Та?ырыбы : Таби?атым — тал бесігім т?рбие са?аты мектепалды даярля?


Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатым - тал бесігім.Мақсаты:1) Балаларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету.2) Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру3) Туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеуКөрнекілігі: суреттер, қанатты сөздерБарысы:Кіріспе сөзМұғалім: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатым - тал бесігім». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабаңның « Жер - қазына, су - алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10 - 15 миллион гектар орман жойылады екен.«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.1 - оқушы: АякөзТабиғат - сұлу мекенім,Өзіңді пана етемін.Саяңда өсіп ер жетімінБиікке самғап жетемін.2 - оқушы: АйдаТабиғаттан нәр алған ғой жанымыз,Жер бетінің ажары ғой сәніміз,Туған өлке табиғатын аялап,Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.3 - оқушы: МаржанТабиғаттың орны бөлек ғаламдаТигізетін пайдасы зор адамғаЕй адамзат, оны күтіп қорғаңдарЖойылмасын жасыл желек ормандар!4 – оқушы Айару
Болсын тек ауа таза, тұнық суБасылмасын айдын көлде құстың шуыТөңіректе кесілмесін тал терекАраша түс табиғатта бәрі керек!
Тартылмасын теңіз көлдер су алып,Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.Қолда барда қадір тұтып сақтайықЖаратқанның бергеніне қуанып.Хор: «Біз өмірдің гүліміз» әніМұғалім: Табиғат аясы - адамның алтын бесігі. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін, күнделікті қолданатын тұтыну заттарындағы ою өрнектерден де көруге болады. Мысалы: Түс киіздердегі ою - өрнектерде даланың хош иісті гүлдері, өзен - көлдері, тау жоталары бейнеленсе, сырмақтарда қошқар мүйіз, құс тұмсықтары мен қанаттары салынған.4 - оқушы: АйдосҚайырлы түн!Жер анам,Көк аспанды жамыл да,Таңға дейін дін аманТәтті ұйқыға дамылда!Орманың да шуламасынСуларың да туламасынАқ басты ала тауларың даКүңіренбесін, жыламасын!5 - оқушы: ҚайнарШамыңды өшір, түсіре ғой пердеңді,Қайырлы түн, Алып жер!Дүбірлетіп ұлы сенің кеудеңдіТаптамасын танкілер.Қайырлы түн,Көк аспан, алып жерді төсен де,Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,Ұшырама кеселге.6 - оқушы: ДәуренМен сүйем ерікті еркін құсынСайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,Сүйемін табиғаттың барлық күшін.7 - оқушы: АрсенКүн - барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.Су - тіршіліктің көзі.Ауа - өмір тынысы.8 - оқушы: СаяТабиғат - әсемдіктің төркінісің,Ән саламын бір сенің көркің үшін.Жан – жануар табынып бір өзіңе,Сенен алып тұрғандай бар тынысыңБи: Қазақша би «Домбыра»9 - оқушы: НәрленАдамға табиғатсыз өмір бар маНе қиын кезеңдерге төзді ол да.Дария орта түсіп, теңіз қашып,Табиғат бұлқынады қылбұрауда10 - оқушы: АдылжанТабиғат адамдарға нәр бередіСәнді тал саз кешеді, сәнденедіӨртенген жетім тоғай жәутең қағыпМұңайып сездіреді әлденені11 - оқушы:Мезгілсіз зымыранды ұшырадыАсау жел ерік бермей құтырадыКүтіп, баптап, аялап ескермесеБайлығынан адамдар ұтылады12 - оқушы: ЯсминаУа, табиғат шеберсің - ау, шеберсіңКөрмегенді көрсетерсің берерсің.Ұлан - ғасыр байлығыңды місе етпейАшкөзденген адамдарға не дерсің?Мұғалім: Балалар енді кезекті көрініске берейік«Табиғатты аялайық» атты сахналық көрініс:Автор: Талдың төбесіне өрмелеп шығып, бұтағын майыстырып жатқан бүлдіршінге жерде тұрған бала тал болып үн қатады.Тал:Сындырма мені,Мен - жақсылық кені!Мен – денсаулық емі!Мен – еркелетем сені!Күтсеңдер, гүл ашам,Жолыңа жұпар шашам. Саямда сағаларсың,Салқындап демаларсың.Автор: Тал үстіндегі бала өз ісінің әбестігі үшін ұялып, балалардан кешірім сұрайды.Бүлдіршін: ШалқарБалалар мені кешіріңдерші,Мен енді мұндай іс жасамаймын.Мені де өз қатарларыңа қосыңдар!Тал: Балалар, сендер мен туралы көп білетін боларсыңдар, мен жайында кім тақпақ айта алады?Автор: Балалар білетін тақпақтарын жатқа айтады.

Табиғат - сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетімінБиікке самғап жетемін.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ғой сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Табиғаттың орны бөлек ғаламдаТигізетін пайдасы зор адамғаЕй адамзат, оны күтіп қорғаңдарЖойылмасын жасыл желек ормандар!
Болсын тек ауа таза, тұнық су
Басылмасын айдын көлде құстың шуыТөңіректе кесілмесін тал терекАраша түс табиғатта бәрі керек!
Тартылмасын теңіз көлдер су алып,
Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.
Қолда барда қадір тұтып сақтайықЖаратқанның бергеніне қуанып.
Сындырма мені,
Мен - жақсылық кені!
Мен – денсаулық емі!
Мен – еркелетем сені!
Күтсеңдер, гүл ашам,
Жолыңа жұпар шашам.
Саямда сағаларсың,
Салқындап демаларсың.
Балалар мені кешіріңдерші,
Мен енді мұндай іс жасамаймын.
Мені де өз қатарларыңа қосыңдар!
1 Талдың төбесіне өрмелеп шығып, бұтағын майыстырып жатқан бүлдіршінге жерде тұрған бала тал болып үн қатады.
2 Тал үстіндегі бала өз ісінің әбестігі үшін ұялып, балалардан кешірім сұрайды.
Табиғат адамдарға нәр бередіСәмбі тал саз кешеді, сәнденедіӨртенген жетім тоғай жәутең қағыпМұңайып сездіреді әлдененіМезгілсіз зымыранды ұшырадыАсау жел ерік бермей құтырадыКүтіп, баптап, аялап ескермесеБайлығынан адамдар ұтылады