?аза? тілінен саба? жоспарлары


Бекітемін: Ш.К.Ихсанова
Күні:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: Баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға
мүмкіндік жасау;оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы
теориялық ойлауын , сөйлеу тілін дамыту ; ұйымшылдыққа , достыққа
салт-дәстүрге , адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларға баяндауыш
жайлы ұғым бере отырып, теориялық және практикалық білім
дәрежесін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу.
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
5-жаттығу. 72-бет
ІІІ.Жаңа сабақ.
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.Бастауышты бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сыз.
..... (құрылысшылар, дәрігерлер, мұғалімдер) мектептің шатырын жөндеді. 2. ..... (ұшқыштар, шахтерлер, жүргізушілер) шахтада көмір өндіреді. 3. ..... (жазушылар, зейнеткерлер, бишілер) оқушылармен кездесуге келді. Аулада биік .... (раушан, сексеуіл, шырша) өсіп тұр.Ағаш арасында кішкентай (қарға, дегелек, бұлбұл) сайрап отыр.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады?
Болат ерте ..... . Төсегін өзі ..... . Болат – өте ұқыпты бала. Ол киімдерін кешке .... . Болат сабақты жақсы .... . Бос уақытында ата –анасына ..... .
Керекті сөздер: оқиды, көмектеседі, жинайды, тұрады, дайындайды.
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Баяндауыштардың астын екі сызықпен сыз.
Гауһар жеңін түрінді,
Газға балық қуырды.
Гүлзарға су себелеп,
Газетке де үңілді.
5-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты ғана теріп жаз.
Бие құлындады. Құлыншақ басады. Ол жүрді. Құлыншақ жақындады. Ол емді.
ІҮ.Бекіту.
Бастауыш қандай сұраққа жауап береді? (Кім?, не? кімдер?, нелер?)
Баяндауыш дегеніміз не? ( Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді?, не қылды?, қайтті? Деген сұрақтар қойылады.)
Ү.Үйге тапсырма.
2-жаттығу. 73-бет. Ереже жаттау.
ҮІ. Бағалау

Бекітемін: Ш.К.Ихсанова
Күні:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша (1сағ)
Сабақтың мақсаты: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы
топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.; оқушылардың
өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын , сөйлеу тілін
дамыту ; табиғатқа деген ізгілікті қарым- қатынасын, ұйымшылдыққа,
достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру арқылы тілдерін дамытуға құзіреттеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу.
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
2-жаттығу. 73-бет
ІІІ.Жаңа сабақ.
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қой. Зат есімнен болған баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
Ғалия - үлгілі қыз.Құрманғазы - атақты күйші. Алматы - жасыл қала. Дәулет – озат оқушы.
Кейде баяндауыш зат есімнен жасалады. Бастауыш та , баяндауышта зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады. Досжан – студент.
2-жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
Ата- асқар тау.
Ана – бауырындағы бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ.
3-жаттығу.Тиісті жерде бастауыштан кейінсызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Анаң күнің, жүрегің.
Әкең өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Саған бәрі қуансын!
Әжең асыл ардағың,
Ата дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
4-жаттығу. Сөйлемдерді баяндауышы да зат есім болатындай өзгертіп жаз.
Жамбыл Жабаев өлең жазды. Жамбыл жазды.Жандос күй тартты. Жандос тартты.Райгүл би биледі. Райгүл биледі. Анам ас пісірді. Анам пісірді. Раушан шаш қиды. Раушан қиды.
ІҮ. Бекіту.
Баяндауыш дегеніміз не?
/ Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді?, не қылды?, қайтті? деген сұрақтар қойылады./
Ү. Үйге тапсырма. Бағалау.
5-жаттығу.75-бет
Бекітемін: Ш.К.Ихсанова
Күні:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша (2сағ)
Сабақтың мақсаты: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы
топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.; оқушылардың
өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын , сөйлеу тілін
дамыту ; табиғатқа деген ізгілікті қарым- қатынасын, ұйымшылдыққа,
достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру арқылы тілдерін дамытуға құзіреттеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу.
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
5-жаттығу.75-бет
ІІІ. Жаңа сабақ
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштардың астын сыз.
Құмырсқа.
Құмырсқа орман дәрігері. Олар зиянды жұлдызқұрттарды жейді. Бір илеудің құмырсқалары күніне мыңдай жұлдызқұрттың көзін жояды екен. Илеу - құмырсқалардың ұясы. Жауынды, суық күндері құмырсқалар илеуге кіріп-шығатын тесіктердің бәрін бітеп тастайды екен.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті баяндауышты қойып жаз. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын айт.
1.Қайың- Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ...... .2. Атамекен- ата –бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты ..... .3. Мерует- сәндік үшін қолданылатын қымбат бағалы асыл .... .
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық.
Бес күзетші - бес пысық.
5-жаттығу. Бастауышы зат есім, баяндауышы етістік болатын бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Керекті сөздер: қарға, құс, орақ, сайман, доп, ойыншық, төсек, жиһаз, бүлдірген, өсімдік, қалам, құрал.
ІҮ. Бекіту.
Әр оқушы сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырады. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіреді.
Мысалы:
Ү. Үйге тапсырма. Бағалау.
1-жаттығу.77-бет.
Бекітемін: Ш.К.Ихсанова
Күні:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.
Сабақтың мақсаты: Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру, сөйлемнен
бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя отырып табуды меңгерту. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, отаншылдыққа, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу.
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1-жаттығу.77-бет
ІІІ. Жаңа сабақ
1-жаттығу. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тауып жаз.
Балалар қыдыруға шықты. Көше бұрышында бағдаршам тұр. Көшеде машина өте көп. Олар жасыл шамның жануын күтті. Жасыл шам жанды. Балалар жолдан өтті.
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.
2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тап.
Аю –орман қожасы. Дүниежүзінде оның жеті түрі бар. Ең көп тараған түрі –қоңыр аю. Ол тау арасын мекендейді. Азығы –өсімдік. Аю алғашқы қар жауғанда апанына кіріп, ұйқыға кетеді.
Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхитта тіршілік етеді. Ол балық аулап қоректенеді. Сүйір ерінді аю Үндістанда тіршілік етеді. Ол құрт-құмырсқа аулап, жүзім, банан жейді.
3-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз. Жауабыңдағы бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
қайда мекендейді? қайда өседі?
5-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Қымызда да қымыз бар,
Қымыз- қуат
Қымыз -нәр
Қымыз -сусын
Шөл басар,
Жанға шипа
Шырын бал.
ІҮ. Бекіту.
Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді табу.
Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан - тәуелсіз ел.Ү. Үйге тапсырма
4-жаттығу. 79 бет Ереже жаттау.

