Химия, биология, география саба?ында этнопедагогикалы? технологияны ?олдана отырып,студенттерді? ??зыреттілігін дамыту


Г.А.Қасен
Бірінші санатты химия,биология,география пәндерінің мұғалімі .
Еуразия гуманитарлык институтының колледжі.

Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Химия, биология, география сабағында этнопедагогикалық технологияны қолдана отырып,студенттердің құзыреттілігін дамыту.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты мен міндеті: Химия,биология,география сабақтарында этнопедагогикалық технологияны қолдана отырып, сапалы білім беру, ұлттық құндылықтарды студенттердің бойына сіңіру, ұлттық ойындарды,дәстүрлерді қолдана отырып, студенттердің өз ойын еркін жеткізе білуге сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, ой- өрісін дамыту.
Зерттеудің өзектілігі:
Ел басымыз Н.Назарбаев: «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе — білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», — деп бүгінгі маман қандай болуы керек соған орынды тоқталды.Расында да бүгінде еңбек рыногы талапты білімге емес, маманның құзіреттілігіне қоятындықтан кәсіби білім беру стандарттары да құзіреттілік тілінде қалыптастырылуда. Құзіреттіліктің білім мен ғылым саласына енгізілуі маманнан теориялық білім қорын, оны қолдану біліктілігімен қоса көптеген зерттеу міндеттерін шешуді талап етеді. Құзіретті бағыт маманның білім мен іскерлікті меңгеруін ғана емес, оларды кешенді түрде қолдануын мегзейді. Сондықтан бүгінде болашақ педагогтың бойында кәсіби құзіреттіліктің барлық түрлерінің нышандары, алғы шарттары қалыптасуы қажет.
Қазіргі таңда білім беру мекемелері мен педагогикалық ұжым алдында білім берудің жаңа формасы,мақсаты мен мазмұны,оны орындаудың әдіс-тәсілдері деген жаңаша көзқарастар қалыптасқан.
Өйткені Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы негізгі міндеттердің бірі баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға басты назар аудару және әлемдік білім беру деңгейіне ену деп көрсетілген.
Мұғалімнің негізгі іс-әрекеті оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау және шығармашылықпен айналысатын ортаны қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілетін ояту.Оқыту-оқу материалының белгілі бір мазмұнын меңгеру және танымдық әрекет мақсатында жүретін білімалушы мен оқытушының арасындағы өзара қарым-қатынас екені айдан анық.Оқыту үрдісінің ғылыми негізі мұғалімнің өз жұмысын жоспарлай білгеніне ғана байланысты емес,сонымен бірге ол оқушының іс-әрекетін де ұйымдастыра білуінде. Атақты педагог В.А.Сухомлинский "Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады",-деп бекер айтпаса керек.Білімалушының қызығуы,ынтасы,қиялы мен қабылдауы сияқты танымдык қабілеттерін дамыту,икемділіктерін қалыптастыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді,сонымен қатар жаңа технология элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мұғалім сабақтың құрылымын жоспарлағанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Себебі 15-16-дағы жасөспірімдердің көңіл-күйлері аумалы-төкпелі болғандыктан,сабакка деген зейіндерін шоғырландырып, назар аударуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді пайдалану кажет.
Мен өз пәнімдегі негізгі мақсатым этнопедагогикалық технологияны қолдана отырып,студенттердің құзыреттілігін дамыту. Әр сабағымда тақырыптарға байланысты ұлттық ойындар,нақыл сөздер,аңыз әңгімелер,мақал-мәтелдерді ,жұмбақтар,тиым сөздер, қазақ ырымдарын қолдана отырып ,елжандылыққа, қазақ халқының тарихы мен тіліне деген сүйіспеншілік, ұлттық мәдени құндылықтарды ұмытпауға,тиым сөздерді есте сақтауға үйрету.
