Деректер реляциялы? ?оймалары. Ms.Access компоненттері


Сабақ жоспары
Күні: 18/11/2014 «Бекітемін»
Пәні: Информатика Оқу ісінің І ауысым
Сыныбы: 11 «А», «Б» меңгерушісі
_____________
Сабақтың тақырыбы: Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access
компоненттері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау
ұшқырлығын дамыту
ә) дамытушылық: икемділік қасиетімен шабытты
болуға қалыптастыру
б) тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілетімен
қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;
Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Мәліметтер қоры дегеніміз не?
МҚБЖ дегенді қалай түсінесіз?
Көп таралған МҚ қалай аталады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Соңғы уақытта деректер қоймасының ішіндегі ең көп тарағаны – реляциялық деректер қоймасы. Реляциялық деректер қоймасында ақпарат бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.
Реляциялық деректер қоймасында кестенің әрбір жолы бірегей. Жолдардың бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде кестенің жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.
Реляциялық ДҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері:
Барлық деректер кесте түрінде сақталады.
Әртүрлі сипаттағы деректер түрлі кестелерде сақталады.
Қойма құратын кесте деректері арасында қарым-қатынас (реляцияның) беріледі
Әртүрлі кестелердегі ақпарат деректері жаңа сұратулар құру кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.
МS Ассеss компоненттері
МS Ассеss ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен есеп берулерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады.
Кесте деректер қоймасының негізгі болып табылады. МS Ассеss-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады.
Есеп берулер деректер қоймасында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады.
Сұрату деректер қоймасынан ақпаратты алады, әлі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін.
IV. Сабақты бекіту
1. МS Ассеss негізгі компоненттерін атаңыз
2. Пішіндер не үшін қолданылады
3. Реляциялық ДҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері
V. Қорытынды
Үйге тапсырма. МS Ассеss шебер көмегімен МҚ құру.