Баяндама та?ырыбы: «Бастауыш сынып о?ушыларыны? а?ылшын тіліне ?ызы?ушылы?ын арттыру»


№26 мектеп-гимназиясыБаяндама тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру»Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Смагулова А.С. Оқушыларға мұғалімнен кейін кайталау арқылы сөздерді фонетикалық жағынан дұрыс айту.Сөйлеп тұрған адамның сөзін тыңдап түсініп, оған жауап бере білуге үйрету.Окушылардың тыңдау зейінін қалыптастырып сөздерді, дұрыс айтуға дағдыландыру.Белгілі тақырып жағдаяттарда бір - бірімен байланыстырып, жай сөйлемдер құра білуОқушылырдың сөздік қорын молайтып, оны орынды дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.  Бастауыш сыныптарда шет тілін оқытып үйретуде сөйлеудің қарапайым дағдысын қалыптастыру үшін алдыма қойып отырған басты мақсаттарым: Тақпақ, өлеңдерді айтуда затты атау арқылы жатқа айту әдісін қолданамын. Бұл әдіс бойынша окушы өлең жолындағы заттың атын атай отырып, есіне түсіріп, жатқа айтуға дағдыланады. Сөздердің дыбысталуына байланысты сөз жұптарын табу арқылы оқушылар жұппен жұмыс жасауға дағдыланады. Бұл әдіс баланың бір- бірімен қарым- қатынасын тудырып, бірлесе білім алуға баулиды. «Бұл қандай жануар» ойынында оқушылар көрсетілген жануарлардың қайсысы үй жануары, қайсысы жабайы жануар екенін қазақша және ағылшын тілінде атауы тиіс. Бұл ойын оқушылардың аудармашылық қабілетін шыңдап, олардың тілді үйренуге деген ынтасын арттырып, сөздік қорын молайтады. Оқушылардың осы жас ша-масында рөлдік ойындарды ойнауды ұнататындығына байланысты, аңдардын маскаларын киіп, рөлдер бойынша диалогты түрде сөйлеу мен оқу жаттығу-ларын орындау (оқушыларды белсенділікке баулиды). Оқушылардың түстерді дұрыс ажырата біліп, танымдық қабілеттерін шыңдауда ойнату орынды. Бұл ойын бойынша олар әр түсті, сол түстің жазылуын еске түсіріп суретті бояйды. Назарларыңызға рахмет!