Бекітемін: Ш.К.Ихсанова
Күні:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.
Сабақтың мақсаты: Тұрлаусыз мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға
мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы
теориялық ойлауын , сөйлеу тілін дамыту ; табиғатқа деген ізгілікті
қарым- қатынасын, ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы тілдерін
дамытуға құзіреттеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу.
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу. 79 бет Ереже жатқа сұралды.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-жаттығу. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырып жаз.
Дәурен ауылдан келді. Мұғалім сабақты түсіндірді. Талғат ұзақ сөйледі. Диқан егінді суарды.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыштан тұратынын білесің. Сөйлемнің қалған мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға: Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Нені? Кімде? Неде? Қайда? Кіммен? Немен? Қалай? Қанша? Неше? Нешініші? Қайдан? Қашан? Қай?
2-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.
Азат (нені?) тазалады? Оқушылар (неге?) қатысты? Қайсар (қандай?) велосипед сатып алды? Әлия ( немен?) сурет салды?
3-жаттығу. Кімнің? Ненің? Деген сұрақтарға жауап беретін тұрлаусыз мүшелерді теріп жаз.
Қалам
Каналдар қазылған Ойларын дананың
Қайланың күшімен Өрнектеп бұл қалам
Кітаптар жазылған Қалдырған бабаның
Қаламның ұшымен Хаттарын мыңдаған
4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
Мектепте шахматтан жарыс болды. Жарысқа Нұрбол қатысты. Жарыста Нұрбол қарсыластарын жаңіп, жарыстың жүлдесін иеленді. Сөйтіп, Нұрбол жарыстан сыйлықпен оралды.
5-жаттығу. Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосып жаз.
Жаңбыр басылды. Аспан ашылды. Күн жылынды. Су ақты.
Үлгі: Жаңбыр таңертең басылды.
ІҮ. Бекіту.
Топшамалармен жұмыс.
Ү. Үйге тапсырма.
Ереже жаттау.
Бекітемін: Ш.К.Ихсанова
Күні:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.
Сабақтың мақсаты: Тұрлаусыз мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға
мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы
теориялық ойлауын , сөйлеу тілін дамыту ; табиғатқа деген ізгілікті
қарым- қатынасын, ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы тілдерін
дамытуға құзіреттеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу.
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Ереже жатқа сұралды.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? Сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаз.
Әдемі, ауылда, жүгіріп келеді, кеше, жоғарыда, домбыра, артта, ұзын, мектепте, тау басында.
Қайда? Ауылда, жоғарыда, артта, мектепте, тау басында.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнын тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемде қандай өзгерістер болды?
.... қайың өсіп тұр. Оның .....бұтақтары бар. .... жапырақтар сыбдырлайды. .... құстар ұшып келеді. Олар .... ұя жасайды. .... балапандар ұшып шығады.
3-жаттығу.Өлеңді оқы. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.
Құмартамын кітапқа,
Өлең-жырды жаттаймын.
Қонып тұрған бұтаққа,
Торғайларды атпаймын.
4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Ол сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Назым мен Әсем бір сыныпта оқиды. Екеуі үнемі бірге жүреді. Сыныпта бір партада отырады. Ешқашан ренжіспейді. Сабақты екеуі де жақсы оқиды. Оларға оқушылар қызыға қарайды.
ІҮ. Бекіту. Топшамалармен жұмыс. Адасқан сөздерді жинап, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем құрастыру.
Кеше, кино, біз, бар. 2. Оқиды, кітапты, ағам, көп.
3. Машина, келеді, жол, үлкен.
Ү. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. 82бет. Ереже жатқа айту.