Саба?ты? та?ырыбы: ?тірік ?ле?


Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлең
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өтірік өлеңді түсініп оқиды. Өтірік өлеңнің мазмұнын әңгімелейді. Мәнерлеу дағдысы қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік нәтиже: оқушылар өтірік өлеңді түсініп оқи алады. Өлеңді мәнерлеп оқып шумақтарын талдай алады, сыни тұрғыдан ойлай алады.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: шығармашылық тапсырмалар арқылы байланыстырып сөйлеу, ойын тиянақты жеткізу мүмкіндігін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: оқиғаға сын көзімен қарауға дағдылану. Айналадағы адамдардың әрекетіне баға беруге, өз бетімен жұмыс жасауға, өтірік айтпауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқу кітабы.
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, өз бетінше жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың көңіл – күйін сұрау. (бармақпен көрсету)
- Сабаққа дайындығымыз қалай? (3-рет шапалақ)
- Бүгін, біз, әдебиеттік оқу пәнін өтеміз, бүгінгі күнге барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Сыныпты топқа бөлу «Күз кереметтері» көкөністер арқылы топқа бөлу.
- Балалар, алдарыңдағы суреттерге қарап, оны жоғары көтеріндер. Осы суреттер туралы не айтасыңдар?
- Бұларды қалай атаймыз?
- Енді, балалар, топтың ортасындағы суретке қарап кімнің суреті сәйкес болса сол топқа жиналамыз.
Сынып «Қияр», «Қызанақ», «Сәбіз» болып үш топқа бөлінеді.
Мағынаны тану.
- Олай болса, бүгін біз өтірік өлеңді оқуды жалғастырамыз.
Оқулықпен жұмыс:
- мұғалімнің оқуы
- оқушылардың тізбектей оқуы
Мазмұнын ұғынуға сұрақ- жауап:
Неліктен өтірік өлең деп ойлайсындар?
Осы өтірік өлеңді қай жерде кездестіруге болады?
Сергіту сәті. Жел соқты гу- гу,
Жаңбыр жауды тырс –тырс.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
Дәптермен жұмыс. «Менің өтірігім» өлең жазу
Ойтолғау.
«Балдырған журналынан» өтірік өлеңдер оқу.
- Өтірік өлеңді жатқа білетін оқушы бар ма? (1-2 оқушыдан сұрау)
Әр топ өз ойларынан сахналық қойылым көрсету.
Қорыту.
- Бүгінгі сабақта не туралы әңгімелесті?
- Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу