Биологияда студенттерге дидактикалы? материалдарды ме?гертуде а?паратты? технология ??ралдарын пайдалану
Биологияда студенттерге дидактикалық материалдарды меңгертуде ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Биология пәнінің оқытушысы, Таттибаева Жанар Бирликовна
Тараз қаласы, Тараз «Болашақ» колледжі
Биология сабағында студенттерге дидактикалық материалдарды меңгертуде қашықтықтан оқыту құралдарының маңызы зор. Сабақты қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер);
гипермәтiндiк орта (WWW-сервер);
Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi);
видеоконференциялар.
Биология сабағын оқытуды жетлдіруде компьютерлік технологияны оқытушы қосымша материалдар ретінде де, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар берудің көрнекі құралы ретінде де пайдалана алады. Мәліметтер оқытылып жатқан пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты әр қилы формада болады. Компьютер биологиямен байланысты басқа жаратылыстану пәндерінде түрлі оқу есептерін шешуде, есептеу операцияларын орындауда, оқу тәжірибелерінің нәтижелерін сараптауда, физикалық, биологиялық және басқа да процестер мен құбылыстардың математикалық үлгілерін құру мен интерпретациялауда да қолданылады. Мұндай компьютерлік оқыту бағдарламаларын тұрақты пайдалану – биология сабағында студентке мазмұнды (ғылыми) ақпарат беріп қана қоймай, осы ақпараттың психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын игеруге мүмкіндік беріп, оқыту процесін дараландырады және студенттің субьектілік дербестігі мен белсенділігін арттырады.
Биология сабағында жаңа технологиялар негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде білім беру тәсілдерін (электронды оқулық, бейнесабақ, тестілеуші бағдарламалар, электронды зертханалық жұмыстар және т.б.), білім саласын басқаруды автоматтандыруды атауға болады. ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады:
интерактивтік (өте белсенді) сұхбат (диалог) – ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырады. Бұл арада сұхбат текстік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады (мысалы, сұрақтарды «керекті» сөздерді қолдану еркін түрде бере беруге болады);
нақты объектілерді басқару;
экранда көрініс тапқан түрлі биологиялық объектілердің, құбылыстардың, процестердің үлгілерін басқару;
оқу процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау (өзіндік бақылау) жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.
Жоғарыда атап өтілген білім беру қызметінің түрлері, біріншіден, студенттердің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға мүмкіндік береді; екіншіден, студенттерге эстетикалық тәрбие беруді жоғары дәрежеге көтеруге; үшіншіден, қазіргі адамдар үшін өте қажетті тиімді шешімдер қабылдай білу сияқты коммуникативтік қабілеттерді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.
Биология сабағындағы бағдарламалық құралдар мазмұнының ғылымилығы – сол бағдарлама құралдарының тікелей көмегі арқылы нақты ғылыми мәліметтер алуды көздейтіндігімен сипатталады. Мұндай жағдайда үлгілер жасау мүмкіндігі, зерттелетін биологиялық объектілерді, құбылыстарды, процестерді. иммитациялау – зерттелетін процестердің заңдылықтарын өз беттерімен аша білуді көрсететін ғылыми жұмыстардың өтуін қамтамасыз етуге дәнекер бола алады.
Бейімдеушілік болса мүмкіндігінше студенттердің әрқайсысымен жеке жұмыс істей білуді, ұсынылған оқу материалын қабылдаудағы студенттердің субьектілік қабілеттерін үнемі ескеріп отыруды қажет етеді.
Биологиялық білім беру жүйесін ақпараттандыруда электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез-келген саласында «электрондық оқулықтарды» пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Биология ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, студентке биологияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтар мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру оқытушынен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді. Жаңа ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап даму жолына жол ашылып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.
Биология сабағындағы электрондық оқулықпен оқытудағы жетістіктер:
биологиялық таным белсенділігінің деңгейін арттыру;
білімді актуалдандыру, компьютерді меңгерту;
пәнге қызығушылығын арттыру;
аналитикалық ой мен дағды деңгейін арттыру;
өз ойын шығармашылық тұрғыда компьютермен жеткізу.
Бұл жағдайда студенттердің пәрменділігі артып, олардың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Электрондық оқулықпен жұмыс істеудің интеллектуалдық ерекшеліктері:
танымдық қызығушылық, оқу мотивациясының дамуы;
ақпараттық эрудиция, қабілеттілік;
диалектикалық дүниетаным, ақыл-ой еңбегінің қарқындылығы, адамгершілік рефлексиясының, өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі;
шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту.
Интеллектуалдық-логикалық дағды:
салыстыру, анализдеу;
қажетті ақпаратты тез таба білу;
практикалық кері байланысты қамтамасыз ету;
жағдайды, оқиғаны сипаттау, анықтама беру.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабақта пайдалануды – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі колледжде биология сабақтарында компьютерлік технология мен мультимедианы енгізу болып табылады. Бұл процесс жақында ғана басталса да, оның таралу жылдамдығы өте жоғары.
Биология пәнінде дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық технологияларды қолдану студенттің танымдық және өзіндік дербес белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін даралауға және тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Оқыту процесін басқару құралы ретінде дербес компьютер оқыту мақсатын анықтауды жеке тұлғалық ерекшеліктерін есептеуді; сараптау мен қадағалау негізінде тұлға дамуының кезеңінде білім беру сапасын объективті бағалауды; жекелеген ерекшеліктерін есептеуді; сараптау мен қадағалау негізінде тұлға дамуының кезеңінде білім беру сапасын объективті бағалауды; жекелеген ерекшеліктерін ескере отырып оқу процесін басқаруды; жеке даму бағдарламаларын құрастыру және қажеттілік туындағанда түзетуді; жеделдігі мен оның сапасын арттыратын басқару мен бақылау процесінің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ.
Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі «Информатика негіздері » 2008 ж.-№ 4.
Смирнов В.А. Пути использования персонального компьютера // Биология в школе. 1995. №6.
Биология қазақстан мектебінде № 2(32) – 2010