеші балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:
кіріспе –қызықтырушылық
опериационалдық-танымдық
рефлексиялық-бағалау
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше , біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс балаларды 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен олардың өзара әрекет етуінен құрылған. Балалардың танымдық қызметі әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану - оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейінен – алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші - операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:
1. Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын, қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
3. Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.
4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққа бағытталған болуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп, құрастырады.
Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.
Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.
Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.
Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының
талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
Қорытынды бөлім.
Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын , соңғы бөлімі. Ол балалардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік , дағдыларын бақылауға ,тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде балалар өз қызметін талдайды – яғни , баға алады, бұл сонында әрбаланың танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі -бақылау.
Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар.
Біріншісі, міндетті – диогностика өткізу. Тәрбиешінің өз тандауы бойынша тапсырмалар, бақылау жұмысы, диктант.
Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:
Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа енгізу)
Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім (бақылау)
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология
-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-танымдық поцестерін дамытуға
- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін -өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.

Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологияның «Снежинка» - әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі.
Сұхбат бөлімінің 2-ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді
пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім
сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:
Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.
"Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.
"Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.
"Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.
Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.
«Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру»
Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін үйрету, өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын жаңа технологиялар арқылы жетілдіру педагогтарға жауапты міндеттер жүктеледі. Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымы, сапасы, зердесі, тілінің дамуы, сөздік қоры молаю, сөзге деген қызығушылығы жедел қалыптасатыны ғылымда әлдеқашан дәлелделген. Балабақшада өз тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған ортамен, күнделікті өмірімен тығыз байланыстыра жүргізу, жаңа сөздер қамтылатындай түрлі сөздік, дидактикалық, оқиғалы-желелі ойындар арқылы тіл ұстарту: көру, есту, тындау, қайталау, есте сақтау, жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру, балаларды сөйлей білуге, сөйлемдерді дұрыс құруға, тәрбиешінің сұрғын түсініп, дұрыс жауап беруге баулу мақсаты көзделеді. Әрбір сабақты өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс тәсілдерді тиімді пайдалануы сабақты түрлендіріп ұйымдастыру ойындары қолдануы, балалардың қиялын дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балаларының байланыстыра сөйлеу деңгейін тексеру барысында бірқатар олқылықтар бар екені байқалды. Себебі, балаларының сөздік қоры аз болғандықтан, байланыстыра сөйлей алмайды. ата-аналарымен бақшадан тыс жерлерде өзге тілде сөйлеседі. Сондықтан балалардың байланыстыра сөйлеуде, оқу барысында «Модульдік оқыту» - әдісін қолдану үлкен орын алады. Ғылыми тілде «Модульдік оқыту» деп айтсақ, әдісі тірек сызба, графикалық сұлбалар, пиктограммалар, ПРОПП карта.


Таблица 1


«Модульдік оқыту арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету» жұмысының мақсатқа жету жолдары. «Модульдік оқыту» деген не? Ол нені дамытады? – деген сауалдар жұмыс барысында туады. бұл сауалдарға жауап беру үшін, модульдік оқытудың дамыту жолдарын ашып алу қажет.
Модульдік оқыту тек байланыстырып сөйлеуді ғана дамытпайды екен. Оны кесте бойынша тамашалап көріңіздер.
Модулдік оқыту



Сөздік қорды байытады
Есте сақтау қабілеті
Байланыстырып сөйлеу



Зейін қалыптасады.
Логикалық ойлау

Таблица 2
Бұл сызбадан «Модульдік оқытудың» жан-жақты дамуына жол бар екенін көруге болады. Бірақ, бәрі айналып келгенде байланыстырып сөйлеуге тіреледі. Ал, байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін, модульдік оқыту тәсілдерімен түрлерін көптігі қажет.
Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруда және оны дамытуға ықпалы
Білімді бағалау
Зейін
Есте са0тау
Ойлау
Елестету
Топтау
Талдау
Қолдану
Түсіну
Сөздік қорын дамыту
Шығармашылығы
Білу
Модульдік оқыту технологиясының
тиімділігі


Қарым-қатынас

Таблица 3
Модульдің тиімділігі сол, өлең, тақпақ, ертегі, мақал-мәтел туралы берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Модуль әр баланың алдында жатады. Ол өлең, тақпақ, мақал, ертегіден білім алудың бағдаршамындай, балалар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын орындайды. Модуль әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарады. Модуль бала іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады.
«Модульдік оқыту» дамыту жолдары өте көп. Жоғары кестеде көрсетілгендей осы модульдік оқыту түрлері арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйретуде тигізетін әсері мол. Әрқайсысына жеке тоқталып, мазмұнын ашып көрейік.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту үрдісінің тиімді әдісінің бірі - тірек- сурет.
Тірек- суретті І-ІІ сәбилер, естияр топтарына қолдану баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін тигізетін әсері көп. Сонымен, қатар мұнда тілмен қатар зейін де, еске сақтау, сөздік қорды, логикалық ойлаулары да дамиды десек біз қателеспейміз. Тірек- суретті әр түрлі тақырыпта қолдануға болады. Мысалы:
1. Сөйлем құрастыру: Үстелде қасық жатыр

