Ішек?уыстылар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі 6 сынып


Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі
Сабақтың тақырыбы:Сабақтың мақсаты: көп жасушалы жәндіктер менжануарлар дүние тармағымен  таныстыру, ішекқуыстылар типімен таныстыру.Міндеттері: Білімділік: Көп жасушалы жәндіктер туралы түсінік қалыптастырып молайту, ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.Тәрбиелікі: білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының  рөлін түсіндіру.Дамытушылық: білім алушылардың  ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту.  Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.Құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, электронды көрсетілімдер.Сабақ түрі:  жаңа сабақСабақ әдісі:
Сұрақ-жауап.
Әңгіме-дәрісКестемен жұмыс.
ТоптастыруТірек-сызбамен жұмысСөзжұмбақІ. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру,журналға белгілеу;ә) сынып бөлмесі  мен оқу жабдықтарынының сабаққа даярлығын   байқау.
ІІ.Кіріспе.Көп жасушалы жәндіктер мен жануарлар туралы, дүние тармағы жайлы айтып өту.
ІІІ.Негізгі бөлім.Жаңа сабақты меңгеру.
БелгілеріГидра Медуза Актиния
Дене пішіні және оның құрлысыЦилиндр, бөшке тәрізді. Денесі екі қабатты қапшықша ұқсас, аузы, ішек қуысты, табаны, қармалауыштары боладыҚолшатыр тәрізді жиегінде төмен қарай салбыраған қармалауыштары бар екі қабатты қапшық тәрізді, аузы, ішекқуысы бар Цилиндр, бөшке тәрізді. Екі қабатты қапшық пішінді, аузы, ішек қуысы, табаны, қармалауыштары бар
Мекен ортасыТоқтау немесе баяу ағатын тұщы су Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суыМұхиттар мен теңіздердің тұзды суыҚозғалуыТөңкеріліп адымдап қозғаладыРеактивті түрде қозғаладыТабанымен жылжып қозғаладыҚорегі жіне оны ұстау тәсілдеріЖыртқышЖыртқышЖыртқышҰсақ шаяндар, жәндіктердің дернәсілдеріҰсақ теңіз жануарларыҰсақ теңіз жануарлары, балық шабақтарыҚармалауыштарының көмегімен ұстап, аузы арқылы ішек қуысына түсіредіЖаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып сатылай комплексті талдау технлолгиясын пайланып түсіндіру. Ішекқуыстылардың қасиеттерімен, даму тармағымен таныстыру.
—  IIШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПI—  шекқуыстыларға тән қасиеттер:—         Iшекқуыстылар тек су жануарлары және көбiнесе теңiздерде тiршiлiк етедi. Олардың бiрi отырыңқы және субстратқа бекiнiп, басқалары еркiн жүзiп, кейбiреулерi паразиттi тiршiлiк етедi. Iшекқұуыстылар типiне 9000 жуық түр жатады.—         Оларға радиальдi немесе сәулелi симметрия тән (2,4,6,8 және одан да көп сәулелi симметрия).—         Екi қабатты көпклеткалы жануарлар: денелерi екi қабаттан тұрады – сыртқы (эктодерма) және iшкi (энтодерма). Екi қабаттың аралығында – мезоглея қуысы орналасқан.—         Эктодерма мен энтодерманың ұрық жапырақшалары көптеген клетка типiне дифференциацияланған және бұлшықет-эпителиальдi, нерв, асқорыту және жамылғы-эпительдi клетка түзедi.—         Тек Iшекқуыстыларда ғана арнайы атқыш клеткалары бар (қорғаныш және шабуыл функциялары).—         Iшекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуысқа сәйкес.—         Оральдi полюсiнде қоректi жұтып, қорытылмаған затты шығаратын ауызы болады.Газ алмасу диффузия, арқылы яғни бүкiл денесiмен жұту арқылы жүредi.—       Зәр шығару аппараты жоқ, метаболиз заттары сыртқы ортаға эктодерма арқылы шығады.Жүйке жүйесi, жүйке клеткаларынан тұратын тiзбектi көрсетедi (құрылымы диффузды).—       Бекiнiп тiршiлiк ететiн формалар жеке немесе колониялды болып келетiн полиптер келедi; еркiн жүзушi жеке iшекқуыстылар медузоидты форманы бейнелейдi.—         Колониялды гидроидтарының функционалды дифференциациясымен байланысқан полиморфизмi көрiнедi.—         Жыныссыз көбею сыртқы бүршiктену немесе стробиляция арқылы жүредi.—         Жынысты көбеюде зиготадан еркiн жүзушi дернәсiл паренхимула немесе планула пайда болады, және ол субстратқа бекiнiп полиптiң дамуына бастама бередi.—         Полипоидты ұрпақ жыныссыз, ал медузоидты – жынысты жолмен көбейедi.—         Көптеген түрдiң өмiрлiк циклiнде полипоидты және медузоидты кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырады (метагенез). Iшекқуыстылардың әр түрлерiнде өмiрлiк циклiнде медузоидты немесе полипоидты ұрпақтың редукциясы жүредi.
—         Iшекқуыстылар типi үш класспен көрсетiлген: Гидрозоидты, Суифоидты медузалар, Маржанды полиптер.Регенерация- зақымданған дененің қалпына келуіГермофродит- қосжыныстыОбелия- гидра тәріздес жәндікМедуза- пішіні қолшатыр дарақПланула- (латынша) жалпақ, кірпікшемен қапталған дернәсілСцифоид- “ Сцифос” табақшаПолип- отырықшы ішек қуыстыларРиф- қаңқалар үйіндісі     Атолл- шеңберлі жар тасIV.Жаңа сабақты бекіту.Ішекқуыстылардың бір тобының атыІшекқуыстылар денесінің сыртқы қабатыІшекқуыстылар денесінің ортанғы қабатыІшекқуыстылар дамуының бір орынға бекініп тіршілік ететін кезеңіІшекқуыстылардың тұщы суда кездесетін түріАғзаның жүйке жасушалары арқылы сыртқы ортаның әсеріне қайтаратын жауап реакциясыІшекқуыстылар денесінің ішкі қабатыІшекқуыстылардың теңізде бір затқа бекініп тіршілік ететін түріV.Қорытындылау. (Жұмбақ)
VI.Бағалау.VII. Үйге тапсырма беру. Үйге Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері оқу,мазмұндау және 177-беттегі сурет салу