Д??гелек ?стел Сыныптан тыс ж?мыстарды? тиімділігі


«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу, надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу, надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» М.Дулатов Оқушылардың білім сапасын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен, оны оқытудың әдіс – тәсілдерін қолданудың тиімділігі. Сыныптан тыс жұмыс дегеніміз сабақтан тыс уақытта,арнайы пәндік мазмұны болмайтын , дәстүрден тыс жұмыс түрі. Ол мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде жиналыс, сынып сағаты, салтанатты кеш,саяхат,серуен, шығармашылық кеш т.б. түрде өткізіледі.Ол жұмысты бастауыш сыныпта сынып жетекшісі басқарып отырады.Осы жұмыстардың қалай ұйымдастырылғанынан мұғалімнің шеберлігін байқауға болады. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны неде? Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді. Сыныптан тыс жұмыстың басты мақсаты неде? Сыныптан тыс жұмыстың басты мақсаты ұжымдық қарым қатынасты нығайту. Балалардың бір бірімен тіл табыса алуы, өзін өзі басқаруы да басты мақсаты мен міндеті болады. Ол тәрбие берудің бір құралы десек те болады. Ұлтық құнды-лықтарды сақтау, мәдени мұраларды құрметтеу,үлкен мен кішіні сыйлау,кітап сүйгіштікке баулу т.б. осының барлығы сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде жүзеге асады. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері қандай? Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, т.б. жатады. Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сынып оқушылары өз жұмыстары жөнінде балалар жасампаз-дығының көрмесі, көркемөнерпаздар, көрініс, спорттық сайыстар, байқаулар, конкурстар арқылы ата-аналар мен еңбек ұжымдары алдында есеп береді.Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне бастауыш сынып оқушыларының тақырыптық ертеңгіліктері де жатады. Бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында аға ұрпақ өкілдерімен кездесу кең өріс алды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері, еңбек екпінділері, конструкторлар, өнер тапқыштар, ғалымдар, өнер шеберлері, халық депутаттары балаларға қонаққа келеді. Мұндай кездесулерге балалар мұқият дайындалады.Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне экскурсиялар жатады Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне бастауыш сынып оқушыларының мерекелері: «Әліппені шығарып салу », «Ойын және ойыншықтар», дәстүрлі халық мерекелері жатады. Ұзақбаева С.А «Елім-ай» бағдарламалары бүгінгі оқу-тәрбие үрдісін жандандыруға үлкен септігін тигізуде. Аталған бағдарла-малардың ішінде «Елім-ай»- бағдарла-масында  бастауыш сынып оқушылары-ның  эстетикалық сезімін ұлттық өнер арқылы қалыптастыру  мәселесі  қарастырылады. Бағдарлама төрт бөлімнен  тұрады. І тоқсан- «Сарыарқа», ІІ тоқсан- «Тұлпар», ІІІ тоқсан- «Аққу», ІV тоқсан- «Елім-ай» деп аталады. Әр бөлімнің атына сай мазмұны берілген.        «Сарыарқа» бөлімінде бүкіл қазақ  халқының жазира даласындағы  қолөнер, туған жер табиғатынан  эстетикалық сезімді қалыптастыру  көзделеді.  «Тұлпар» бөлімінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, мал-жануарларға байланысты аңыз-әңгіме, ертегі, мақал-мәтелдермен танысуға болады.  «Аққу»  бөлімінде киелі, қасиетті құстарды  қорғай білуге, олармен достаса  білуге шақырады.     «Елім-ай» бөлімінде қазақ халқының басынан кешкен сұрапыл заманды суреттейтін ән арқылы оқушының бойында ұлттық ерлік пен сезімді қалыптастыру қарастырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар:сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек. Оқушылардың білім сапасын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың пайдасы бар ма? «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» Нұрсұлтан Назарбаев