Тригонометриялы? функциялар ж?не тригонометриялы? те?деулер.


Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялар және тригонометриялық
теңдеулер.
Мамандық: «Жеміс шаруашылығы»
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: оқушыларды тригонометриялық функциялардың формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
ә)Дамытушылық: оқушының алған білімдерін практикамен ұштастыруға үйрету, шығармашылығын және ойлау қабілетін дамыту
б)Тәрбиелік: оқушыны өз беттерімен және топпен есеп шығара білуге үйрету, ұқыпты тыңдауға , сұрақтарға нақты жауап беруге баулу.
Көрнекілігі: дербес компьютер, проектор, функцияның формулалары мен графиктері салынған карточкалар, слайдтар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: топтық жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өзара пікір алмасу, түсіндіру, әңгімелесу.
Пән аралық байланысы: информатика, өсімдіктану.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II.Негізгі бөлім
1)Қайталау сұрақтарын қойып, өтілген материалды еске түсіру.
2)Топтық жұмыс. а) «Қатені тап» тапсырмасы;
ә)«Тригонометриялық баспалдақ» формулаларды
қолданып есептер шығару.
3)Оқулықпен жұмыс (есептер шығару).
III.Қорытынды бөлім
Үйге тапсырма беру.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың білімдерін бағалау.
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды топқа бөлу.
Біз бүгінгі сабағымызда «Тригонометриялық функциялар және тригонометриялық теңдеулер» тақырыбын қайталап қорытындылаймыз. Ол үшін алдымен мынандай қайталау тапсырмаларын орындайық.
II.Негізгі бөлім.
1)Өтілген тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
Қандай тригонометриялық функцияларды білесіздер, оларды
атаңыздар.
Қандай кері тригонометриялық функцияларды білесіздер, оларды
атаңыздар.
Парталарыңызда жатқан карточкада жазылған функциялардың ішінен тригонометриялық функциялардың формулаларын табыңыздар.
Енді әрқайсының алған формулаларыңызға сәйкесті карточкада жазылған функцияның графиктерін табыңыздар. (дұрыс табылғаны тексеріледі.)
Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, алдын-ала даярланған карточкалардан тригонометриялық функциялардың формулалары мен графиктерін табады, қандай тригонометриялық функция екенін айтып, сәйкес графиктерін көрсетеді. Әр топқа алған тригонометриялық функцияға сәйкес ат беріледі. Оларға топпен жұмыс істеуге мынандай тапсырма үлестіріледі.
2) Топтық жұмыс
а)1-тапсырма. (Қатені тап)
Мына жазылған формулалардың ішінен қателіктерді тауып, қызыл сиямен түзетіңіздер. (тексеру).
Sin2x+cos2x=2
Tgx=sinx/cosx
Cos2x=1-sin2x
Cosx=a; x=arccosa+2пn; n=z
Tgx=a; x=+arctga+пn; n=z
Sinx=a; x=(-1)narcsina+пn
Қатемен жазылған формулалардың қателіктерін түзетулерінің қаншалықты дұрыс қаншалықты бұрыс екенін әр топ өздерінің формулалар жазылған қағаздарын бір-бірімен алмастыру арқылы слайдта дұрыс жазылған формулаларға қарап түзетеді. Содан-соң өз қағаздарын алып, жіберген қателіктерді ескереді.
ә) Формулаларды қолдана отырып есептер шығарту.
2-тапсырма «Тригонометриялық баспалдақты» шеш.
«Sin x» тобының тапсырмасы

Cosx=0
Sinx-2/2=0
2sin2x+sinx-1=0
«Cos x» тобының тапсырмасы

Sinx=1
tgx-3=0
2cos2x+cosx-1=0
«tg x» тобының тапсырмасы

Sinx=-1
cosx-1/2=0
2tg2x+3tgx-2=0
Шығару барысында алынған жауаптарын парашютшылар суреті артына жазылған жауаптарымен сәйкес келетіндерін тауып, бірінші есептің жауабынан бастап ретімен тақтаға бекітеді. Сонда әріптер тізбегінен «Бергамот» (1-сурет) деген сөз алынды.
45021599695
1-сурет
Бергамот деген не? сұрауына алдын-ала дайындауға оқушыларға тапсырма берілген болатын. Тапсырма мамандықтары «мекен-жай иесі» тобы оқушыларының негізгі пәндерінің бірі өсімдіктану пәнімен пәнаралық байланыс орнату мақсатында берілді. Сонымен, бергамот-цитрусты өсімдік. Лимон мен апельсиннің алыс туысы. Бойы екі метрден 10 метрге дейін өседі және жасыл күйінде жылдар бойы тұра береді. Гүлдері ірі, иісі өте жағымды. Жемісі жеуге келмейді. Жемісінен май алады. Ол шайды хош иістендіру үшін пайдаланылады. Парфюмерияда да қолданады. Бергамотты Италияда, Кытайда өсіреді. (2-сурет)
1600200-114300
2-сурет
3) Оқулықпен жұмыс. №106 а), б) №115 а), б)
III.Қорытынды бөлім.
Үйге тапсырма: §9,10 №106 ә), в) №115 ә), в) есептерін шығару.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызда «Тригонометриялық функциялар және тригонометриялық теңдеулер» тақырыбын қайталап қорытындыладық. Сонымен, бүгін нені біліп, нені қайталадық?
Оқушылардың білімдерін бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатыстарына қарай топпен және жекелей бағалаймын.