§41 Ішек?уыстылар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні 7 сынып
Оқушылардың саны-10 Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы ОМ
№ 21 дәрісхана
Сабақтың атауы Тақырыбы: §41 Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сілтеме Слайдтар. Бейне фильмдер.Сабақ жоспары.
Жалпы мақсаты:
7 модуль идеяларын қолдана отырып, ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктер туралы білімді бірлесе отырып алу.
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3.Оқушылардың өз тобындағы оқушыларды бағалауға мүмкіндік жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Күтілетін нәтиже 1.Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктер туралы білімнің негізін қалау;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға ішекқуыстылар типі туралы мәлімет беру.
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Биология - 7 сыныпСабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары
Мұғалімнің іс-әрекеті уақыты Оқушының іс-әрекеті
Амандасу.
Сабаққа деген көңіл-күйлерін сұрау.
Сабақтың ережелерін қайталау.
Бағалау парақтарын тарату.
2 мин.
Амандасады.
Көңіл-күйлерін айтады.
Сабақ ережелерін қайталайды.
Бағалау парақтарын алады.
Үй тапсырмасын тексеру үшін тест және логикалық сұрақтарға жауап бер (интербелсенді тақтада сұрақ және жауаптар шығады). 4 мин Оқушылардың жауабы
Жаңа ақпарат алу үшін БББ стратегиясын қолдану.(әр оқушыға БББ кестесін таратып беру)20 минут
Алған білімді толықтыру үшін бейнефильм тамашалау -4 минут тамашалау және 4 минут талқылау
Музыкалық сергіту сәті. (денсаулық сақтау технологиясы бойынша, оқушыларды қажып кетуден қорғау) 1 мин Музыка әуенімен , интербелсенді тақтадағы жаттығуды барлық оқушылар бірге орындаулары қажет.
Шығармашылық жұмыс- 7 минут
Бағалау .Әр оқушы өзін бағалайды. 1 мин. Әр оқушы өзін бағалайды да , кестеге іледі.
Кері байланысты жүргізу. 1 мин Үйге тапсырма.
1 мин.
Үйге тапсырма алады.