2. Жыл мезгілдеріне байланысты әңгіме құрастыру.
Қ





К




Ж






К





Тірек сурет арқалы өлең жаттау, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттауға болады. Балалардың байланыстырып сөйлеуді дамыту үрдісін жеңілдету үшін, көрнекі құралдардың маңызы зор. Яғни, тірек-сызбаны пайдалануда үлкен нәтижеге жеттік. Себебі, әңгімелеуде тіл қалыптасады, сөйлеу мәнерлігі қалыптасады, сөйлемді құрастыру тереңдетіледі.
Сонымен қатар, тірек-сызбаларына сүйеніп көптеген түрін, әртүрлі тақырыпта жасауға болады. Тірек-сызба арқылы әңгіменің, тақпақтың , ертегінің мазмұның түгелдей түсініп есте сақтауына, кейіпкерлерді сақтап, баяндап әңгімелеуге септігін тигізеді. Тірек-сызба тек ертегіні әңгімелеуде ғана емес, сонымен қатар ойыншықтың, ыдыс-аяқтың, құстардың айырмашылығын, пішінің, неден жасалғанын айтып баяндап беру үшін де тірек-сызбаның көмегі өте нәтижелі екенің байқауға болады. Мұндай тірек-сызбалар ересек, даярлық топтарында, қолдану тиімді болады. Мысал ретінде алдарыңызда жатқан тіректерге сөйлем құрастырыңыздар: «Жемістерді ажырат», «Ойыншықтарды сипатта».
1. Жемістерді ажырат.



Көлемі Түсі Пішіні Иісі Дәмі

2. Ойыншықтарды сипатта.
көк
қызыл

сары
жасыл



қаңылтыр

пластмасс

ағаш


3. Жануарды сипатта.
Қ

4. Жануарды сипатта.
А

Тірек сызбалар қолдану барысында балалардың байланыстыра сөйлеуі жеңілденеді.. Бұл сызба арқылы, бала қарап отырып затты зерттейді, сол зат туралы баяндап береді. Жүйе бойынша әңгімелейді.

Ал, сенсорлық – графикалық сұлбасы заттың белгілерін сенсорлық каналдар (көру, есту, сезу мүшелері) арқылы анықтайды. Бұл графикалық сұлба 6 карточка :
көз – қарау
қол – сипап сезу
ауыз – дәмін ажырату, әңгімелеу
мұрын – иіскеу
? (сұрақ белгісі) – қай топқа жатады
жүрек - өз көңілінді білдіру.


















Осындай графикалық сұлба арқылы әңгімелегенде балалардың сөздік қоры кеңейіп, заттың түр-түсін, көлемін, сапасын, қасиетін білдіретін сөздерді үйренуге бағыт береді.

Тақырыбы: «Алма»
Алманы көзбен көріп, оның қызыл, үлкен екенін анықтадық.
Қолмен ұстап, оның тегіс және қатты екенін анықтадық.
Дәмін алып, оның қышқыл немесе тәтті екенін анқытадық.
Алманы иіскедік: хош, жұпар иісті екенін анықтадық.
? – қайда өседі? Оның ағашта өсетінін анықтау.
Мұндай сұлбаны мектепалды топтарында қолданса, келесі сұлбаны естияр топтарында қолдану тиімді.
жасыл
сары
қызыл
Түсі

Көлемі
Пішіні

Дәмі

Қайда өседі

Пиктограмма – бұл арнайы белгі бейнеленген карточка. Карточкаға қарап отырған бала ертегіні, заттарды әңгімелеп, баяндап береді. «Оқыған кезде жаза, суретін сала, кестесін сыза отыру» - бұл есте сақтаудың ережесінің бірі екені барлығымызға мәлім.
Мысалы: жануарларды зерттеуде пиктограмманың қолдануы
Бұл не?
Құрылысы
Терісі
Түсі
Көлемі
Немен қоректенеді
Қалай дәм алады
Қимылы
Менің оған деген сүйіспеншілігім (қарым-қатынасым).












Пиктограмманы ересек, даярлық топтарында қолдану ыңғайлы болады. Мысалы: 1 жануарды (қоян) зерттеу.
Бала ерте жасынан әңгіме, ертегімен таныса бастайды. Бірақ, ол өз ертегісін ойдан шығаруға, автордың ойын түсінуге, байланыстырып әңгіме құрастыруға, мазмұнына сәйкес сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан да, балалармен ПРОПП карта жұмыстарын жүргізген жөн.
5-7 жасар бала ПРОПП карта арқылы мазмұнды анализдеу, сараптама жасау әрекетін дамытуға болады. Ол үшін алдын-ала балалармен «ПРОПП карталармен танысайық», Жалпы ПРОПП картаның 31 түрі бар. Бірақ олардың барлығы ертегілерде кездесе бермейді.Ал6 балабақша жұмысына арнап іріктеп, 20 түрін қалдырды. Олар:
Ұйғарым немесе тыйым салу
Айып немесе бұзу
Зиян келтіру және жетіспеушілік.
Кейіпкердің кетуі.
Қиын мәселе
Сыйлаушымен кездесу
Сыйқырлы сый
Кейіпкердің пайда болуы
Антагонистің ең жоғарғы құрамы
Күрес
Жеңіс
Оралу
Үйге келу
Жалған кейіпкер
Сынау
Қайғымен жетіспеушілік жойылды.
Кейіпкердің танымал болуы
Той.
Жалған кейіпкердің әшкерленуі
Жауға тыйым салынады.


Қорыта айтқанда, осы модульді оқыту технологиясы баланың есте сақтау, зейін, ойлау, елестету, қабылдау, танымдық шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сыйласу, өзара қарым-қатынас орнату, қиындықтарға дайын болу, оны жеңу танымдық процестерді дамытады. Сондықтан біз сіздерге «Модульдік оқыту технологиясын» өз іс-әрекеттеріңізде қолдануды ұсынамыз. Егер тәрбиеші – ұстаз тіл дамыту т.б. іс-әрекеттерінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, балаларды қызықтыра алып, жүзеге асырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.