Ашы? саба?: Инженерлік калькулятормен ж?мыс жасау
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасымен таныстыру.
Білімділік: Инженерлік калькулятор программасының міндеттерімен
таныстыру, көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
тапсырмаларды орындау
сабақты бекіту
үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер
Калькулятор бағдарламасының арналуы қандай?
Сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Сен калькулятордың тағы қандай түрлерін білесің?
Калькулятор түрлері:
1. Қарапайым 2. Инженерлік
Іске қосу.
Калькулятор бағдарламасын іске қосу әрекеттерінің тізбегін көрсет.
17145000002971800000457200000Пуск Программы Стандартные Калькулятор
Калькулятор терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі (түзету, түр, анықтама), терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Операторлар мен сандарды пернетақтадан да енгізуге болады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет.
Инженерлік калькулятордың түрін көрейік. Жоғарыда айтылғандай, инженерлік калькуляторды «шақыру» үшін :
Пуск –Все программы- Стандартные-Калькулятор –Вид Инженерный командаларын орындаңдар.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.
Егер бұл калькуляторда жұмыс істеп отырып, оның кейбір функциялары қалай орындалатынын ұмытып қалсаңдар, онда анықтамалық жүйені пайдаланыңдар. Мысалы, батырмалардың міндеттерін анықтау үшін, динамикалық менюді пайдалануға болады.
Ол үшін сізді қызықтыратын батырмада тышқанның оң батырмасын шерту керек. Сонда кішкене жақтау ішінде Бұл не? жазуы шығады. Тышқанның сол батырмасымен жазуды шертсеңіз батырма жөнінде анықтама шығады.
Мысалы, тышқан көрсеткішін Sta батырмасына қойып, оның оң батырмасын шертсеңіз, жақтау ішінде Бұл не? жазуы шығады. Тышқанның сол батырмасымен жазуды шертсеңіз осы батырма жөнінде анықтама шығады.
Калькулятордың қызметтік батырмаларына шолу жасап, калькулятордың екі түрі бар екенін атап оттік. Енді Осы калькулятордың инженерный түріне тоқталамыз.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, тек 2-3 міндеттен орындайтын бірнеше батырмалары бар. Инженерлік калькулятор бағдарламасының негізгі элементтері: Тақырып жолы, меню жолы, жұмыс аймағы.
Бұл калькулятор көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге (мысалы, орта мән табу), тригонометриялық, логарифмдік, дәрежелі, көрсеткішті функциялардың мәндерін есептеуге болады.
Жадпен жұмыс істеу (онда тек бір ғана санды жазуға болатын).
Енгізу өрісіндегі санды жадқа енгізу үшін MS батырмасын басу керек
Mr –жадтағы санды енгізу өрісіне беру.
М+ - жадтағы санға енгізу өрісіндегі санды қосу.
МС – жадты тазалау.
Жадпен жұмыс істеу кезінде калькулятор тақтасындағы жад батырмаларының үстінде
М индикаторы пайда болады .Жадқа енгізілген әр жаңа сан алдыңғы санның орнын басады.
Ол үшін, әдеттегідей, өздеріңе қажет тышқанның оң жақ батырмасын шертіңдер. Сонда кішкене жақтау үшін «Что это такое?» жазуы шығады. Бұл жазуда тышқанның сол жақ батырмасын шертсеңдер, осы батырма жөнінде ақпарат пайда болады.
Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік және оналтылық.
Инженерлік калькулятор төрт санау жүйелерінде жұмыс істей алады. Олар: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық.
Олардың қажеттісін таңдау үшін сәйкес төрт батырманың бірін шертеді, яғни Hex (он алтылық), Dec (ондық), Oct (сегіздік), Bin (екілік). Егер санды ондық жүйеде теріп, қалған үшеуінің бірін басса, индикатор өрісіндегі сан автоматты түрде жаңа жүйеге аударылады.Мысалы:Мысалы, ондық санау жүйесінде 585 санын теріп Bin (екілік) батырмасын шертсе, онда индикация өрісінде 1001001001 көрінеді, ал Hex батырмасын шертсе, 249 саны шығады.
Жұмбақ
Жазатын сабақты да,
Ұстайтын тышқанды да,
Батырманы басатын да,
Есікті ашатын да,өзі екен.
(Екі қол)
Жауабын айтқан соң осы екі қолымызды бірнеше рет ашып-жұмып жұмысты бастаймыз.
Жаңа сабақ бойынша орындалатын тапсырмалар:
1-тапсырма: Кестені толтыр.
Инженерлік калькулятормен жұмыс істей алатын санау жүйелерін ата. Санау жүйесін таңдау үшін қандай батырманы шерту керек?
Ондық Dec
Екілік Bin
Сегіздік Oct
Оналтылық Hex
2 –тапсырма. Өзің орында!
Сандар ондық санау жүйесінде берілген. Оларды басқа санау жүйесінде көрсет.
Dec
Bin
Oct
Hex
15
51
1551
419
3-тапсырма. Калькуляторды қолданып, есептеулерді жүргізіңдер.
Тауардың әр түрінің құнын $ доллар курсы бойынша теңгемен есептеңдер.
«Сервис орталығы» фирмасының шығын ақпарат тізімі.
Курс $1 = 148 теңге
№ Тауар аты $ бағасымен Теңге бағасымен
1 «City men» ер костюмі 150 ?
2 «Былғары империясы» күртешесі 450 ?
3 «Lumix» көйлегі 210 ?
4 «Lumix» көйлегі 40 ?
5 «Сәт» қолғабы 800 ?
6 «Акцент» фирмасының түлкі терісінен жасаған тоны 2350 ?
Барлығы ? ?
«Ойнай отырып,ойлай отыр» ойыны
Ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Калькулятордың неше түрі бар?
Калькулятордың қызметтік батырмаларын ата?
Пернетақтаның сандық блогынан санды енгізу үшін қандай пернені басамыз.
С батырмасының қызметі?
Sqrt батырмасының қызметі?
1/х батырмасының қызметі?
% батырмасының қызметі?
Меню жолындағы командаларды ата?
Үйге тапсырма:
1.Функционалдық батырмаларды жазып келу (209-210бет)
2.Батырмаларды жаттап келу
Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан, көп фишка жинаған оқушыларды бағалаймын.