Ата-ана мен бала арасында?ы психологиялы? ?йлесімділік
Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік.
Қазіргі таңда отбасы тәрбиесі жөнінде көбірек айтылып та, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып та жүр.Шыны керек, ата-ана мен бала арасындағы қатынас психологиялық жағынан үйлесім табуда ма?
Әрине, ата-аналар тарапынан тәрбие беру ісінде баланы бағып-қағуда, ең алдымен, оның материалдық жағына көбірек көңіл бөлінеді. Яғни бала «қатарынан қалмай, киінуі , жүріп-тұруы керек». Баласының немен айналысып, кіммен уақыт өткізетінін, досының кім екендігін жіті қадағалап отыру-әр ата-ананың міндеті.Әсіресе еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әртүрлі «қызықтар» қуумен өткізеді.Ол баланың рухани азғындауына әкеліп соғады.Бала тәрбиесінде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу жетіспейді.Сонымен қатар көптеген ата-ана өз баласына мейірім төгіп, жылылық беруде сараңдық танытады.Шектен тыс қаталдық танытып тәрбие беретін ата-аналар баланың болашақта тұйық, шешім қабылдауда жүрексінетін, үнемі қорқыныш жетегінде жүретінінен хабардар ма екен?!
Тәрбие беру ісіндегі басты ережелер-балаға қажет кезінде назар аудара білу, әрдайым қасынан табылу, оған деген сүйіспеншілігін қай жаста да көрсете білу, оның ой-пікірімен санаса білу болып табылады.Әсіресе бала жасөспірімдік кезеңде үлкен қиындықтарды бастан өткергенде (физиологиялық, психологиялық), рухани қолдауды қажет етеді.Егер осы кезеңде ата-ана тарапынан түсіністік ,қолдау байқалмаса, бала өз қатарластары мен кездейсоқ адамдардың «көмегіне» жүгінеді.Мұның арты жақсылыққа апаруы белгісіз.Баланы түсініп, қабылдау дегеніміз-оның өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу.Ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетінін бақылап, зерігуіне жол бермеу керек. Егер бала не істерін білмей,босқа сенделіп жүрсе, ол тәртіп бұза бастайды, бетімен кетуге әдеттенеді.Баламен көбірек әңгімелесіп, оның қызығушылығын бақылап, өмірге байланысты сұрақтар төңірегінде кеңестер беріп отыру қажет.Балаға бұйыру, не істегісі келсе, соны істеуге болатын меншігіндей қарауға болмайды.Өйткені бала болашағы әр ата-ана үшін маңызды мәселе болып қалары хақ.
Идрисова З.Қ.
Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының педагог-психологі