Негізі қазіргі таңда мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші,ал білім алушы сол тақырыпты ашатын,өз ойын еркін жеткізе білетін тұлға болып табылады. Жалпы мұғалім мен студент арасындағы іс-әрекетінің жүйесін,яғни білім алушы мен оқытушы арасындағы қатынасты,алған білімдерін талдай білу, біліктіліктерін жетілдіру. Өз сабағымда этнопедагогикалық технологияны қолдана отырып,ауызша сабақтарда өте тиімділігін, ұлттық ойындарды, ұлттық дәстүрлерді ұлттық құндылықтарды студенттердің бойына сіңіріп, студенттердің өз ойын еркін жеткізе білетін, сонымен қатар білімалушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, қабілеттілігін, ойлау қабілетін, ой- өрісінің дамытуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Құзіреттіліктің білім мен ғылым саласына енгізілуі маманнан теориялық білім қорын, оны қолдану біліктілігімен қоса көптеген зерттеу міндеттерін шешуді талап етеді. Құзіретті бағыт маманның білім мен іскерлікті меңгеруін ғана емес, оларды кешенді түрде қолдануын мегзейді. Сондықтан бүгінде болашақ педагогтың бойында кәсіби құзіреттіліктің барлық түрлерінің нышандары, алғы шарттары қалыптасуы қажет.Этнопедагогикалық құзіреттілік дегеніміз — тұрмыс тіршіліктегі, мәдениет пен ғылымдағы құндылықтарды, қоғамның және өз елінің мәдени дамуының тарихын меңгергендікті айғақтайтын әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы компетенциядан; дәстүр, салт, этикет туралы білім және оларды сақтаудан тұратын адаммен әлеуметтік сфераның әлеуметтік әрекеттесуіне қатысты компетенция. Этнопедагогикалық түсініктер мен фактілерді жан-жақты меңгерген, халықтың көптеген ғасырлар бойы жинақтаған тарихи-мәдени құндылығын тасымалдауға теориялық және практикалық дайын, этнопедагогикалық және қазіргі педагогикалық теориядағы көзқарастарды біріктіре отырып оқушыларды тәрбиелеу, білім бере және дамыта алатын педагог этнопедагогикалық құзіретті маман. Этнопедагогикалық құзіретті болашақ педагог этнопедагогикалық білімнің қажеттілігін педагогикалық әрекетті ұйымдастыру үшін, оқушылардың бойында ұлттық қасиеттерді қалыптастыру үшін сезінген адам, ұлттық құндылықтың мәнін толықтай түйсінген адам. Болашақ маманның этнопедагогикалық құзіреттілігі: ұлттық тәрбие, ұлттық әдебиет, ұлттық салт-дәстүрлер, жазу мәдениетіндегі этнопедагогикалық ойлар, ұлттық болмыс, дін, тіл, ұлттық мәдениет және өнер, ұлттық дүниетаным, ұлттық ойындар және т.б. арқылы қалыптасады. Бұл, бүгінгі болашақ педагогтың өзінің педагогикалық іс- әрекеттерінде этностың материалдық және рухани өмірінде көрініс тапқан халықтың тәрбие туралы көзқарастарын, этнопедагогиканы, этникалық қоғамды зерттейтін педагогиканы, жалпы мәдени тәрбиенің бір бөлігін құрайтын дәстүрлі педагогикалық мәдениетті тірек етуде мүмкіндіктері мол деген түсінік береді. Олай болса, қазіргі жаңа қоғамды жаһандандыру жағдайында болашақ педагогтың этнопедагогикалық құзіреттілігінің әлеуметтік-педагогикалық мәні өте жоғары мәселе.
Қолданылған әдебиеттер:
1. С.Кенжахметов «Жеті қазына» 1 кітап
2. «Ұрпаққа аманат» Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Зерде»тілдерді дамыту инновациялық орталығы.
3. «География» журналы. Қазақстан мектебінде №1 2010ж.
4. С.Мұқанов «Халық мұрасы» Алматы 1974ж
Астана қаласы білім басқармасы
«Еуразия гуманитарлық институтының коледжі» мекемесі
Баяндаманың тақырыбы:
Химия, биология, география сабағында этнопедагогикалық технологияны қолдана отырып,студенттердің құзыреттілігін дамыту.
Қасен Г.А.
Химия,биология,география пәндер мұғалімі бірінші санат
Астана қаласы